Қазақша концерт





Көрермендердің жүрегін жаулап, көпшіліктің көңілінен шыққан 31 арнадағы жобалардың бірі қазақша концерт. Нұрлан Қоянбаев пен Нұрдаулет Шертім және өзге де КВН арқылы танылған шебер шоумендер жүргізетін бұл думан, қойылымдарының тартымдылығымен, осы заманғы әзілді дөп басып айтуымен және жоба авторларының ізденгіштігімен ерекшеленеді.
Дегенмен, қазіргі әзілдердің барлығы да құрғақ та таяз секілді. Әзіл-ысқақ театрларының барлығына да баяғы өзіміз кішкентайымыздан білетін «Тамаша»-ның өткірлігі, әзілдерінің ықшамдылығы мен ойлылығы жетіспей тұратын секілді. Қоянбаев бастаған командада сол таяздық байқалады. Әсіресе тым жеңіл КВН әзілдерін көп қоладнады. Дегенмен, көрермендері жоқ емес. Мүмкін осындай жобалар да бізге керек шығар…
Бөлісу:

39 пікір

vebred




Пародиялары мен байдың оқиғалары маған ұнады…
vebred
мен мунда видео кйып едым ашылмады
Your text to link...
Abilakim
көрмеппін.Уақытын жазсаңшы, қай күндері болады? Мүмкін болса бір видеосын қойсаң.
«Тамаша» жайлы айтар болсам ол да қазір қуып кетті. Бұрындары расында керемет болғантын.
asaubota
31-каналда жұма күндері сағат 20-00де болады.

аты ұнады Қазақша концерт деген. бұрын қазақша каналдардан тек қана Алматы болған кезде, барлық концерттерді қазақша концерт деуші едік, атын содан алған деп ойлаймын.

әзілдер туралы келісемін, әлсіз әзілдер. бізде пародиялар ғана жақсы дамып келе жатқан сияқты. ана Ордаға паролия сәтті шықты.
Gulistan
Құдайберген Бекішевке жасаған пародиялары ұнайды!
Marco
Жаңа шыққан әнім, он бес жыл болып қалды))))
Gulistan
Құдайберген Бекішевті Алматы, Астана, бүкіл Қазақстан білмейді!
patick
Вебред мырза (мүмкін ханым). Жұмыс істейтін арнаңның серверінен осы видеоларды ұрлап, біздің назарбымызға ұсынуға не кедергі? А?
Abilakim
Зако кедергі
VKM
Ол кім? Админ ағатай тезірек бәрімен таныстырса екен))))Зако, Вебред,Сатыпалды (шын аты)дегендей
vebred
Ұрламай-ақщ, қызықты фрагменттерін 31 арнаның сайтына салып тұрайын сол жерден көріңіздер))
patick
жарайды, сілтемесін таратуды ұмытпа
omarbirat
Кейде «31-арнадан» болып жатқанын байқап қаламын.
Erkekyz
Маған ұнамайды. Анау залдағы адамдар неге сонша күле береді түсінбеймін. Саваш біткелі бұл арнаны мүлдем қарамай қойдым.
meirzhan
Анау залдағы адамдар неге сонша күле береді түсінбеймін
Монтаждың эффектісі :)әлде концерт алдында бірдеңе бере ме екен
araika
Осы 31 арнаның жеке сайтында дәл осы бағдарламаның видеонұсқасы толық емес, тым аз. Ұнайтыны әдемі әндерді естіртетіні.
dark_nazgul
Жақсы ғой. Бірақ, өздерін Ургант пен Цекалоға теңейтіні ұнамайды. Ренжімесін, бірақ, Қоянбаев қайда, Ургант қайда?
Цекало қайда, Шертім қайда?
Кішкене берірек, жақынырақ біреуге теңемей ме өздерін, әйтпесе, өздерімен өздері ақ бола берсін.
meirzhan
Құласаң нардан құла деген бар ғой? :)
Шынында да соларға еліктейді екен-ау, байқамаппын бұрында.
dark_nazgul
байқамайтын несі бар, Қоянбаев Шертімді «Цекало» деп атайды ғой тіпті)))
meirzhan
дөрекі пародия :)
asaubota
аха, сөйтіп бір бірімен приколдасып қояды еще. ұзыны қысқасын кемсітіп. күлкілі. яғни аянышты күлкілі дегенім ғой.
Marco
Қоянбаевтың әуселесін, баяғы «Намыс додада» көрдік қой. Тіл байлығы, очм…
dark_nazgul
тағы да. Тұтас концерт емес, аннан мынна үзіп жұлып, монтаж жасалған дүние екені көрініп тұр. Көп номерлер тіпті сахнада емес, павильонда түсіріліп, оған айдаладағы басқа концерттен алынған көрермендер қосылғаны көрінеді.
Abilakim
сайттарына кірейінші,қызықтырдыңдар
dark_nazgul
өткен жолғы ЦОН туралы номері ұнап қалды)))
Sabions
Алғашқы тұсаукесерін қайдан көруге болады? қазақша корцерт туралы қазір естіп отырм, бұрын жалпы ТВ қарамайтынмын…
gulya-12
Қазақша концерттің Жаңа жылдық бағдарламасын қайдан көруге болады?
gulya-12
Жаңа жылдық бағдарламасында бұрын көрмеген жаңа топтарды көрдім, соларды білесіздер ме?
vebred
Nurgisa
Былай, өзгешелігі ұнайды. Уақыты да ыңғайлы қарауға.
Не ма, шамасы, түсірген кезде жалпы әншілерді бірінен соң бірін шығарып айтқызып алады да, сценкалар, конферансьелердің өзара қағытпасы былай бөлек нетіле бере ме деп қалдым.
Соңғы уақытта Шертімнің ойыны ұнап жатыр. Қоянбаев сценкаларға шығуды анағұрлым азайтқан сияқты. Кімнің қанша жұмыс істейтіні білініп қалады екен.
Marco
Идеялары маған да ұнады. Дегенмен, жүргізушілердің әзілдеріне әншілер де араласып, шамалы интерактивті болса жөн болар еді. Әйтпесе, хабарлауы қызық болғанмен, әншілер баяғы советтік қалып, қатайып келіп, қатайып кетеді.
Nurgisa
Сол ғой менің байқағаным да. Алдымен топырлатып әншілерге айтқызып алады да, артынша запись үшін жүргізушілер әрбірін, как-бы, жеке-жеке хабарлайды. Сосын… көрермендерді көрсеткенде бір адамды бес-алты мәрте көрсете береді екен. Оператордың туыстары шығар  Қала берді, ән айтылып жатқан кезде әлдебір әзілге күлген көрерменнің кейпін жабыстыру да аздап әбестік пе деймін.
Marco
ән айтылып жатқан кезде әлдебір әзілге күлген көрерменнің кейпін жабыстыру да аздап әбестік
Иә, ондайлары бар.))) Кейінгісі жақсы болар дейсің, бірақ, дәл осындай қателіктер қайталана береді.
vebred
Ия корерменды алдай алмайсың! рас түсірілім мен монтаж барысында олқылықтар өте көп. ол туралы басшылыққа да айтылған… бізде де сол келесісі жақсы болар деген үміт бар…
Nurgisa
Бұнысы да алдыңғысының келесісі еді, эхх…
manshukn
Осы бағдарламаны көрерменсіз түсіреді екен, сахнада әнші көрерменсіз ән айтады деген сияқты. Сосын арасына «Базар жоқтың» жырқылдап отырған көрермендерін монтаждап тығып жібереді деп естіп едім, сол рас па?
chimaq
Ana video da JADO oinap jatyr edi ,artyna kele jurmei qoidy,okinishti....negizi jaqsy syiaqty...))
KILYZAMAN
Дегенмен, қазіргі әзілдердің барлығы да құрғақ та таяз секілді.
— кекілден ары кете алмай жүргені рас...