"Жұлдыз" жауған

Кеше жазам деп едім, бүгін қайталауын көріп, ойларымды бекітіп алып жазуды жөн көрдім.

«Екі жұлдызды» үзбей көріп жүрмін деп айта алмаймын, көруге тырысамын. Кейде жақсы номерлер болады, жалпы ұнайтын тұстары көп. Бірақ кеше болғандай қырғын менің есімде жоқ.
Қазылар дүлдұлдерге «ноль» қойып жатыр!!!
Қазылардың қатысушыларға қоятын талаптары мен қатысушылардың шоуға қоятын талаптары бір жерден шықпауының салдары осындай жаңа шоуға ұласып жатыр.
Бүгінгі жюриде отырған кәсіби әншілер өздерінің кәсіби әншілер байқауына емес, ауыл арасының демалыс күнгі шоуында «төрелік» жасап отырғанын естен шығарғандай.
Ал әншілер шоудың да шоуы бар, Шакираның әнін қалай айтсаң да өзің білесің, ол естір естімесі екіталай, ал қазақтың халық әндерін дұрыс айтуы керек екенін білмей жатқандай.
«Назқоңырдың» эталоны Қайрат Түнтековтің ыңырсыған «орындауы», ал «Балқадишаның» эталоны «Жігіттердің» айтуы болып кеткені қынжылтады. Екеуі де бірі әннің әуенін, екіншісі сөзін, мазмұнын бұрмалаған қате трактовка. Неге «Екі жұлдыздар» сол соңғы орындауларды негізге алған?
Осы ретте, сахнаға Индира мен Мұрат шыққан кезде, "қап, қазір Кешю құсап ыңырситын шығар мыналар да" деп ойлап едім… Жоқ! "Әдемі қыз" қалай айтылуы керек, солай айтылды! Баян Есентаеваның қыздары өздерінің «фирменный» әнін танымай қалатын шығар… Ал олардың қойған көріністері (кімге қалай, өзіме) Матхури Дикшиттің «ААдже начле» фильміндегі «Ләйлі Мәжнүнге» қойған көрінісіне ұқсайды екен))).
жалпы, осы Индира мен Мұрат осы санның сәнін келтірді және лайықты, бәрінен жоғары бағаларын алды. Өзгелерінің бәрі осылай айтса, шоу шоу емес, нағыз мәнді де мағыналы халық әндерінің концертіне ұласар еді!
Бөлісу:

32 пікір

satibaldi
Мұнымен автор не дегісі келген?
dark_nazgul
дерімді деп қойғам))
saken
кеше әділқазыларға өте риза болдым.
Қашанғы 10 балл бере беруге болады. Осылай 0 деген бағада қойып шоуды ШОУ қылу керек қой.

Бірақ әттеген-айлары да бар әлі. Әсіресе досым, құрдасым, құда-жекжатым деген әңгімені қою керек қой конкурс болған соң.
araika
Мен көрмеуші едім, кеше бір «бәленің» боларын сезгенмін-ау, бастан-аяқ қарадым. Әділқазылар алқасына рахмет, ақты ақ, қараны қара етіп көрсете алғаны үшін!

0 балды алған Дәрібаевтарда қателік көзге ұрып тұрды. Сонымен қатар, «Балқадиша»-ны қазіргі заманға лайықтаудың қажеті жоқ сияқты, түсінетін адам былайда түсінеді, керек болса тарихты ақтарар.(Образ жөнінде) Бірақ, әлгі биші сол образға енуі арқылы көрерменге не үйретіп, нені ұғындыра алды екен?
saken
0 балды алған Дәрібаевтарда қателік көзге ұрып тұрды.
Ордабаев деп оқиық
araika
Танымағандықтан, шатастым. Түзетуіңізге рахмет!
satibaldi
Матхури Дикшиттің «ААдже начле»
Түпнұсқа тілінде көрдің бе киноны?
dark_nazgul
субтитрмен
satibaldi
«ААдже начле»
Анаграмма-пентаграмма ма, әлде тамил-урду тілінен аударғанда "Ұсқынсыз махаббат" деген сияқты бірдеңені білдіре ме, balzaminka -сстың.
dark_nazgul
Аудармашыларға сенсең, «билейікші, а?» дегенді білдіреді екен, асқабағыңдыссссс
balzaminka
анықтама беріп кетсем ешкім ренжімес деп ойлайм да, тамиль мен урду екі бөлек тіл дейді тамильдер. Тамиль ежелгі санскриттен шыққан-мыс, ал урду арабтарға жақын ғо дим
satibaldi
Маған түсініксіз тілдердің бәрі бір қой сияқты.
balzaminka
қазақ тіліне деген құрметіңізге рахмет, Сатеке!
Onlasyn
Иә, шынымен де қазылар таң қалдырды кеше. Ринатты обал болды, Рамазан қатты кетті-ау дейм.
dark_nazgul
Маған кеше Қайраттар мен Ринаттар шын ұнамады… болат пен Гауһар да…
Onlasyn
Болатты жасына қарап көтере ма дейм. Осы уақытқа дейін Қайраттың дұрыс айтқанын көрмедім. Қазылардың барлығы Айбөпені мақтап келді.
saken
Болатты жасына қарап көтере ма дейм.
иә. Әрі кешеден бастап оның Ұлықпан екеуінің құрдас екенін білдік.
Zere
Айжан Нұрмағанбетова мен Еркін Мәулен шығып кеткен ба? Маған солардың жұбы ұнаушы еді. Кеше шынымен жюри айтып-айтып тастады. Сондай тәуелсіз әділқазы керек деп ойлаймын. Өтірік 10 қоя беретіндер шаршатты.
dark_nazgul
иә. жоқ қой олар. Мен Еркін дегенді бұрын білмейді екем, бірақ қазақша күшті сөйлейді екен.
Zere
Мен Еркінді кп концерттерде өзімен-өзі шығып жүретіндерден байқап жүрдім. Телевизорға түсіп қалудан тайынбай жүрген. Кейін ақша жинап-жинап клип түсірді-ау деймін. Очм, өз күшімен шыққан әнші. Және жаңашылдыққа құмар. Сол үшін сыйлаймын.
dark_nazgul
Жазираның жап жақсы даусы бар, кеше неге а-ля Жанар Айжанова болып қалғанын ұқпадым…
Zere
Мен кеше жартылай «Жұлдыздар фабрикасын» қарадым. Соны көретін ба едіңдер? Сол туралы пост жазсам деп жүр едім.
dark_nazgul
бір номерін көргем, Алла пугачеваның әнін бір қыз бен жігіт бірге айтқанын. фуууууу
araika
Мен ара-тұра қарап жүретінмін, 1 ғана нәрсеге бола: конкурсанттардың ішінен Роза Рымбаеваның ұлы Алиді байқап қалдым да, мұндай байқауға қатысуының сырын білгім келді.
Пост жазшы, қалған ойымды сонда айтайын
satibaldi
Құсадан өлейін деген екенсің енді болмағанда. Жаз, әй!
araika
Байқампаздықтың шектен тыс түрі
AKA
Апта сайын көремін дей алмаймын, бірақ кешегісін көріп, қынжылдым… Әсіресе, «Балқадиша» әніне сахналық бейне көрсетпек болған әртіс қыз түк ұнамайды, оның үстіне осы әнге би дайындау үшін күндіз — түні әнді тыңдап, Балқадишаның образын жасапты-мыс. Одан қалды, «Ордабаевтар отбасы», ел аузындағы әнді, тіпті былдырлаған кішкентай бүлдіршін де жаттап алатын "Қара жорға" әнінің сөзін жаттамапты. Әділ — қазыларға да көңілі толмай, қарсы сөз айтты.
izbasar
Негізі кеше Рамазан бастаған әділ қазылар қазақтың әнін дұрыс айта алмаған ж.қ. біраз сойып тастады.
KILYZAMAN
Иә, Рамазандай мақтамен бауыздаушылар керек ақ…