Абайдың қара сөздері һәм EPUB

… Сонымен…

Барлығыңыз .pdf немесе .djvu секілді электронды құжат форматтарын білесіздер. Осы күні .mp3 дегенді жас та, кәрі де үйреніп алғандай, жаңағы айтқан .pdf секілді .epub деп аталатын электронды кітап форматтары күнделікті қолданысымызға еніп жатыр. Себеп, Apple шығаратын iPad бастаған планшеттер мен Amazon Kindle қостаған сан алуан электронды кітап оқу құралдарының пайда болуы. Бұл форматтың артықшылығы сол .pdf секілді салмағы ауыр емес және электронды құрылғыға салып оқығанда кітап өлшеміне байланысты қиындықтар туындамайды. Өйткені, оның белгілі бір өлшемі жоқ. Мұндай e-кітап құрылғыңыздың экран өлшеміне сай өзі мөлшерін келтіріп алады. Сондай-ақ, кітап оқу барысында сіз оны көлденең де, тікесінен де оқи аласыз. Әріптерді үлкейту, кішірейту немесе оқып жатқан бетіңізге қыстырма салу, мазмұны арқылы беттер немесе бөлімдер арасында жылдам ауысу жағы өте жақсы қарастырылған.

Әдетте, iPad немесе соның тумаластары, сондай-ақ Андройд операциялық жүйесімен жұмыс істейтін қалтафоны немесе басқа да қазіргі заманғы гаджеттермен қаруланғандар үшін осы форматтағы қазақша кітаптар жоқтың қасы. Өзім жаңа ғана айтып өткен құрылғылардың барлығын пайдаланып жүргендіктен, әрине, менде де осы форматтағы кітап оқу қажеттілігі туындады. Бірақ, жоқ нәрсені қалай болдырамыз?.. Айналып келгенде, осы сұраққа жауапты өзіме-өзім бергім келді де Google-шейхқа қайта жүгіндім. Бетімді қайтармады. Еш қиналмастан білгенімен бөлісті. Сөйтіп, дәл қазір мен сіздерге ұсынғалы отырған Абайдың қара сөздері epub форматында өмірге келді. Оны мына жерден жүктеп ала аласыздар: Абайдың қара сөздері (EPUB)

Кейбір қызығушылық білдіретін адамдар үшін бұл форматтағы кітап қандай болатынын, қалай пайдаланатынын iPad планшетімде және Android қалтафонымда іс жүзінде түсіріп, осында салып отырмын. Әлі бейнекамераға қолым жетпей жүр, сондықтан уебкаммен түсірген видеомның сапасы үшін сөге көрмеңіздер.

Кітаптағы қара сөздер түгелімен adebiet.kz сайтынан алынды. Сұрап жатпадым ал, ренжімесін… Кері байланыс арқылы хат жазып едім, он шақты рет каптчаны дұрыс жазбадың деп лақтырып тастады. Егер осы сайттың иелерінен біреу-міреу менің бұл әрекетімді құп көрмей, «Материалдарды кері қайтар. Керек болса, өзің теріп, өзің сканерлеп ал!» десе, онда әрине, айтқанды тыңдауға тура келеді. Дейтұрғанмен, қабыл алыңыздар!

«Абайдың қара сөздері» iPad-та:



«Абайдың қара сөздері» Android-та:

Бөлісу:

18 пікір

Aikona
Менде Самсунг Бада, соған орнатуға бола ма мыналарды?
timurrr
Білмейді екем. Гуглдеткем, сөйтсем, Бадаға Foliant деген прога бар екен ғой? Сол арқылы оқуға болады дейді. Қарап көрші сол арқылы. Болмай жатса, fb2 форматы екен сіздердікі. Соған конверт жасап берермін, иншаллаһ…
Aikona
Рахмет, қойып көрейін болып жатса жазамын.
asaubota
керемет еңбек.

Абайтанушылар қауымдастығына қосып қой.
timurrr
Рахмет, Аршат! Тырысып қарайын…
Janasil
Жарайсың ТИМУР!!! Еңбегің жана берсін!!
patick
Қолда қазақ әдебиеті болса — тағы да істеп берсиш?
patick
Көркем әдебиет болса
timurrr
Қалай-қалай? Түсінбедім…
patick
қолыңда әдеби кітаптар болса, жасап бер деймін
timurrr
Иншаллаһ. Ойда бар жалпы. Тек бұған таза текст пен көп уақыт керек. Қалғанын құнт шешеді
AsanQaigy
Әкем айтпақшы, бұл бір біткен жұмыс болды.
timurrr
Ал біздер кейде қалжыңдап «Бұл бір іскен біт болды» дейміз)
KILYZAMAN
Еее, несін айтасың?.. Сөз кестесі мен, ой кестесінің өзінде үлкен мән бар(мысли материализуются — деген бар ғой) — байыды деп те айтуды дұрыс көрген бабаларымыз: қой қырқымда — қырқып болған кезде т.с.с
… Байылығыңа барлығың: білімің, біліктілігің, болмысың мен барлығың, нарлығың жамалып жүрген ортаңды нәрлендіре бергейсің