“Жұнттай боп киініп алыпсың”
Басқаларды қайдам, біздің ауылда, Ақтоғай ауданы Қаратал деген қасиетті мекенде өзіндік қалыптасқан тіл бар. “Мәтіби құсамаш” дейміз өзімшілденіп кеткен адамға. Оны таныстарым ауылдарыңда Матвей деген өркөкірек орыс болып, соған қаратып айтқан шығар дейді. Кім біледі, солай болса, солай шығар. Серік Ақсұңқарұлы Руслан екеумізді: “Ілебай-Мұқа сияқты мына екеуі”,-деп еді. Қызыларай деген ауылда Ілебай-Мұқа деген ерлі-зайыпты болыпты. Әйелі атқа мінгесіп, күйеуінің қасынан қалмайды екен. Сол секілді “жұнттай боп” деген сөз тіркесі кейде ауызға ілінеді. Түп-төркінін білмейтінмін. Бір күні жаңалықтарды ақтарып отырсам «Джунд аль-Халифат» («Халифат сарбаздары») исламшыл тобы” деген тіркесті көзім шалды. “Жұнттай” деген “Жунд-сарбаз” (орыстар Джунт деп Д қосуды қоймайды) деген сөздің қазаққа бейімделген нұсқасы ма деген ойға қалдым. Сарбаздар құсап, сықиып киініп алыпсың дегені шығар қазакемнің.
Мынасы нес деп қоям :)
Жалпы, адамзат қызық жаратылыс, нақ. Қазззақтар, тем паче…
құнттай аккуратный екен)
Қытай қазззақтарының қолданысында мәтби ("і"-сіз) деген сөз бар. Би, қожа деген мағынаны білдіреді. Ал, Өзбекстандағы қазззақтар мәтіби сөзін, біреуге билік айту, біреудің атынан сөйлеу, яки, өкілеттілік ету мағынасында қолданады. Қазақ баспасөзіндегі ұйқас қуушы ақын-редакторлар жиі қолданады осы сөзді.
жұнттай болып семіру → стать гладким; стать упитанным (с блестящей шерстью — о коне)
2. чисто; убрано
бөлменің іші жұнттай → в комнате все убрано
жұнттай киіну → c ног до головы одеться в новое
ұқтым.
немесе -Шыттай болып киініпті- дейді
ЗЫ. Текенің сасмығаны сасыған :-) Бірақ амал бар: ол — бәрің білетін амал :-)
м