Қоқанға қарсы шапқан ғылым докторы...
Таңертең ерте келдім жұмысқа. Әдеттегі әдетімнен тыс ерте келуімнің себебі де бар — мектеп жасындағы қарындасымның үй тапсырмасына көмектесші, интернеттен мәлімет әкеліп берші деген өтініші. Гугл шешей аман болсын, іздеу жолағына сатырлатып «Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» деп жаздым да, шыққан мәліметтерді ашып қарай бастадым. Біраздан соң мына қызыққа тап болдым, өзіме «жаңалық» болып көрінді: Аказывайытса, біздің Жәкең педагогика ғылымының докторы екен(!!!) Иә, білем, бұл тақырыптың сақалы қауға болып өсіп, тізесі шыққан, дегенмен, мына тірліктеріне тіптен зығырданым қайнады. Қазынадан бөлінген қайран ақша!!!
Бір группаласым "Қазақ батыры — Қаракерей Қабанбай" деген диплом жұмысын жазғанында, шаблондарды өзгертуді ұмытып, Қабанбайды 30-жылдар аяғындағы репрессияға ұшыратып жіберген болатын :)))
Мына қателік бірақ интернетке шығыпты, және қаржының да босқа кеткені ме.
Педагогика ғылымдарының докторы болса несі бар.Физкультурадан берген шығар.адамдар пирамиданы одан да ерте салған ғой
Батыр батырға ұқсау керек деген қағидалары бар шығар суретшілердің
деп басталады екен. сонда батыр деген мамандық, кәсіп па әлде оның психологиялық жағдайы ма?
мысалы мен батыр емес біреу туралы жазсам, мысалы «Тұрсын Мелшиев — қорқақ» деп бастасам бола ма?
Шымкенттік бір мешіт қызметкерінің жазғаны. Вики шаблонымен әдемілеп жазған, бір түн ішінде.
мына кісілердің суреті керек еді дейді бар болса: Молда Мұса, Мәделі қожа, Құлыншақ ақын