Таныс болыңыздар: talgatjez

Талғат Байназаров — talgatjez
Студенттік өмірін Жезқазған қаласында өткізген бұл жігіттің туып өскен жері – Қостанай. 1995 жылы қаладағы енді ашылған 2 қазақ мектептің біреуіне ата-анасы туған тілін үйренсін, оқысын деп берген. Кейін университеттегі оқуын бітіріп, өзінің оқыған С. Мәуленов атындағы гимназиясына математика мұғалімі болып оралады. Қазір Назарбаев Университетінде мұғалімдердің біліктілін арттыру курстарында оқып жүр.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Менің де КерекИнфоға келуіме Блогқұрылтай себепкер болды. Бірақ менің мақсатым — Назгүл сияқты репортаж жасау емес, бәйгеге қатысып жүлде алу деген «арам» ойым болған :). Ал Блогқұрылтай туралы Уордпрессте енді блог ашқанда, кк.уордпресстің басты бетіндегі ең қызықты блогтардың біреуіндегі (қайсында қазір есімде жоқ) баннерден білдім. Сөйтіп, Блогқұрылтайдың жаңалықтарынан хабардар болу үшін Керекке де тіркелдім.

— Күніне неше рет кіресің?
— «Күнде, интернет әр ашқан кезде Керекке кіремін» десем, сенбейсіңдер, иә?)) Негізі, кемінде бір рет кіремін. Бірақ пікір қалдырмаймын. Сондай әдетім бар… Мен кіретін сайттар да санаулы: пошта (джмейл), geogebra.kz, Керекинфо мен Туиттер.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— «Суреттер сөйлейді» деп Одмин аканың, Айжантабынның шығаратын фотожазбалары, сосын инет, технологияларға қатысты қызықты ақпарлар.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Мыналардың: (реті приоритетті білдірмейді) Қарасақал, Асаубота, Омарбырат, Гаста, Қисық пен Нұрғиса. Неге ұнататын пікірлер тек жігіттердікі ғана деп, қыздар ренжимесін, бірақ сондай боп тұр екен)) А, сосын АКУ да бар осы тізімде.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Керектегі жазбаларым саусақпен санарлық. Бірақ марқұм matemkz-дағы жазбаларымды, әкем, қарындасым, оқушылар, әріптестерім-бәрі оқитын)

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Логотип керек. Өзіндік қайталанбас әдемілігі бар, ерекше логотип.
Сосын сайтта видео-звонок деген функция қосылса… деп қуып кетсем, ә?))
Қалжың! ) Жоқ, қосатыным жоқ. Бәрі әдемі, маған ұнайды.

Пысы: сұрақтарыңызды 16:00-дан кейін қоюларыңызды сұраймын, оған дейін сабақ :).
Бөлісу:

116 пікір

Abilakim
«Болар баланың боғы тік тұрар» деген сөздің дәлелі осы жігіт негізі
talgatjez
Болар баланың боғы тік тұрар
не деген тапқырлық!)))
sammita
білімді жақсы бала деп естимін.
a63a1
Математик екенғой, математиктерді қатты силаймын, математик емеспін бірақ есеп шығарып бас қатырып шешімін тапқан қатты ұнайды.
talgatjez
есеп шығарып бас қатырып шешімін тапқан
маған да ұнайды:)
TERISKEY
Талантты жігіт бұл, сыйластығым мен рысбегім ерекше!
asaubota
Дядя Шал Талғаттың Геогебра жобасы туралы lyakhov.kz/pancakes/11/111118.shtml
sammita
Өзіңді де құттықтаймыз:)
omarbirat
БЛИН С КРАСНОЙ ИКРОЙ дейді. Талғатқа құтты болсын айтпасқа себеп көрмей тұрмын :)
talgatjez
Рахмет, өмірімде сізді бір-ақ рет көрсем де, ықыласыңызға ризамын :)
araika
Мына жердегі "өмірімде"-ні алып тастасақ немесе орнын басқа сөзбен ауыстырсақ қалай болады? Әйтпесе, Омар ағай «енді кездеспейікші» дегендей саған :)
talgatjez
"өмірімде" дегенді реалда (оффлайн) дегенім ғой, әлі де кездесеміз деп ойлаймын)
talgatjez
Дядя Шал Талғаттың Геогебра жобасы туралы

Әй, Адин ағаның кішіпейілдігін-ай! Өзі туралы жазылғаны бар болса да, алдымен бауырларына жол бергені не деген қарапайымдылық :)
Aizhantabyn
)))) ote kuanywtymyn! Kyzyk! Barlyk userdi tanimyn desem!!! Kuwti!
ErNur
Ия Талғат салмақты жақсы жігіт, блогқұрылтай кезіндегі волейбол ойынында таныстым Талғатпен. Бір командада ойнағанбыз қасындағы жерлес жігіт (еімін ұмытып отырмын) екеуін бір-біріне ұқсатып ағалы-інілі деп ойлап қалғанмын :) Волейболды да жақсы ойнайды Талғат.
madlen
Еркебұлан, дебат туралы блог жазатын
talgatjez
Болашақта Керекинфо барлық қалаларды «жаулап алғанда» қалалар арасы Керекбол дегенді ұйымдастыру керек! Блогкемптегі ойын өте ұнады. Бір — бірімізді танымаймыз. Бір түрлі пас та сұра алмайсың. Тыныш қана жүріп, доп алып, ұра бересің. :)
Janasil
Астанаға қош келдің!!!
serjan
Танысқаныма қуаныштамын әріптес, осы сайтта мен білетін 3 қана мектеп мұғалімі бар.
patick
Бірқатар керекші қыздар сырттай ғашық десем — құпияларыңды ашқан жексұрын болам ба? :)
asaubota
сол ғо, кеше бәрі жабалып сұрағасын Талғатты кезексіз өткізіп жібердім :)
madlen
оны өзі де біледі :)
AKY
Иии, қідай жірек-ай:)))
yerbol89
Талғатқа сұрағым. Таке Еркін досым қалай екен? Шаршамай жүрсіңдер! Нақты сұрақ Назарбаев Университетіне қалай оқуға түстіңдер? Қандай емтиханнан өттіңдер толығырақ жауп берсең?
sammita
мұғалімдердің біліктілін арттыру курстарында оқып жүр
деді ғо. Курс.
yerbol89
Түсінбегенім менің Еркін деген группаласым сонда оқып жатыр. Бірақ ол мұғалім емес еді енді биыл ғана оқу орнын бітірген болатын. Сосны сұрап жатқаным қандай емтиханнан өтті екен деп.
dark_nazgul
екі мың онда Тараздан бір бала түскен сол Нуға. есімі Нұрсұлтан Әбішев дейді )))
karik
Нұрсұлтан Әбішев болғаны үшін емтихансыз өткізіп жіберген шығар, ә!..)))
sammita
универде кәдімгідей оқитын болар группаласың.
talgatjez
Біздегі оқуға мұғалімдік тәжірібесі болмаса да қабылдай берген, ағылшынды жақсы білсе болды. Ерекең енді информатик мұғалім болып Шым қалаға оралар келер жылы.
Gulistan
Сонда оқуларыңыз бір жыл ма? Астанада уақытыңызды тек оқуға бөлесіз бе әлде қосымша жұмыс қарастырып жатырсыз ба? Оқу кестесі ыңғайлы ма?
talgatjez
Оқуымыз 1 жылдық. НақтырақДәлірек айтқанда, 10 ай. таңғы 9.15-тен 15.00ке дейін күнде лекция сабақ. Қазірше оқу ғана, келесі семестрдан бастап, практикаға Астанадағы Н. мектебіне практиға барамыз.
satvaldo
Нұрорда ма, брат?
talgatjez
Назарбаев Университеті Назарбаев Интеллектуалды мектептерге 100 мұғалім дайындап жатыр, мем. тапсырыспен.
satvaldo
кезінде бізге мұғалім бол деп ешкім айтпап еді. сіздерге қарап қызығып отырм. дерзайте!
talgatjez
Кеш емес әлі, келесі жылы тағы 100-200 мұғалім қабылдайды. Ағылшыншаңыз жақсы болса, сіз де қосылыңыз!
Zhan
Жақсы инфо екен ))))
serjan
100 мұғалімді қалай іріктеді сонда.
KILYZAMAN
Үйрене білуге құштарлығыңды дәлелдедің — үйретерің көп болғай сол универге :-)
talgatjez
Еркін досың — менің де досым. Аман-есен оқып жүр! Жақсы жігіт, жақсы араласамыз.
Назарбаев Универіне конкурс бойынша өттік.
Басты критерий — ағылшын тілін білу.
Назарбаев Мектептеріне мұғалімдерді дайындап жатқандары ғой, Қазақстан бойынша 100 мұғалімді осы конкурс арқылы іріктеп алды. Курсты бітіргеннен кейін, сол мектептерге барамыз.
Емтихандарына келетін болсам, былай: Барлығы үш тур болған.
1-Ielts 4.5-нан артық, ол мат-физиктерге, ал ағылшын пәні мұғалімдеріне 6,0.
2-Эссе
3-Сұхбаттасу.Барлық турлардан сәтті өткендерді курсқа қабылдады.
Грант. Шәкіртақы алып жүрміз.
KILYZAMAN
Әу деп бастағаннан келелі істің тізгінін ұстаған бауырыма қарың талмасын дегеннен басқа ешнәрсе жоқ. Барымтаны(егер солай деп айтуға келсе ;-)) ұрымтал жерден жасадың, сөз жоқ. Сен сияқты ғылым мен ілімнің орманынан шу асауларды қазақы танымға(тақымға) бағындырар санасы саралы бауырларымыз көп болғай!
satibaldi
Мына шалдың өтірік әңгімесін аттап өтіп кетсеңіз болады жауап кезінде.
KILYZAMAN
Шын әңгімеңді айта отыр…
talgatjez
Рахмет, Сейітжан аға! Аударманы жасап болғаныммен алғашқы болып құттықтаған сізге алғысым шексіз!
satibaldi
Әу деп бастағаннан келелі істің тізгінін ұстаған бауырыма қарың талмасын дегеннен басқа ешнәрсе жоқ.
Сол ғой нақ: қаззақтарда игі тілектен басқа ештеңе де жоқ.
Gastarbaiter
қаззақтарда игі тілектен басқа ештеңе де жоқ.
Қойса келетін адам сияқты айттың ғой өзің
madlen
Сұрақтар:
1. Қыздардың көпшілігін блогкэмпте әбден құлатып кеттің. Оның сыры неде?
2. Қазіргі уақытта қызың бар ма?
3. Астанада қиын мес па? Үйден алыс болған қалай екен?

Басқалар пікір жазбасын! Без комментариев. Талғаттың өзінен ғана жауап күтемін.
Aya
блогкэмпқа бара алмай қалғаным қандай өкінішті еді, Талғатты көре алмай қалғаныма шын өкініп отырмын дәл қазіргі сәтте((
talgatjez
1- Мен де бұл сұраққа жауап таба алмай, далмын) Негізі, психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ))).. Менің ойымша, старт-аптағы презентациямда жатыр сырдың бәрі. Былай ғой, тек қыздар үшін ғана емес, кез-келген адам жаңаша, ерекше, басқаларға ұқсамайтын заттарды жақсы көреді. Қыздардың маған назар аударғандарын «Алдымен өзімді таныстырып кетейін. Математик-мұғаліммін» деген сөзден кейін байқадым. Еркебұлан екеуміз сияқты универ бітіре салып, мұғалім болған жас жігіттер аз кездеседі. Сол жағынан ерекше көрініп қалдық.
2-Бұрын болған, қазір жоқ.
3-Астана жақсы қала, маған адамдары, универ де ұнайды. Еш қиындық көріп жатқан жоқпын, шүкір. Үйден алыс, 4 жыл Жезқазғанда оқығаннан кейін бұл-түк емес))
Nurgisa
Мә, Талғат, ұялмайсың ба, қарасақалды тағынан тайдыратындай не күн туды басыңа :)
Садық неге көрінбей кеткенін… Кіммен әмпей-жәмпей боп жүр екен…
madlen
Не болды сонша қынжылып :))) Сұрақ қоюға да болмай ма?! Мұндағы көп қыздардың сұрағы ғой ))
Садық Малайзияда жүр, крутик, бізге қарамайды енді ))))
Abilakim
Қыздардың жігітті күте алмайтындығының қарапайым дәлелі. Бірақ, ол сізге, сіз оған кім едіңіздер күтетіндей?
madlen
не деп кеттіңіз, Садық Малайзияда қыдырып жүр дейм, сол!
madlen
Сұхбатыңа рахмет! :)
talgatjez
Эстафетаның реті келгенде сенімен танысармыз)
Nurgisa
Талғат деген есімнің өзінде АЛҒА! деген ұранның болуы біраз нәрсені аңғартуы керек. Алғыр шәкіртің көп болсын, ұстаздың ұлағаттысы атан, бауырым!
talgatjez
Рахмет, айтқаныңыз келсін!
dark_nazgul
сағат төртте Талғат өзі келгенге дейін мына жер оффтоп болып кететін болды))
talgatjez
Ал, үлкен Сәлем бердік бәріне!!!
Gulistan
Ал, Талғат Жез, қарша борат енді:)
talgatjez
Ареке, жақсы идея екен!
Мынадай ой бар, осы эстафетадан кейін Өзі туралы ақпарат деген жерде осындай өзіне қатысты парақшаларға сілтеме қойып кетсе. Жаңадан келген қолданушыларға білетін адаммен пікір алмасу, осы ортаға сіңісіп кету әлдеқайда ыңғайлы болар.
asaubota
оны әркім өзі қосып алуына болады профиліндегі Өзі туралы деген бөлімге :) ал былай «байлау» қиындау. бәрібір қолмен жасалынуы керек.
talgatjez
Ок, қосып қойдым. Сайт деген жерге, «марқұм» блогымның орнына:)
asaubota
Талғат, қандай музыка тыңдайсың, қай жанр ұнайды? былай рок, рэп тыңдайтындарға ұқсамайсың :)
talgatjez
рэп тыңдайтындарға ұқсамайсың :)
репті онша ұнатпаймын. Бірақ Еминемнің кейбір өлеңдері ұнайды. Тыңдаймын, ағылшынымды дамыту үшін ғана. Ал жақсы көретін группам бар. 8-сыныптан бері Linkin Park. Ондайға ұқсамасам да, тыңдаймын. Солардың (Linkin Park өлеңдерінің) сөздерін жаттап, айтып жүретінім бар))
bazuka
спортқа қалайсыз?
talgatjez
Волейбол, баскет, футбол, үстел теннис — бәрін ойна берем, достарым қайда шақырса соған барам. Кейінгі кезде Ербол89-дың досы Еркінмен бассейнге барып жүрміз. Сол жігіт 5 жыл қатысқан екен. Қазір мені үйретіп жүр :)
araika
Математиктерге деген құрметім өзгешелеу. Өзіңді «марқұм» жазбаларың арқылы танимын. Әлі талай тың дүниелер туындатарсың, мақсаттарың іске ассын!
talgatjez
Рахмет, Арайка! Саған да тілерім осы!
meirzhan
Марқұм демей-ақ қойықшы :) мысалы, webpvn.org арқылы әлі де оқуға болады
talgatjez
Бұндайды әр адам біле бермейді.
Сайттың адресін терген кезде бірінші google.kz ашып, сосын іздеу алаңына блог адресін теретін адамдарға не айтасың?:))
asaubota
Сайттың адресін терген кезде бірінші google.kz ашып

үлкен жетістік! менің айналам әлі mail.ru-да.
meirzhan
Бізде бір интернет салон бар. Баннерінде
«Internet. mail.ru»
деп жазып қойыпты. Көрген сайын күлем, құдды бір мэйл.ру-дан басқа ешқайда кірмейтіндей, басқа сайттар ашпай ма деп.
araika
Талғаттың сөзімен жазған едім, оның үстіне мына адресті де білмеуші едім
dark_nazgul
Мұғалімдік әйелдердің кәсібі болып кетті ғой қазір. Ер мұғалімдер өте аз. Мұғалімдікті таңдауыңа не түрткі болды?
talgatjez
Алдымен, не үшін математиканы таңдағанымды айтқым келеді. Адамдар әдетте технарь мен гуманитар болып екіге бөлінеді. Мен гуманитарияға жоқпын. Сол үшін технарьлықтағы нақты ғылымды (точная наука) үйренгім келген. Сол үшін математика деген мамандықты таңдадым. Арада 4 жыл өтті. Математиканы бітіріп мұғалім болу шарт емес еді, негізі. Бірақ практикада жүріп, бір-екі сабақ беріп, бұл жұмыс қиын емес екен, қолымнан келетініне көзім жетті. Сосын кейіннен басқа мұғалімдерден балалардың мақтағанын естігенде, мұғалім боламын деп шештім. Сосын универ бітіріп, басқа салаға (банкинг, бизнес) кетіп қалсам ба деген ойларым болған. Бірақ барған жерде «Тәжірибең бар ма? Жоқ болса, алмаймыз» деген жауаптар алдым. Сөйтіп, соңғы амал ретінде (на запас) мұғалімдікке бет бұрдым. Оқу басталғанда 1 аптадан кейін орналастым бұл мектепке. Оған дейін, Астанада жұмыс іздеумен жүрдім. Сол.
qisyq
Есеп шығарғанды жақсы көремін. 11-ші сыныпта БҰТ-қа дайындалып жүріп, репетитор ағай екеуміз бір есепті төрт-бес сағатқа дейін шығарып, одан шықпаса көрші ауылдағы мықты математик ағайға тартып кетуші едік…
Бірақ, қазір ол саладан алыстап кеттім.
Талғат, есіңде ме шаршау туралы жазғанда кеңес беріп едің ғой, соған дайындықты бастап кеттім:))
talgatjez
Ооо, керемет! Бастамаң құтты болсын! Шаршағаныңды жақсы басады. :))
asaubota
мұндай керек инфомен неге бөліспейсіңдер?
talgatjez
:) әбден қызықтырып жібердік қой деймін, иә? Бассейн ғой.
asaubota
ааа, жарайды қалсын онда. мен пиво шығар десем.
Gastarbaiter
Салмақты жігіт, виртуал-мінезі Омар быратқа ұқсайды.
Lyaila
Бұл «кейіпкеріміз» туралы менің қосатыным: өте мәдениетті, білмекке құштарлығымен сүйсіндіре білетін талапты азамат! Осы мінезіңнен тайма! Тек сәттілік!
talgatjez
Рахмет, Ляйла, саған да бұл эстафетаның келуін төрт көзбен күтемін)
TERISKEY
Блогкемпте қасыңда жүрген Еркебұланмен жақсы таныс едім, ол қазір қайда? Араласып тұрасыңдар ма? Керекке неге кірмейді?
talgatjez
Араласып тұрамыз міндетті түрде. Жазда АҚШ-қа барып келген. Қазір Қостанайда. Басқа жұмысқа ауысып кеткен. Ал Керекк неге кірмейтінін білмеймін.
meirzhan
Award.kz құтты болсын! Барлық жұмыстарыңа, бастамаларыңа, Геогебраға сәттілік!
balzaminka
Талғат, оқуыңда сәттілік тілей отырып мынаны сұрасам деймін.

Ұстазға оқушылардың назарын сабақ барысында ұстап тұру қиын, әрі қызықтыра білу керек, осы жағдайда сен не істейсің?

Оқушыларыңның естен кетпес сәттерімен бөлісе кетсең, рахмет :)
talgatjez
Таксс, былай ғой, бір жерде көріп едім осы. Жақсы, қызықты сабақтың сыры ДДД деген 3 әріпте жатыр.
Олар Дайындық, Дайындық, Дайындық.
Дайындықсыз сабаққа келген мұғалімнің оқушыларының жалығуы — заңдылық.
Сосын айтпақшы ГеоГебраның да көмегі бар))
Мұғалімдік туралы айта берсем, бітпейтін әңгіме, негізі.
Ал, екінші сұраққа келер болсам, ондай сәттер көп болған жоқ. Сынып жетекішілік жасаған емеспін. Сол үшін сабақтан тыс онша араласқан жоқпын. Жексенбі сайын ойнаған футболдарымыз болмаса…
Make your own slideshow with music at Animoto.
araika
Менің сұрақтарым: 1)Мектепте жүргендегі математикадан үлгерімің қандай еді?
2) Егер басқа ұсыныс түсіп жатса, мұғалімдікті тастап кетер ме едің?
talgatjez
Хехе, жақсы сұрақ) (2-ші)
1-Математика ең жақсы оқитын сабағым ед.
2-(Ұсынысқа байланысты) Әзірше, жоспарлаған жерде мұғалімдік жасасам, бұл жұмысты тастайтын ойым жоқ.
Бірақ өмір бойы мұғалімдік жасау да жоспарда жоқ негізі.
Кішігірім нәрселерден бастау керек қой.Бастау жаман емес сияқты.
VKM
Маладес екенсің, Талғат. Жұмысың алға бассын! Назарбаев Университетінің қасынан күнде өтемін)
Сұрақ: мектептен бәрібір кетесің ғой ғылымға?
AKA
Оқуыңызға сәттілік, биіктерден көріне бергейсіз! Сұрағым: Мұсылманның бес парызын қаншалықты өтеп жүрсіз?
Zhan
Мектепте оқып жүргенде есепке қызықпаушы едім, осы пән мен үшін ең қиын пән сияқты. Жалпы баланың математика пәніне құштар болуы үшін ол баланың өзінде интерес болу керек пе әлде мұғалім әсер ете алуы керек пе?
neoman
Әрине, мұғалімнің рөлі зор. Бірақ барлығы балаға және оның ата-анасының қадағалауына байланысты шығар. Ата-ана бақылау жасап, қиындық туғызған жерлерін түсіндіріп отыруы қажет. Сабақты түсінбей жүрген балада қызығушылық та болмайды.
Сондықтан бірінші ретте баланың өзі немесе ата-анасы әсер етуі қажет. Болмаса, әкесі сабап жүріп оқыту да — өте тиімді тәсіл
Gastarbaiter
Болмаса, әкесі сабап жүріп оқыту да — өте тиімді тәсіл
Аха, менің досым әкесі байлап қойып сабағанының арқасында Гарвардта оқып жүр:)))))
ushkin
Талғат блог ашқанда алғашқылардың бірі болып комменттеп кеткен екенмін. Оны өзі Блогкампта жүргенде айтып еді. )) Осындай блогшылардың болғандығы қуантады.
ushkin
бір пүліс атсам деп едім, плүстейтінді алып тастағансыз ба, Админ ағай?
meirzhan
посттың сол жағын қара :)
asaubota
жиі келіп тұр сайтқа :)
madlen
келесі кейіпкер қашан?
neoman
Танысқаныма қуаныштымын, әріптес!
Әріптес деуімнің себебі: мектептен кейін мамандық таңдағанда менің басты талаптарымның бірі математика-физикаға мейлінше жақын болуы еді. Математикасы жоқ жерге аяқ басқым келмейтін. Осы күнге дейін жұмыстағы тапсырмаларымның ішінен есептеуді қажет ететіндерін рахаттанып жасаймын ше:)
Erkebulan-Kostanay
Комментті оқудың өзі бір еңбек екен)
Құтты болсын Таке!!!
estetika91
Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын №2 мектеп-интернетта оқып, математика саласына қарай кетіпсіз. Мұның сыры неде?