Жарыс алдындағы ұзақ күн

Таэквондоға барып жүргенімізге екі-ақ ай болғанына қарамастан, ертең, бұйырса, алғашқы жарысқа қатыспақшымыз. Қатыспай қалуымыз да ғажап емес, бірақ керек-жарақтарын алдырғанына қарағанда қатысатын сияқтымыз. Содан тықыршып отырмыз, жұмыс күні қашан бітер екен деп. Өзім қатысатындай болып кеттім, құрысын  Әзірге мынаны қарай тұрыңдар:
Бөлісу:

35 пікір

monti
кідәй, ұлыңызды беріп жүрс па? жеңіс тілеймін, бірақ қорқынышты спорт түр ғо, былтр, Оқушылар сарайына Эпольданы апарғанбыз, көп бармады, 1,5 ай ғана ғой деймін, өзі де особа серез қабылдаған жоқ, менде қаламадым, бастысы білім және интелектуальды спорт түрі
omarbirat
Рақмет. Балабақшаға бере алмағасын, тапқан альтернативамыз ғой  Әйтеуір бокс пен күреске қарағанда ауыр спорт түрі емес, соны білемін. Оның үстіне таэквондода спортпен бірге дисциплина үйретеді дегендей.
asaubota
алдавай сәттілік Әлишка!
dark_nazgul
әманда тауы шағылмасын)
a63a1
Балаңның бармақтай бағы ашылып, сол бақты басып тұрар жұдырығында 10 кг салмақ тілеймін!
omarbirat
Көп рақмет! Психологиялық дайындық жасап жатырмыз әзірге, қаншалықты іске асарын. Кеше ұзақ дайындық болды. Ағайларының сөзіне сенсек, жүлдесіз қайтпайды дейді. Бізге бастысы қатысу ғана ғой
madlen
Алғашқы жарыстарда қорқынышты болғанымен, кейін үйреніп кетеді. Менің танысым да баласын беріп жүрді. Алғашқы жарыстадан баласы жылап келетін. Кейін уже еті үйреніп, толған көрермендерден де жасқанбайтын болды. Қазір де көп жарыстарға барады, жүлдесіз қайтқан емес. Медальдарымен суретке түскенді жақсы көреді. Сәттілік тілеймін!
omarbirat
Рақмет.
omarbirat
Азар болса бір таяқ жеп қайтармыз
serjan
Неше жаста балаң?
omarbirat
Төртте.
meirzhan
4 жасар балалар аралығында бола ма нее
omarbirat
Білмедім енді. Ағайлары айтты
meirzhan
Сәттілік! накладкалармен болса ештеңе етпейді
omarbirat
Толық киіндіргенде пингвиндер сияқты болып қалады екен. Итерсең жығылып қалады. Аяғын көтере алса болды әйтеуір
Abilakim
негізі «Жарылыс алдындағы ұзақ күн» деп оқып кіріппін басында
omarbirat
"Ұрыс" деп жазбақшы болғам. Артынан ойландым, қайдағы ұрыс деп.
Aldeken
негізі «Жарылыс алдындағы ұзақ күн» деп оқып кіріппін басында

сен әлі сауыға алмай жүрсің бе?
ErNur
О оо… Омеке сәттілік тілейм жігітке!
meirzhan
Видео прикол екен. Мультик ойыншықтар сияқты Телепузик пе бірдеңе.
TERISKEY
Ал, балақанға сәттілік тілеймін, бүгін әке-шешесін, ертең ел-жұртын қуантсын!!!
KILYZAMAN
Өзім қатысатындай болып кеттім
— ол енді түсінікті...
omarbirat
Үлкен рақмет тілектеріңе! Балаларыңды спортқа беріңдер
VKM
Сәттілік тілеймін.Кішкене балапашкаға.
Дұрыс спортқа берген, жеңіске ұмтылыс пайда болады. Бірақ жеңістер де, жеңілістер де алда ғой…
Мен де 5 жасымнан жарыстарда жүрдім.Жеңілсем жыламайтынмын, сіресіп… эххх… білсеңіздер ғой,қалай менің билегім келетінін сағынамын сол кездерді)
AKA
Ұлыңыздың жеңісті сәттері көп болғай, отбасын қуантып жүре берсін!
Erkekyz
Сәтілік! Жақсы хабар күтеміз.
bazuka
Дұрыс шешім жасағансыз. Сәттілік тілеймін ұлыңызға!
huanysh
Eng bastysy shabuyldy ozy bastamasyn,
karsylasy shabuyl bastaganyn kutyp alysyn.
zhakyndaganda belden zhogary tepse boldy.
5-6 zhyl tazhyribeden bolysyp aitkanym.
Zere
Видеодағы балалар сондай күшті )) Жеңіс тілеймін!!!
saken
2024-жылғы Олимпиада ойындарының Чемпионы болсын!
konvict
Жеңіс тілеймін! Ал, Омарбырат, балаңның медаліне беретін көрімдігіңді дайындай бер
omarbirat
Көрімдікті мен сұраймын ба десем
omarbirat
Көп рақмет, амиголар! Сендердің тілектерің қабыл болғанға ұқсайды, әсіресе Абзалдың жұдырық туралы тілегі