Коньки

Қыс та келді. Енді үнемі коньки тебуге барып тұруға болады. Мұз қатпаған кездері спорт кешендеріне барып тебуге көп ақша кететін. Күнде бірнеше сағат теуіп, одан соң тамақтанып алуға шығындалып қалуға болады. Қазір өзеннің үсті немесе арнайы корттарға барып өз конькиіңізбен тегін қанша сағат болса да сырғанай беруге болад.
Жалпы, коньки тепкен қызық қой. Дене алғашқы күндері шаршайды. Әсіресе сан бұлшық еттері сіресіп, буындар ауырады бастапқыда. Сондықтан, алғашқы күндері айдында үзіліс жасап демалып отырған дұрыс.
Конькиге кішкентай балаларды үнемі апарып отырған жақсы деп жататын: шыдамдылық, жылдамдық, денедегі зат алмасу процессіне әсер етіп, дем алу жолдарын ашады. Артық салмақ қосылып кетпеуіне де пайдасы бар.
Конькиден бұрын роликте жүру бұйырды. Ол мектепке кірмеген кез болатын. Сосын қыста коньки теуіп көру қызық болды. Айырмашылығы жоқ сияқты, тек коньки жеңіл әрі бұрылыстары, тормоз жасау жағы роликке қарағанда өте тез.
Конькидің хоккейге (астыңғы темірі сүйірленіп келген екі шеті), мәнерлеп сырғанауға (астыңғы темірінің алдыңғы жағы бұдырланған, тоқтау үшін, кейде сол ұшында тұрып айналады, артқы жағы түртбұрышталып келеді), алыс қашықтыққа жүгіруге арналған (астыңғы темірі ұзын, беговые норвеги) түрлері болады. Қарапайым қызығушылар арасында көбіне ерлер хоккей конькиінде, ал қыздар мәнерлеп сырғанау конькиінде сырғанайды.

Жүгіру конькиі



Жүгіру конькиі

Хоккей конькиі

Хоккей конькиі





Мәнерлеп сырғанау конькилері

Ең алғашында мәнерлеп сырғанауға арналған коньки болды, онымен түрлі трюктер жасауға болады екен. Бірақ, жылдамдығы аз. Кейін хоккейдікіне көштім. Оның жылдамдығы жақсы, бірақ фигурный конькидікіндей трюктер жасауға келмейді, есесіне экстремал бұрылыстар мен тоқтау жағы өте тамаша орындалады. Норвег конькиде көпшілік орында тебу қауіпті сияқты.
Коньки тебуді үйренудің көп тәсілдері бар екен интернетте. Бірақ өзім мұздың үстінде балалармен жарысып жүріп үйреніп кеттім. Коньки тебуге барғанда, жақсы тебетін балалардың жасайтынын үйренгіңіз келсе, тұрақты кортқа барып тұру керек сияқты. Аяқта тұрып үйренген соң, орташа жылдамдықпен сырғанай беру ұзақ уақытқа, денені шынықтырыу үшін. Шыныққан денемен түрлі бұрылыстар мен трюктерді орындап кетуге болады. Сырғанап келіп, кедергіден секіру, кедергі неғұрлым сәл биіктеу болған жақсы, шамамен тізеден келетін, сосын ақырын ақырын секіру барысында айналып кету, жерге түскенде артпен түсуге тырысу нәтижесінде, тормоз беру сәтті шығады әрі оны үйрену тездетіледі. Барлығы өз кезегімен бола береді. Дене шаршағанда трюк жасаймын деп көбі құлап қалады. Әйтпесе, кейбір адамдар құлаудан қорқады (барлығы құлап-құлап үйренді ғой), құлаған соң жатып алады. Ондай кезде, дереу орнынан тұрып кету керек, ештеңе болмағандай. Тормоз берудің сәтті шығуы да, артпен жүрудің жақсы орындалуы да, бұрылыстағы әдемі көріністердің барлығы алға қарай жақсы жүрумен жұмыс жасаған соң өзі шығатын сияқты.

Қызығушылық танытсаңыз, ютюбке кіріп қайтыңыз. :)
Бөлісу:

35 пікір

Abilakim
ең бірінші пимаға шандылып байланатын конькиім болып еді
asaubota
коньки тепкенде есте сақталуы керек ережелердің бірі: қолыңды қалтаңа салып теппе!
AL-ASTER
Ия.))) Мен қалтама салып тебем)) Сосын құлағанда, саусақтарды жинап алу керек (шашылып кететін тары емес әрине, тек коникимен басып кетпесін деген ғой), сосын құлағанда күрестегі страховканы жасау кк, әйтпесе дене көгеріп қалад
Aigolek
ол кандай страхоффка?
AL-ASTER
Видеосын көрсетейін дегенмін, видеосы сәл епсіздеу екен. Мысалы, құлағанда буынды жерге тіреп қалмау (сынып немесе көгеріп кетеді), жауырынмен түседі мысалы. Самостраховка ғой.
Aigolek
Мен коньки тебуды откен жылы гана уйренгем. Оган дейн роликты еркин тебетинмин. Тез ак журип кеттим бирак барибир когердим го, артпен (жумсак жермен))) куласан да когересин ))) Биыл мутыккалсам тагы бираз когерем го )))
AL-ASTER
… Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, хақың бар жүгіреуге. )

М. Мақатаев
balzaminka
жұмсақ жермен отыра қалмау керек, копчикке зақым келеді. Қыз бала босанғанда қиналады екен егер копчигі зақымданса
Abilakim
қолыңа пиваның бөтелкесін ұстап жүріп үйренген дұрымс.Құласаң қолың емес бөтелке сынады
Zhan
Екі рет барып бәрібір түк те шығара алмай қайттым. Бірінде Бәйтерек жақтағысына, бірінде әкімшіліктің алдындағы катокқа бардым. Сағатына 500 теңгеден. Конькиді киіп алып әшейін жүрдім де қойдым. Басқаларға қарасам рахаттанып сырғанап жүр, енді сырғанайын десем құлап түсем, мектептің оқушылары келіп тұрғызып кетеді. Биыл да барып көрем енді қатырмасам да…
asaubota
астаналықтар жиналып барсақ болады
Zhan
О, жақсы ұсыныс. AL-ASTER мырзаның өзі де келер ме екен?
AL-ASTER
Жиналайық. :)
asaubota
Астанадасың ба? ооо, давай онда бір күні жиналайық. шаңғы да тебуге болады.
AL-ASTER
Ия Астанадамын)) Қазір прокат әлі ашылған жоқ, жақын күндері ашылып қалар.
asaubota
иә, мұз қатқаннан кейін өзің ұйымдастырсаң келеміз :)
AKY
Конькиді студент кезімде үйрендім. Кереметтей болмаса да, тебе білем.
meirzhan
Өз конькимен барса, кірген үшін төлейді, ал уақыт жағынан лимит болмайды көп жерлерде.
meirzhan
Аптасына 1-2 рет болмаса, күнде барудан жалығады екен адам.
asaubota
үйленсе левый жүрісі көп болатын еркектің сөзі ))
Esmeralda
жай конькиді қыс келген сайын тебем) ал мәнерлеп сырғанауға қатты қызығамын:)
araika
Ең алғаш коньки тебуге барғанымда, түк «білімі» жоқ маған, көмектесемін деп қол ұшын созған еді бір жігіт. Біраз "қыдырып" жүргенімізде, шындықтың шырқырамасы бар ма? Жағдайымыз "Қотыр атқа соқыр ат" болып шықты, ол да бірінші рет келіп тұр екен :)
Былтыр жаңа жылда таныстар шақырып, қоймай апарған. Барғаныма өкінемін, аяғым үсіп, қаққан қазықтай бір орыннан қозғалмай қалдым.
Zhan
Жағдайымыз бір екен онда)))) Коньки теуіп үйренсем болар еді осы жолы…
araika
Астананың аязы маған кедергі келтіреді. Білем, үйреніп кетсең бойыңда жылынады катокта, бірақ бәрібір маған жақпайды

Биыл ашылғанын күтейік, бәлкім құлап жатып сізбен кездесіп қалармыз
omarbirat
Кәңки тебуді сол бойы үйренбедім.
asaubota
мен де елестете алмай отырмын сенің кәңки теуіп жүргеніңді. тіпті өзімді де елестетуден қалдым
monti
Қазір өзеннің үсті немесе арнайы корттарға барып өз конькиіңізбен тегін қанша сағат болса да сырғанай беруге болад.
нау орталықтар Астанада ма? уайййй, осы тегін коньки үшін көшіп кетуге болады екен ғой ол жаққа

осы уақытқа дейін байқағаным, кішкентай балдар тез үйреніп кетеді екен, салмақтары да жеңіл ғо, үлкендер қорқад құлаудан, балақайлар, и так ролик тебетін болған соң, жиендерім тез үйреніп кетті. Әсресе, Эпольдамен Рамсторға қар боратып тұрсада барып тұрушы едік, биыл көреміз не болатынын

ПЧ: мен роликті үйрене алмай/ақ қойдым
Aldeken
өмірімде 2 рет коньки сатып әперген үйдегілер, үйрене алмай кеттім сол күйі… Неге дейсіңдер ме, бірінші конькиді не в тему, туған күніме алып берді. Туған күн 23 наурызда, қар еріп жатқан кез. Сонымен ол коньки, келесі қысқа дейін үйдің төбесіне кеткеннен 3 жылдан кейін темірі тот басып, былғарысын тышқан кеміріп кеткен күйде табылып, қоқысқа кетті. Екінші конькиді алып берген кезде, 2 рет киіп көрдім, тебуге дух жетпей қалды. сосын темірін қағып алып, тақтайдың астына салып, нормальный самокат жасап, қызығын көрдік. Қазір корттардың қасынан өтіп бара жатып, қызығып кетемін. Үлкен ұлды апару керек биыл. Баратын болсаңдар айтыңдар, еу!
boztorgai
тышқан кеміріп

исроф болған дүние
balzaminka
Көп адамның арасында новичоктарға қиын, басқа кісілерге кедергі жасаймын деп, болмаса ана кісі қағып кетеді, мына кісі құлатып кетеді деп дір-дір етіп жүргенде уақыт та аяқталады, ухх деп қуана-қуана өткізеді конькиді сосын
saken
Астанада коньки тебуден халықаралық жарыс болып жатыр екен. Біздің операторлар тым-жақсы түсіретін болыпты ғой. Бір шетелдік аренада болып жатқандай ойлап қалдым.
Adiletshu
Шетелден шакырткан шыгар. Англия мен Қазақстан футбол ойннағанда сөйтіп еді ғой
AL-ASTER
Алдыңғы күні 5 бала жиналып, «Медеуге» барып сырғанап келдік. Очм, өте жақсы демалыс болды! Келер айда өз конькиімді алдырмасам, жалға беретін конькилер ұнамаса да, тебуге тура келді. )))
Алла қаласа, осы жұма не сенбі тағы да жиналып барамыз.
Шығын:400 тг (чоколайф купонымен) — Медеуге кіру үшін. Студенттік билетпен. 80 метроға, №6 автобусқа 80 тг — 160 тг бір бағыт.1000 тг — 2 сағатқа конькиді жалға аласыз.Кері 5 бала — 2000 тг такси метроға дейін, метромен үйге келдік — 2400 тг. Барлығын есептей келе, әр бала шамамен 2 000 тг шығындалдық. Есесіне, таза ауа, тау баурайы және Медеу! Шыны керек, өкпе тез шаршайтын болыпты, тұрақты барып отыру керек.Кофе — 120 тг )))
bizbike
Ех, күшті. Біз бұрын орбитада тұрғанда көрші ауладағылар өздері жасайтын мұз айдынын, бүкіл орбита сонда жиналып коньки тебетін. Сол кезде оқушымын, өзімді ұшып жүргендей сезінетінмін коньки тепкенде.
Содан кейін Ақтөбеде далада құйылған мұзға барып жүрдім, бірақ әсер ондай емес бәрібір. Астанада бір рет өзенде теуіп, желмен бірге жарысып келе жатқанда баспен құладым, оңбай құладым сол кезде. Содан кейін Оралдың мұз сарайына барып жүрдік, қызым да сонда үйренді бірінші рет екі алмасты конькимен. Екеуміз Ақсайдағы мектептің ауласындағы құйылған мұзға барып жүрдік былтыр қыс бойы, оған жеке коньки алып бердім. Жұмыстағы спорт кешеніндегі мұзға да барып жүрдім, бірақ бәрібір сол оқушы кездегі ұшып жүргендей әсерге жете алмай жүрмін. Соңғы рет қызым екеуміз Ақтөбенің мегасындағы мұзға бардық, жарты сағатына мың теңге алады қайыршылар.
Енді Атырауға көшкелі жатырмыз, ондағы мұз сарайын да көреміз, алыстау дейді білетіндер.