Өнердің бағасы

Біздің мәдениет, өнер саласында жүрген еркелеріміз бен серкелеріміз өнердің шынайы бағасын ұмытқан тәрізді. «Шоу битзнесті қалай дамытамыз?» деген сұрақтарының астында көбісі өзінің қалтасына қаншалықты көп ақша түсетінін есептеп отыратын болар?! «Шоу бизнес, шоу бизнес» деп айқайлап жүріп халықтың көңілін, қалтасын ұмыта бастағандай. Қазіргі кетіп бара жатқан бағыттарымен шоу бизнестері қашан дамитынын біле алмадым.Білерім, мәдениетіміз бен өнеріміздің тұралап қала берері анық. Әншілерден сұхбат алып отырған тілшілер көбіне мынандай сұрақты қояды:«Сахнада қазір әншілер көбейіп кетті. Бұл жақсы ма, жаман ба?».
сәйкесінше жауабы былай болып келеді:" Иә, кімнің ақшасы бар сол әнші болып кеті ғой."Ұялмаған әнші болады деген".Бірақ, уақыт өте келе халық өзіне керектерін іріктеп алады".Осындай, сұхбаттарды көріп, оқыдыңыздар көбіңіз. Ендігі менен қойылар сұрақ.
Халық таңдауын жасады ма? Өнеріміз бен мәдениетімізге үлес қосатын адамды іріктей ала ма?
Жауабым да бар. Жоқ, жоқ және жоқ! Дәлел керек пе? Мінекей, «Саз әлемі» бағдарламасына келген кей әншілердің әндері жыл әні тұрмақ апта әніне таңдауға да татымас. Жә, шоудың аты шоу ғой. Қарапайым тілмен ойымды жеткізсем.
Қазір еліміздің қай қаласына барсаңызда әйтеуір айына бір концерт өтетініне көзіңіз жетеді. Афишаларға көз жүгіртсеңіз болғаны. Заттыбек, Асан Пердешов, Еркін Нұржанов, Сырым Исабаев, Қайрат Нұртас, анау-мынау деп кете береді.Қала берді сатиралық театрлар бар. аталған тізімде талантты жастар да бар. Бұл есімдерді жиі концерт беретін болғандықтан атады.Дегенмен, тізім бұлармен тоқтап қалмақ емес.
Өнердің бағасы дедік. Оны қалай өсіреміз. Кейбіреулерге ұқсап шешімі жоқ сұрақтарға ғана толтырып жазбамды аяқтағым келмей отыр. Шешімі бар бұның да.
Әскери салада «Сетка» деген ұғым бар. Әскери қызметкерлерді лауазымдарына байланысты сеткаларға бөліп тастайды. Мысалы, бөлімше командирі мынандай сомма ақша алады, взвод командирі мындай, рота командирі мынандай деп кете береді. Әншілерге де осыны енгізту керек. Бұндай жүйе естуімше КСРО кезінде болған екен. Бұған сіз мынандай уәж айтарсыз." Әншілердің бәрі филармонияда жұмыс істемейді ғой. Өзімен өзі тойға барып, қалаларда концерт қойып ақшасын тауып жүр" Уәжіңіз орынды, бұның да шешімі бар. Әншілер қалаңызға келеді де концерт залын келісілген бағаға жалға алады. 1000 адамдық залыңызды сіз мысалы, 100 000 ға бағалап жалға бердіңіз. Әлгі әншінің продюссері не концертті ұйымдастырушы 1000 билетін 2000- 2500 ден, немесе өзі қанша қойғысы келеді сонша бағамен сатады. көбіне «плюсовкамен» айтып ақшаны қалтаға басып кетіп қалады. егер біз әлгі жүйені енгізсек "Қарағым, міне, ҚР мәдениет қайраткерісің бе сенің гонорарың мынша, еңбегі сіңген қайраткер мынша алады, халық артисі мынша алады десек" жеткілікті. Заңмен шектеу жасау керек. сонда ғана сахнадағы артық адамдар өзінен өзі жоғалар еді.Сонда, концерт залдарының басшысы халыққа көп концерттер ұсына алар еді.Қалаған әншісін шақыратын мүмкіндік туады. Әншіге беретін заңмен бекітілген гонорарын, сондай-ақ дайындық кезінде төленетін сомманы, жол шығынын есептеп отырар еді. Қазір бізде қалай? «Мадина Садуақасованы шақыра салайық, гонорары мынша ғой. „Қоңыр“ тобының продюссерімен сөйлестік. Олар айтқан сомманы бере алмаймыз» деген сынды мәселелер туындамас еді. Сонда ғана сахнаға кеше шыққан жас бала ғарышқа турист ретінде қыдырып барып келетін сомманы өнерінің бағасы ретінде сізден сұрамас еді.
Қуып кеттім бе? Жалпы, айтпағым осы еді.
Бөлісу:

64 пікір

meirzhan
Дәстүрлі әншілерді шақырса арзанға да түседі, плюсовкамен де айтпайды, иә?
Abilakim
Дәстүрлі әннің орыны бөлек қой. Дегенмен, бір «сетка» керек
Zhan
"Қарағым, міне, ҚР мәдениет қайраткерісің бе сенің гонорарың мынша, еңбегі сіңген қайраткер мынша алады, халық артисі мынша алады десек" жеткілікті. Заңмен шектеу жасау керек. сонда ғана сахнадағы артық адамдар өзінен өзі жоғалар еді.

Ешқандай да қуған жоқсың. Өте орынды мәселе. Дәстүрлі әншілер мықты ғой негізінен, әлгіндей халтура әншілер 1-2 клипімен жырбаң-жырбаң етіп елдің көзіне түсіп алады да, танымал боп шыға келеді. Ал дәстүрлі әндерді насихаттап жүргендер шетте қалып қояды.
Zhan
Біздің эстрадада әнішімін деп жыртылып жүргендердің көпшілігінің не даусы, не киімге деген талғамы жоқ. Олардың аттарын тізіп атамай-ақ қояйын, әсіресе квартет, трио боп топтасып әнші боп кеткісі келетіндерге жыным келед. Басқа шаруамен айналыспай ма? Оп-оңай ақша тапқысы келед. Әйтпесе тепсе темір үзетін жігіттер. Ал шын даусы бар ма, жарып тұрған талант па, онда ұмтылсын. Оған дауым жоқ.
dark_nazgul
Бір журналда "Қайрат Нұртас өнерден кетеді" деп жазып қойыпты. қайрат Нұстас қашан өнермен қоңсылас болып еді?
Zhan
Қайратта алып бара жатқан дауыс жоқ, әуезді екені рас. Бірақ ол өнерден кетіп, кімге қиын қылайын деп тұр екен сонша?
meirzhan
Ауырмайтын жүректер ауырып қалуы мүмкін, жастар арасында тыңдаушылары аз емес.
Abilakim
ол жігітті қоя беріп, Асан Пердешовтың әндерін тыңдап, соткаларына жазып алатындарды түсінбеймін. Осылай-осылай өнер арзандап, тыңдарман талғамы төмендеуде.
dark_nazgul
Асан Пердешов ваще… кадр ғой))
Erkekyz
Менің де жыным шығады соған(.
Zhan
Асан Пердешов деген кім?
meirzhan
Мына бейнебаяндар айтсын:

Zhan
Қытайдың ең арзан аяқ киімі сияқты клип. Әні де, сөзі де клип сапасы да құсық ((((
Abilakim
Жалпы, қазақ поэзиясында жүрген көп жігіттердің өлеңдерінде мұң басым қазір.ал, біздің бабаларымыз мұңайды ма баяғыда? Олар мұңаймайтын.Олар күңіренетін.
Abilakim
Көп қой сызып тастайтын әншілер негізі
saken
Бір журналда "Қайрат Нұртас өнерден кетеді" деп жазып қойыпты.
қуанышты жаңалық ретінде жазған шығар?
Abilakim
Менің айтпағым да осы ғой нотадан нотаға өте алмай жүріп қыруар ақша алғысы келеді. Бағалары Роза Рымбаевадан кем емес.ал, Роза апайымыз репертуарын жұтаңдатып алды демесек октавадан октаваға өтетін әнші ғой. Екі октаваны ала алады
dark_nazgul
мен ол кісінің даусы үш октаваға жетер деп жүрсем…
Zhan
Өнерден Роза кетемін десе, вот халық сонда көрер ед.
dark_nazgul
Розаға лайық ән жазылмай жатқан сияқты.
Abilakim
мүмкін, Мақпал Жүнісова апамыз ше. әр сөзін анық айтады ғой орындағанда. Сахнаны жандыра да алады,әртістігі де өзіне жарасымды
dark_nazgul
Мақпал Жүнісова керемет әнші. бірақ аранжировкасы нашар сондай. Мектепте ямахамен ән айтқан сияқты.
Zhan
Мақпал ең сүйікті әншім. Ол сахнаға шыққаннан кейін басқа әншілерді тыңдағым келмей қалад уже. Ана кісіден кейін ән салуға ұялу керек қой кейбіреулерінің )))))
meirzhan
Ән таңдауда қатал ғой деймін.
Abilakim
Шыны керек дәстүрлі әнді қанша жабыла мақтағанымызбен дәстүрлі әншілердің кешіне көп жастар келе бермейді.
meirzhan
Себеп көп қой. Бірі — жастайынан тыңдап өспегендіктен деп білем. Күшкентайынан ән-күйлер құлағында болса, есейгенде де тыңдағысы келіп тұрады. Ал жасында естімеген, тыңдамаған әнді, 18-ден асқаннан кейін тыңдауға ұмтылулары қиын-ақ.
sammita
Әскери қызметкерлерді лауазымдарына байланысты сеткаларға бөліп тастайды. Мысалы, бөлімше командирі мынандай сомма ақша алады, взвод командирі мындай, рота командирі мынандай деп
тек әскерде емес көп қызметте бар ондай.
«Көпке топырақ шашпайын», «Біздер өнер адамдары деген...», «Атын атамай-ақ қояйын, бар ондайлар», «Алла бұйыртса концертімде көрерсіздер, алдын ала айтпай-ақ қояйын» т.с.с. жаттанды тіркестері бар, сұхбатында іліп-алар әңгіме жоқ көбінің. Журиктер де жаттанды сұрақтарымен мазаны алды.
Abilakim
Бұлардың бағасын сеткамен белгілеуге көзқарасыңыз?
sammita
мен осыларға бас ауыртпайды екенмін шынын айтсам:)
KILYZAMAN
Дәстүрлі өнерді бүлдіретіндер — ремиксшілер. Өздерінің кемшіліктерін жасыру үшін жасамайтын қулықтары қалмады :-(
meirzhan
Мынау да дәстүрлі өнерді бүлдірген ремикстің бірі ме?
KILYZAMAN
Бұл енді, ремикстің озық үлгілернің бірі ғой…
Abilakim
Киімдері ашық-шашық шықса ренжуге болар еді
Abilakim
Қилеке, бүлдіріп жатқандар да бар.Дегенмен, сәл жаңашалап жастар санасына сіңірудің өзі керек-ау
KILYZAMAN
Келісемін, егер дәстүрлі өнер нағыз шығармашылық ізденіспен айшықтана түссе, әрине керек!
meirzhan
Дегенмен, сәл жалаңаштап жастар санасына сіңірудің өзі керек-ау. :) батыстың құйтырқы саясаты немесе өз өнерін насихаттаудың арзан жолы
Gulistan
Жұлдыз деген супержұлдыз Қазақ көгінде жарқ етіпті ғой, танитындарыңыз бар ма? Міне, соны сеткаға салу керек:)
Abilakim
Анау«Алдараспандағы» кемиек Жұлдыз ба?
dark_nazgul
Сопрано ма? Алғашқыда Баянның «Бөртесі» болған?
janarbek
Қанша еңбек сіңіріп жібергенімен Актаваңнан секіре алмайтын әншілерді қалай тыңдағың келеді.Кимніңде әр жылдары модасы өзгеретіні секілді әншініде тыңдарман өзі таңдайды ғой, жаман болсада жас әншіні сахана қалаған екен ол нарық сүранысы солай боладыда.Осыдан келіп жаһандануға ілесе алмайтын әншілерді сахана өзі іріктеп жатқан жоқ па? бізде анау жақсы еді мынау былай деу бар соны заманауйлеп жіберу кемші ғой!
Aya
Оларға бола бас қатырудың түкке қажеті бар ма?! Оған бола өзі түте түтесі шыққан Қазақстанның заңын тағы да жырымдауға татымайтын дүние. Мысалы, Мейрамбекті алайықшы, сөз жоқ жүрекке жол таба білген мықты әнші. Сондықтан да уақыт өзі бағалап, орын орынына қояды реттеп.
salta
текке көкімей, амалын жасасаңдаршы. анау мынадай әнші, мынау мынадай әнші дегендеріңе қарағанда "өзі боқ, әні құсық" әншілердің бәрін танисыңдар. егер оларды тыңдамаймын десеңдер, олардың репертуарларын қайдан білесіңдер?! Әбіләкімнің өзегін өртеген мәселеге толықтай қосыламын. Жыртылып тұрып әншілерді жамандауға келгенде алдарыңа жан салмайды екенсіңдер, тыңдамаңдар онда, Құдай біледі әр қайсысыңда болмаса да үйлеріңдегі бір жанның соткасында «Пах, пах» пен «Шоқ қыздар» әні міндетті түрде табылады. Міне, сендердің өнерге берген бағаларың… көрермен талғампаз болса, «есектің артына байлап жіберетін» әндер, сахнаның төріне шықпас еді. алдымен өздеріңнен бастаңдар!
salta
және де журиктер сұрақ қоя алмайды деп жыртық шапанды біреуге жаба салуды бәрі біледі. осы әншілер екі сөздің басын қосып, сұхбат бере алады ма екен деген сұрақты неге өздеріңізге қоймайсыздар? мен айтайын Қайрат Нұртас деген ынжық бар, шешесінің аузына қарап отырады, шешесі не деп жауап береді, соны қайталап айтады. оның кругозорына сай келмейтін сұраққа жауап бермейді, тек қана "қандай тамақ жегенді жақсы көресіз, сахнада кімді сыйлайсыз, ұстазыңыз кім?" деген сұрақтармен шектеледі. ал, сіздер мен біздер секілді «талғампаз» көрермен Қайрат Нұртас дегенде қайнаған зәрмен дәрет сындырады. ал, енді ойлаңыздар БАҚ өкілдеріне пайда тапқан маңызды ма, әлде Бибігүл Төлегенованың мерейтойы қарсаңында берген сұхбаты маңызды ма? ойланыңыздаршы…
Aya
Өте жақсы айттыңыз, сол екі сөздің басын құрай алмайтын әншілердің ауызына сөзді журиктер салып береді ғой, өңдеп, артығын қиып, кем тұсын толықтырып. Соларды әулиесітіп болдық осы бар ғой…
salta
ай! эксперт сымақтар қайдасыңдар? әлде менттердің көз үшін істейтін пират дисктердің көзін құрту сияқты акциясын жалғастыруға кеттіңдер ме? типа мен тыңдамаймын бұдан кейін деп…
dark_nazgul
оу, не болды, келмей жатып?
salta
есіктен кіріп, төріңді бер дегеннен аулақпын әрине, менікі как всегда шындықты айтамын деп біреулерге байқамай тіл тигізіп алу ғой
dark_nazgul
посттың өзін, каменттерді тым болмаса бір рет оқып шықсаң, сенің соңғы екі каментің бос байбалам екенін түсінер едің, Сейлормуным)))
salta
да нуууу, карындас, кешіріңіз. бәрін оқып шыққанмын негізі, олардың қай уақытта жазылғанына мән бермеппін. менің ойымша бос байбалам емес менікі… әлде жанды жеріңізге саусағымды батырып алдым ба?
dark_nazgul
уахахахаха. бос байбалам болмаса ұр көкірек жалаң сөз))
salta
сізге жаным ашиды онда… билеңіз онда «шоқ қыздарға», «пах, пах» дегізіп жігіттердің онсызда оңып тұрмаған ойын іске асырыңыз… жол әне, алға онда, қызыл туды бердім қолыңызға… алма мойныңыздан бір иіскедім…
janarbek
salta Егер Нұртас шешесінің аузына қарап соскасын әлі еміп жүрмегенде біз оны тірі қоярмедік?
Алдымен осыған жауап береикші. Әлемді 17 жасында жудырығымен ақ елен еткізген Бегзатқа ие бола алмадық!!!
Енді сен жек көрсенде басқалар жақсы көреді Нұртасты.Қазір кім бақытқа басы айланып жүр деисің әр кімнің бір қайғысы ішінде.Олар ішкі шерін шығаруға Нұртастың әндерін пайдаланадыда?

әШоқ қыздардыә жек көреміз, оның тегі қырғыздыкі болсыншыақ бірақ бұл ән Беибіт Қорған айтып еді ел тыңдамаса жүре алмайтын болды… жарайды бұған реклам жасамай ақ қояиық…

МЕН қатты таң қалдым Бейбітке Екіжұлдызда ел шет ел әнін сөзін тұсінбеседе айқайлап шықса Беибіт бәрі бәрін қазақша аударап айтып шықты ешкімнен қалысқан жоқ!!! Міне қазақ әншілерінің патироттығы…
Ал жақсы жаман әнді тыңдарман өзі іріктеиді біз не істесекте шамаммыз оған келуден қалаған.Уақыт өзгергенін әлі мойындағымыз келмеиді осы біздің
saken
Беибіт бәрі бәрін қазақша аударап айтып шықты ешкімнен қалысқан жоқ!!!
Бейбіттің осынысына РИЗАМЫН!!!
salta
орден тағыңдар онда оған…
dark_nazgul
сенікі өнер үшін шырылдап отқа түскен шыншылдық емес, кейбір әншілерді тұлға ретінде жақтырмағандық па деймін…
salta
алма мойныңнан тағы да иіскедім…
dark_nazgul
алма мойнымның жұпары кетіп қалатын болды ау…
Abilakim
Беибіт бәрі бәрін қазақша аударап айтып шықты ешкімнен қалысқан жоқ!!! Міне қазақ әншілерінің патироттығы…

Патриот болса патриот шығар. Егер, сол сайысқа мен қатыссам мен де сөйтер ем.патриот болғандығымнан емес, тіл білмегендігімнен.
janarbek
Әншіге шет ел әнін айту ұшін сол елдің тілін білу қажеті барма екен өзі

Нотасымен сөзін жаттап алса жетіп жатыр.
(Шет ел жаңалығын сол елдің тілін білмеседе қара сәуегеиіне басып өңін аударып жобалап жаңалыққа қоса салатындардан не айырмасы бар деисің)))
Солай Abilakim шырақ))) Білседе білмеседе сөзін аудартып қазақ тілінде айту ұшінде қатты дайындық керек екенін шамалы уғатын шығарсың.Бейбіт оған жарап тур
guvik
менің ойымша мына жерде жеке ой емес, адамның жеке басына айтылған сөздер көп секілді
nurbergen_makym
Рэй Чарльздың 6 минуттық «What I’d say» композициясы концерттердің бірінде кездейсоқ импровизациядан туған ән. Концертте импровизация жасауына себеп, екі сағатқа жалғасады деп жарияланған концерт, аталған уақытқа жетпей қалған. Жұрт наразылық танытқан, ақшасын қайта сұраған. Амал, жоқ Рэй — импровизацияға басқан. Есесіне қандай туынды туды?!
Халықтың талабы мен талғамы ғана — таланттар мен шедеврлер туғыза алады. Тыңдарманның талабы мен талғамы ғана, әртістерді негрше жұмыс жасата алады. «Иса супержұлдыз» мюзиклында Әулие Петрдің өзі келіп, дарынсыз орындаса, наққа жіберу керек!