Таныс болыңыздар: Aldeken
Алдан Жылгелдi — Aldeken
Алдан Зашитұлы Жылгелді, 1981 жылдың 23 наурызында Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді. Қазір Астана қаласында тұрады. 1987 – 1997 жылдар аралығында 5 рет мектеп ауыстырып, оқушылық өмірдің соңғы 4 жылын Алматыда Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта өткізді. Студенттік өмірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті мен Қайнар Университетінде өтті. Мамандығы — тарихшы, заңгер. Кәсібі — мемлекеттік қызметкер.
Басы бос емес, ішінде ми бар))))))))) отбасында бір келіншегі мен 2 ұлы бар (бала саны болашақта өзгеруі керек, тиісті шаралар қабылдануда. ))))) )
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфомен алғаш таныстығым ұмытпасам 2005 жылы болды-ау деймін. Арнайы сілтеген, шақырған ешкім болған жоқ, бір мәліметтерді іздеп отырып келдім. Ол кезде тіркелу қайдааа, ішіндегі жынды пікірлерді көріп, бір жағынан өзім ойнап жүрген қазақша КВН-ге айтылған сынды көріп, «ренжіп» кетіп қалғаным бар… Содан кейін, Солай.де-ге тап болып, онда тіркеліп, пост жазбасам да анда-санда пікір жазумен шектеліп жүрдім. Осы керекке биыл қыркүйекте тап болдым аяқасты. Содан тіркеліп, алғаш рет пост жазуға әрекет жасап жүріп жатқан жағдай… Опшым, барлығы секілді ғой менің келуім…
— Күніне неше рет кіресің?
— Бекжанның айтқан керекоманиясына шалдықтым-ау деймін. Күн сайын жұмысқа келгенде поштадан бұрын керекті ашатын болдық. Содан кешке компьютерді өшіргенге дейін ашық тұрады… Кейде, кешкісін керекті өшіріп, күні бойы жиналған жұмысты қалып істейтін жағдайлар болды.)))))
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Шынымды айтсам, әлі ыстық-суығы басылмаған, бәріне қызығатын жағдайда жүрген сияқтымын. Мүмкін алдағы уақытта жазбаларды маңдайынан шертіп жүріп оқитын жағдайға жетерміз.))))))) Айтпақшы, дін туралы пікірталаста, өз білетінін өзеуреп басқаға таңуға тырысуды ұнатпаймын. Дінде «менің құлшылығым дұрыс» деуге болады, ал «тек менің ғана құлшылығым дұрыс» деген болмайтынын тағы атап өткім келеді…
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Әркімнің өз қолтаңбасы бар. Со себептен әр қолданушы өз ерекшелігімен ұнайды. Дегенмен, Сатыбалдының жазбалары тазалығымен ұнайды. Таза деуімнің себебі, көбі, көңілдеріне келмесін, өз жазбаларын әлденеше рет ойлап, оқырманға қалай жеткізу керектігін екшеп барып жазатын секілді. Ал, Саттың ойына келген дүние сол күйінде боямасыз келеді. Сол себептен оның жазбасын қиналмай оқисың. Қыздардан Монти деген қолданушының жазбалары осыған келіңкірейтін сияқты. Админнің өмірде қандай болса, интернетте де сондай екеніне көз жетті. )))))))))) Гастарбайтер мен Нұрғисаның жазбаларынан білім мен білік көкжиектерінің кеңдігі бірден байқалады. Саммита мен АКҮ-дің тік мінезділігі, Жансаяның байсалдылығы, Назгүлдің пікірінің салмақтылығы, Мадленнің тиянақтылығы, VKM-нің риясыз көңілі, жалпы қыздардың өз араларындағы жарастығы мол қағытпалары ұнайды. Қилызаманды түсінуге тырысып жүрмін, «мозговой штурмға» жақсы пікірлері. )))))))Қой, осымен тоқтайын, опшым бәріңді жақсы көрем, шыным сол.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— 1-2 таныстарым бар, жалпы керектегі қызық материалдардың сілтемелерімен бөлісіп тұратын. Солар оқып жүрген шығар. Өз жазбаларымды үй-ішім мен айналама оқытпаған екенмін.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Мемлекеттік сайттар мен порталдардағы қатып қалған шаблонмен жүрген пақырдан не сұрайсың? )))))))))))))))

Басың бос болмағаны жақсы екен, мында мисыздар көп:)
))))))))))))))))))))))))))))
әзірге тек мемлекеттік нұсқауларды орындаумен шектеліп жүрмін.
бұрын Алдан мен үшін «ана КВНдағы толық жігіт қо» еді. қазір жерлес, құрдас, сайттас, Бекжандас досым :)
жаңа шарфтар жоқ қазір, жаңасы шыққан кезде алдырамын ғой Ақтөбеден.
негізі әр таныстырудың өзінше ерекшелігі болып жатыр. барлығы өзінше қызық.
әлде сау бол дейін бе саған?
Алдан кешір.
темная лошадка:)темная лошарадесең баКВН туралы бір сұрақ: КВН еврейлердің әдейі ойлап тапқан дүниесі, белсенді жастардың білімнен алыстап арзан ойын күлкі қуып кетуіне бағытталған бір мақсат екені айтылады, бір ұлттың алыс жақын болашағына, дамуына кәдімгідей кедергі келтіре алатын стратегиялық жоспар дейді, осыған қалай қарайсыз?
Рахмет, жауабыңыз үшін.
Салмақты, астарлы әзілдер көбейе берсін деп тілеймін.
Пы.Сы. айтпақшы мен суретті әлі күтіп жүрмін… ))))))))))
Сексенбіреместерді алалағаным емесБірақ, орыстар бүкіл әлемнің КВН-шілерін бір ғана АМИКтің астына біріктіріп отырғанда, қазақша КВН-де біріне бірі бағыну былай тұрсын, араласпайтын бірнеше лигаға бөлінуі көңілге кірбің ұялатады. Бір арман бар, шетелдегі диаспораларда қазақша КВН-ді насихаттап, олардан командалар шығарып, қазақы әзілдің ауанын кеңейтсе ғой деген… қазақша КВН-нің халықаралық деңгейі деген сол болар еді…
Айтпақшы, биылғы фестивальға Өзбекстаннан келген команда қатысты...))))))))) Арман орындалып келеді…
Шынына келсек, 15 қаңтарда тізімге ілінбейтініме кепілдік берем, ал келесі сайлауға дейін қоғам мен мемлекеттің қалай өзгеретіні беймәлім. депутат болар кезде айтармын.
(Қазірден бастап сиырқұйымшақтанған жауап бере алатынымды көрсетіп жатырмын)маған бәрібір, терлесем болды деееп шай ішіп отыра береміз. )))))))))
Бірақ, Игісін Жұлдыз да таныс болып тұр, есіме салсаңыз жақсы болар еді…
1. Ұлдарыңыздың есімдері кім? Жастары нешеде? Келіншегіңіз қыз туғысы келмей ме? :)
2. Кішкентай кезіңізден толықсыз ба? )))))
кешіріңізші, осы сұрақты қойғым келіп тұр3. КВН мен керекинфодан басқа тағы нелерге қызығасыз?
2. Ия, кішкентай кезімнен толықпын.
3. Пианино тартуға басым кетіп жүр. Бір күні үйренуді бастау керек. Ал, былайша, заңнамадағы қайшылықтарды іздеуді ұнатам, кітап оқығанды ұнатам, бірақ, қол тимей жүр соңғы жылдары… Ән айтқанды жақсы көрем, кейде, жұмыстан шаршағанда домбырамен тарқататыным бар шаршауды… )))))))) сосын кәдімгі еркектердің қызығушылығын тудыратын нәрселерді де жатырқамаймын ))))))))))))
Неге Ахмед және неге Арон?
екінші ұлдың атын Арон деп қоюды келіншегім менің алдымды орап, үйдегі анаммен келісіп алыпты. Негізі, келіншегімнің арғы аталарының бірі Арон Қаратаев деген төре болатын. Соған шақтап қойғаны, зато қайын жұрттың алдында звезда болдым ғо, осыған рұқсат бергенім үшін.
ұлдарың үлкен азамат болсын.
Ісің оңға бассын! Сұрағым: Ақтөбе жаққа қызметке келу жоспарыңда жоқ па?
Бұйырғаны болар. Шақырып жатса, көрерміз.
Теріскей емесТамды жағында тұратындықтан.КВН-ге әзіл жазуға талпыныстың әсері деп ойлаймын. Көзге ұрып тұрғасын, қайтейін…
КВН-нің бөлінуі жайлы айтып кеттіңіз, сол лигаларды түстеп, түрлеп айтып берсеңіз Бұрындары Алматай апай мен Совет ағайдың лигалары дегенді білетін едім, шатаспасам әрине, шатасуым бек мүмкін
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында өткен 2000-шы жылғы алғашқы республикалық қазақ КВН-і, 2003-2004 оқу жылының республикалық КВН универсиадасына қатыстыңыз ба екен, сол қызық болып отыр маған )
Алдын-ала рахмет!!!
КВН бөлінуіне келсек, Совет Сауытовтың Евразийская Лига КВН атты бірлестігінің аясында марқұм Көздібаева Алматай апайдың бастауымен ашылған болатын алғаш қазақша КВН лигасы. Кейін Алматай апай қайтыс болғаннан кейін Есен Елеукеннің бастауымен "Қазақстан КВН Одағы" құрылып, жүйелі лига ретінде жұмыс істеп келеді. Сол тұста, бір себептерге байланысты Ақтаулық командалар бөлініп кетіп, "Қазақша КВН лигасы" атты бірлестік ашылды. Сонымен қатар, біраз уақыт белгілі әншілер Нұрлан мен Мұрат та өздеріне лига ашып, қазақша КВН-ді жүргізуге талпынған болатын. 2009 жылдан бастап, кезінде негізін Алматай апай салып кеткен "Қазақ КВН лигасы" бірлестігінің жұмысын апайдың ұлы Әзімхан Ахмет жандандыруды қолға алып, жұмыстар жүргізуде. Міне, қысқаша айтқанда, қазақша КВН лигалары осы болып тұр…
Қызылорда қаласында 2000 жылы өткен «Тұңғыш Астана» фестиваліне қатыстым, ол кезде жалпы Батыстан шыққан жалғыз команда болатынбыз. командамыздың аты «Батыс ұландары» болған-ды… Ал, 2003-2004 жылғы КВН универсиадасына қатысу бақыт бұйырмады…
Келесі танысқаным Астанға барғанда, -Мә, бәсе, қайдан көрдім десем- дестік. Үшінші осы жерде. Аршатқа мың алғыс. Жігіттердің шәй ішетін болып кеткені болмаса.
Бекжан жақсы бала.
П.С. Негізі мына жерде айтылғанмен толық қосыламын. Керекте бұрыннан жүрген, мына онша танымал емес кісілер болса жақсы болар еді.
Негізі, менің алдымдағы ағам мен 2 апам (опшым отбасымызда 4 бала екенін шамаладыңдар ғой) жас айырмашылықтары көп емес, әуелі ағам, одан 1,5 жылдан кейін апам, сосын 2,5 жылдан кейін тағы бір апам дүниеге келген. содан кейін 13 жылдан кейін маған да жарық дүниені көру бақыты бұйырыпты.
Содан мен дүниеге келгенде анам 40 жаста, әкем 42 жаста екен. Содан қартайғанда көрген қызығымыз, алданышымыз болсын деп қойған екен. бір жағынан мен іште жүргенде әкемнің достарының бірі бір қонақтықта отырып, анамды меңзеп: «Алдабергеннің мамасы үшін алып қояйық» деп тост көтеріпті. Сосын мен туғанда Алдабереген (Аллаберген) деп қоюға жүрексініп, Алдан деп қысқарттық дейді.
Ендігі қызығы атам мен әжем мен дүниеге келгенде өздерінше менің атымды Рүстем деп қоямыз деп шешіп қойыпты. Содан әкем атама атымды қою жөнінде қабылданған өз шешімін айтуға жүрексініп, ортаға атамның қарындасын салған екен. Ол кісі, біздің әулеттегі барлық дүниеге келген балаларды роддомнан көтеріп алып шығу миссиясын атқаратын. Сол кісіге айтып, содан ол кісі роддомнан мені көтеріп алып шығып, үйге әкелгенде менің атама «аға, балаңды алып келдім, тек алып келмей, қартайғанда сендерге алданыш болсын деп, атын Алдан деп қойып келдім» деген екен. Содан атам, қарындасының бетіне келмей, «ееее, қойып қойсаңдар, жарар, бақытты болсын» деп шамалы облом ұстап қалыпты Осылай, опшым…
Gulistan жақсы флорист.
тәжірибең мол ғо, жол көрсетіп отыруыңа не кедергі, ана трәтішкіні былай деп орнына қойып қой, деп…
Бес күндік мынау жалғанда
Көп жасаған емес, көп көрген
Тамырын басар әмәнда.
Безеуі бар тілінің
Ініден сөз қалған ба?
Нұротанданған әлемде
Құр Отаныңды арманда.
Нұрғиса осылай айтты-ау деп,
Ойла оңаша қалғанда…
өмірдің ұзақтығына талпынсам, әбілхаят суын іздеп кетер едім, нұрдан басталғандарға ұқсап… ал, былайша, ия жырқылдай беретін әдетім бар екенін мойындаймын…
Қанекей тілім сөйлеші,
Картопты қане жарыңдар.
Қарқылдап күлсін сиырлар
Ақырға шөпті салыңдар )))))))))))
КВН, ЦОН да үш әріп,
Үш әріп деген сарын бар.
ааааааа еееее аааааааа ей, ааааа ей, аааа аааа аааа ей.
Ееееейййй,
Алдеке, Алды-ау, Алдеке,
Екі ұл тапқан жарың бар.
Анаға әркез бас ием,
Бұл тағзымда да таным бар.
Миымыз соған жетеді
Толмаса да мимен қарындар.
ааааааа еееее аааааааа ей, ааааа ей, аааа аааа аааа ей.
Батыс Ұландарының ойындарының видеосы болса, өтініш, көшірмесін алуға мүмкіндік болар ма екен. Опшым жекеде хабарласармыз. Шынымен, Батыс Ұландарының видеолары көп ешкімде сақталмапты. Сен айтып тұрған орыс қыз Таня Рабулец болар, Қандыағаштың қызы болатын… Қазір хабарсызбын олардан… Қайтадан бір ойын көрсету туралы бастамалар болып еді. сосын басымыздың қосылуы қиындап кетті де, идея сол күйінде қалды. Құдайдың бергеніне шүкіршілік қылып жүрміз ғо
Бекарыс Шойбеков пен Анар Жаппарқұлованың айтысы. Анар Сарыағашқа келін боп түскен кездер. Бекарыс:
"Әр ағаштың түбінде жата бермей
Сарыағашқа дұрыс бопты кеткеніңіз"
деп аямап еді
Қандыағашқа келін боп түсуде де көп сыр барын сезем, сезем…
айтпақшы біздің сөздерге икемденіп қалыпсың, уже
осы жері қалай, 2005-те қалай аталдық «біз» мытып қаппын?
www.kerek.info осылай ед, ұмытпасам. ақиқатын бір админ біледі, иә…