"Шаба деген кім?"
Басқаларын қайдам, өз басым «Хит ТВ» арнасының жаңалықтарын қабылдай алмаймын. Тілшілері қалай болса солай мәтін жазып, эфирге жібере салады. Мүмкін, жаны ашитын қазақ басшылары жоқ болғасын шығар. Бұл көрермен ретінде мені қанағаттандырмайды. «Хидлайнер» деген бағдарламасымақта «Шаба деген кім соншама?» дегенге саятын сюжетті көріп, ішім жылады. Өз басым Шаба Әденқұлқызын құрметтеймін. Соншалықты танымал емес шығар, бірақ біздегі көптеген жұлдыз болып жүрген жандардан әлдеқайда биік деп ойлаймын. Даусы жағымды, ұлттық өнерден сусындап, елім деп шеттен келген қандасымыз. Үйдегі 14 арнадан татымды түк таба алмай отырғанымда, Хит Тв-дегі даусы таныс қыз зуылдап жатыр екен. Есімде қалғанын айтып берейін: «Бізге Шаба деген біреудін концертіне шақырту қағазы келді. Біз оны танымайды екенбіз. Кім екенін білейік деп барсақ, Тоқтар мен Бейбіт тағы басқа жұлдыздар жүр екен. Бір қызығы, Шаба бірде бір клип түсірместен, жеке концертін беріп жатыр. Мұнысын түсінбедік. Концерттен соң Шабаға тезірек клип түсір деп ақыл айтамыз». Есімде қалған жолдар осы болды. Сонда, танымал болу үшін тек клип түсіру керек пе?! Бір-бірінен аумайтын, ашық-шашық, арзан бейнебаяндарға көзіміз тойды.Нұрғали Нүсіпжанов бастаған біраз азамат клипсіз-ақ құрметке кенелді ғой. Хит Тв-ның ақыл айтқыш тілшілері жұртты сынап-міней бергенше, өздерін түзеп алса екен…
ал Шаба туралы айтқандары енді дұрыс емес екен.
P.S. Рунилердің фанатымысыз? :) Ендеше, бүгін Бенфикадан айла асыруларыңызды тілеймін!!! :)
Манфан, жазбаңызға тәнтімін. Админ айтпақшы, Ит-твнің клипке басымдық беруі клип түсірсе өздерінің каналында айналдырғаны үшін ақша бопсалауға мүмкіндік алады ғо, ротацияларынссс… Сол сепбеті танымалдылықты клиппен өлшеуінің мәнісі сондашығар. Ал, жазбаңызға келсек, Хит-твні серьезный канал деп қабылдайтындарды әлі көрмедім… Ертең Шабаға жанашыр беделді жанның біреуі каналдың қожайындарына телейфон шалса, әлгі қанден-тілшілер мүләйімсіп, мақтап шыға келеді. Сеніңіз…
Ит ТВ мен Шарбекова туралы бұрын пікірілерімді жарияламаған сияқты едім…
әлде Жансаяны қызғанған түрің бе??? )))))))))))
ӨЗіңдікін өзің жаза аласың ғой,әрине жаза аласың. Просты осының алдында жаздың ба?