Бірінші жарыс. Бірінші орын.
Әлқисса, кешегі жазған жарысқа барып қайттық. Дайындықтарға өзім апарып жүрмеген соң, мәліметім аз болды да, жай ғана бір аудандық немесе қалалық деңгейдегі жарыс шығар деп ойлағанмын ғой. Сөйтсем, қателесіппін: жарыс кішігірім болғанымен, тек Алматы ғана емес, Тараздан, Ташкенттен де командалар келіпті. Қызыл, сары, жасыл, көк белбеулермен жүрген балаларды көріп, кәдімгідей тартыншақтап қалады екенсің. Бірақ, Құдай оңдағанда, Әли жалғыз қарсыласпен шығатын болды. Онда да өзімен жасты клубтасымен. Жарыстың ең кішкентай қатысушылары солар болды. Содан көңіліміз біраз тыныш жүрді… спаррингке шығар кезге дейін.
Жарыс екі бөліктен тұрды: камса және спарринг (кәрісшесін білмедім). Камса дегеніміз — каратэдегі ката сияқты, опшым, алдын ала жатталған техника көрсету. Спаррингті түсіндіру керек емес шығар(төбелес қо кәдімгі)
Алдымен камса бойынша байқау болған. Бірақ Әли одан бірден шығып қалды. Сосын спаррингке дайындалдық. Шыны керек, Әлидің қарсыласының дайындығын көріп, біраз күмәнданып қалдым. Растяжкісі мықты екен ол жігіттің (аты — Абылай). Бірақ күмәнім бекер болып шықты. Спаррингтен Әли бірінші орын алды сөйтіп. Алтын алғаны үшін емес, бірінші жарыстағы бірінші жекпе-жегін жеңгені үшін қуандым, расын айтсам. Өйткені қалай болғанда да жүлдесіз қалмайтыны алдын ала белгілі болды да маған.
Сонымен, ары қарай суреттер, сосын видео сөйлесін
Жарыс ресми түрде осылай аталады екен:
Жалпы жарыстың алдында:
Ал енді мынау — спаррингтің алдында:
Қанша жерден спортшы болса да, баланың аты — бала. Телефонмен ойынды соғып отыр
Төрешілер кеңесіп жатыр.
Жарыстан көріністер:
Түгендеу
Камса
Спарринг
Суреттер арзан фотоаппаратпен түсірілгендіктен, сапасы үшін жік-жапар болып кешірім сұраймын.
Жарысқа қатысушылар
Гимн шырқалу үстінде. Жарысқа қатысушылардың ішінде Вокспопули.кз сайтының жұлдызы — қара батыр Жанали Әбсеметов (сары белбеу таққан қара бала) те бар. Сол залдан мамасын көріп, оны қайдан көргенімді есіме түре алмай қалдым басында. Әйтеуір түрі таныс. Баласын көрген соң барып есіме түсті
Жарыс туралы аз-мұз мәлімет — осы. Залдағы жарық табиғи болмаған соң, сабын фотоаппаратпен дұрыстап түсіре де алмайды екенсің. Сол үшін суреттер аз болып қалды. Енді тақырыптың тұздығын атап өтсем деймін.
Ляховша айтқанда, «блин с красной икрой» («с черной икрой» сосын болады) — марапаттау рәсімінен кейін:
Жеңімпаздар
Алтын да, күміс те — «Тарлан» клубында
Осылай алғашқы жеңістің дәмін татып жатырмыз
Ал енді — «блин с черной икрой»! Алтын медальдің қалай келгенін өз көздеріңізбен көргендеріңіз дұрыс шығар деп, видеосын түсіріп алған едім
Балаларымыздың дені сау болсын! Барлықтарыңыздың үйлеріңізде осындай чемпиондар болуын тілеймін
Жарыс екі бөліктен тұрды: камса және спарринг (кәрісшесін білмедім). Камса дегеніміз — каратэдегі ката сияқты, опшым, алдын ала жатталған техника көрсету. Спаррингті түсіндіру керек емес шығар
Алдымен камса бойынша байқау болған. Бірақ Әли одан бірден шығып қалды. Сосын спаррингке дайындалдық. Шыны керек, Әлидің қарсыласының дайындығын көріп, біраз күмәнданып қалдым. Растяжкісі мықты екен ол жігіттің (аты — Абылай). Бірақ күмәнім бекер болып шықты. Спаррингтен Әли бірінші орын алды сөйтіп. Алтын алғаны үшін емес, бірінші жарыстағы бірінші жекпе-жегін жеңгені үшін қуандым, расын айтсам. Өйткені қалай болғанда да жүлдесіз қалмайтыны алдын ала белгілі болды да маған.
Сонымен, ары қарай суреттер, сосын видео сөйлесін
Жарыс ресми түрде осылай аталады екен:
Жалпы жарыстың алдында:
Ал енді мынау — спаррингтің алдында:
Қанша жерден спортшы болса да, баланың аты — бала. Телефонмен ойынды соғып отыр
Төрешілер кеңесіп жатыр.
Жарыстан көріністер:
Түгендеу
Камса
Спарринг
Суреттер арзан фотоаппаратпен түсірілгендіктен, сапасы үшін жік-жапар болып кешірім сұраймын.
Жарысқа қатысушылар
Гимн шырқалу үстінде. Жарысқа қатысушылардың ішінде Вокспопули.кз сайтының жұлдызы — қара батыр Жанали Әбсеметов (сары белбеу таққан қара бала) те бар. Сол залдан мамасын көріп, оны қайдан көргенімді есіме түре алмай қалдым басында. Әйтеуір түрі таныс. Баласын көрген соң барып есіме түсті
Жарыс туралы аз-мұз мәлімет — осы. Залдағы жарық табиғи болмаған соң, сабын фотоаппаратпен дұрыстап түсіре де алмайды екенсің. Сол үшін суреттер аз болып қалды. Енді тақырыптың тұздығын атап өтсем деймін.
Ляховша айтқанда, «блин с красной икрой» («с черной икрой» сосын болады) — марапаттау рәсімінен кейін:
Жеңімпаздар
Алтын да, күміс те — «Тарлан» клубында
Осылай алғашқы жеңістің дәмін татып жатырмыз
Ал енді — «блин с черной икрой»! Алтын медальдің қалай келгенін өз көздеріңізбен көргендеріңіз дұрыс шығар деп, видеосын түсіріп алған едім
Балаларымыздың дені сау болсын! Барлықтарыңыздың үйлеріңізде осындай чемпиондар болуын тілеймін
Құтты болсын.
"Қара батыр" туралы материалды қарағаннан кейін, баламды сол жаттықтырушыға бермек болып, со баоаның мамасына хабарласып, қай клубқа апаратынын біліп алғым келіп жүр еді. Суретке қарасам, сіздің баламен бір клубта сияқты. Енді қасымда отырсыз ғой: қай жерде және баланы қазір апаруға бола ма?
Біздің барып жүргеніміз Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан. Жаттықтырушымыз — Дидар деген жас жігіт (қара белбеу, бірінші дан иесі ғой деймін. Одан да жоғары даны болуы мүмкін). Соған қарамастан, дайындаған балалары медальдарды топырлатып алып кетті. Жаттықтырушының есебінде — кемінде бір алтын, бір күміс, үш қола бар (тағы бір балалар медаль алған, бірақ қандай медаль екені есімде жоқ).
Тәп-тәтті балақайлардан сол .
А жоқ, сізге келеді екен
Тренерлері қара жемпірдегі кісі ме? Жас екен, олимпиада чемпиондарын өсіріп шығарады деп үміттенем, сіздің ұлды да
Әр керекшінің үйінде осындай чемпион болсын!!! Чемпионның қалай шынығатынын көрсеткен Омарбратқа АРБ!
«Алға, Әли!!! Аяқпен теп, аяқпен! Вот, солай! Маладец!!!» Әкенің балаға деген махаббатын көріп, жүрегің елжірейді екен!
Төрешілер кілең жас жігіттер екенJenimpazdar suretindegi bapker simpotnyi eken )))
Жеңіс құтты болсын, әрі қарай жалғастыруына жақсы мотивация болған екен. Жалпы ұлыңда жақсы қасиет бар екен, ел не десе о десін саспайтын Көз тимесін
балаңыздың түрі тәтті, бірдеме шығатын балақай ғо
қазір видеоны басқа комптан көріп келейін
Видео түсіріп жатқанда біраз айқайлап алдық Жарыс таэквондодан болғасын, кішкене ырымын жасап, тебістер көрсетсе деген ой болған еді. Қолдарына бокс қолғабын кигізгенге, балалар бокстасу керек екен деп ойлап қалған болса керек. Не болса да, боксшыларымен танымал Тараз (жалпы Жамбыл облысы) жақтың жиені екенін әбден көрсетіп қалды