Кім қазақша жақсы сөйлейді?!
Спорт саласына қызыққаннан кейін, ел абыройын арқалап, намысымызды қорғап жүрген бірнеше спортшымен тілдесудің орайы келді. Расы керек, қазір қазақ тілі орыс тілін ығыстыра алмай отыр ғой. Оның ішінде, спортта жүрген қыз жігіттердің біразы ресми тілде әңгіме тиегін ағытатыны мен үшін таңсық емес. Қоңырау шалып, сұхбатқа келіспек болғанда, қазақша сәлемдессе, марқайып қалатыным бар. Бапкерлер де, басқалары да өзге ұлттың өкілінен саналатын ел футболындағы маңдайалды ойыншылар ішінде Қайрат Нұрдәулетов, Азат Нұрғалиев, Ұлан Қонысбаев, Нұрбол Жұмасқалиевтерге ырзамын. Қазір қазақша сөйлегендерді көрсек, атамыз тіріліп келгендей қуанатын заман ғой. Әсіресе, Қайрат Нұрдәулетовты бөліп-жарып айтқым келеді.Тіпті, ауызекі тілді қолданылып кететін «вообще», «типа», «тренеровка» деген сөздерді қосып жібергені үшін қайта қайта кешірім өтінгенінің өзі оның туған тіліне жанашыр екенін байқатты. Онымен қоймай,"қазақша сұхбат аламыз дейтін журналистер сирек хабарласады. мейілінше, жиі соғып тұрыңыздар" деген тілек білдірген еді. Ал, Самат Сымақов, менің сүйікті «Ақтөбемнің» капитаны қазақшаға шорқақтау. Ол рас. Ал, қалыптасып қалған дағдымен, Абзал Рақымғалиевке орысша шүлдірлей бастағанымда, оның қазақша жауап бергені бар. Сонымен қатар, үнемі орысша жауап беретін Әлия Юсуповаға қоңырау шалып, ресми тілде зуылдай бергенмін. Бір кезде ол: "Қандай газеттенсіз" деп қойып қалды. Ұялыыып қалдым. Бұл жерде ешкімді сынап, мінегім келіп отырған жоқ. Тек, туған тілімізді басқа емес, жер жүзілік додаларда елдің атын шығаратын спортшыларымыз білсе екен деген ой менікі…
нұрбол жұмасқалиевқазақша сөйлей ма не?ал Әшірбеков Қайрат базар жоқ жігіт қо.
Меніңше жаман ойнамайды ол.
Менің ше көзқарасың басқаша болар еді.
Бірақ кезінде «Намыс» командасынан бастады дегенді білуші едім.
Мынау ше
Сол күні және ертеңіне әдейі Ресей арналарындағы жаңалықтарды қарадым. Ешқайсысында Медведевтің қазақша сөйлегені туралы айтылмады.)
Байқауымша, Ресейліктер ол туралы ютубге орналастырылған видео арқылы және сол видеоға сілтеме жасап таратылған интернеттегі жаңалық арқылы білген сияқты.
Самат:
Слабо. Я родился в Семипалатинске, где преобладал русский язык. В мое время в городе были 1-2 казахские школы. Поэтому уровень моего казахского не позволяет мне выражать мысли литературно, так, чтобы давать интервью. Знаю только на бытовом уровне. Вот сейчас играю в Актобе, где больше говорят на казахском, и у меня есть постоянная практика, и мой казахский улучшается.
www.fanatik.kz/people/user/8/blog/smac-vs-fanatics-second-boy/
Самат:
Как пришел в «Актобе», на базе всегда жил со своим другом Андреем Богомоловым. Потом он покинул клуб, пришел Карп. Жил с Карпом. После его отъезда я жил один. Но в середине прошедшего сезона к нам приехали легионеры, их поселили в номер Сергея Лисенкова, не хватало мест, и ему негде было жить. Ну, я и предложил ему делить мой номер. Так что, сейчас я воспитываю Лисенкова, учу его уму-разуму. Правда, пока учи — не учи, у него все влетает в одно ухо, и вылетает из другого (смеется).
Лисенковка жыным келетин еди, мынаны окып кеше рахаттанып куип алдым!