Кровь и песок
Бұрындары осы сайтта ара-тұра айтыстар өтіп тұрушы еді. Алиша секілді келіншектермен кеңкілдесіп отырып айтысатын айлы түндер мен күнді күндер кімнің есінде? АКУ-да қалыса қоймаушы еді? Ал, жаңадан келіп қосылып жатқан қыздардың, келіншектердің ішінде ондай өнерлері барлар бар ма екен? Жалпы, қыз-жігіттер бір-біріңді айтысқа шақыра отырыңдар.
Жалпы Алишадан алмай-ақ, өзім де алып кетер едім, құдайым ондайдан мақұрым қылыпты ғой мені;(
Ақындыққа бір шама таяу туған
Алдымнан атып шықсаң жолды кесіп
Шалып кетем байқаста, мен антұрған!!!
Сыртында болад екен мал аласы
Талассыз көлденеңнен құлай салмай
Айтарыңды айтып қал, Қожабек баласы
Талассыздың ішінде мұң наласы.
Аты Арам, заты адал жан боларсың,
Көрейік сөздеріңнің бір парасын.
Қара сөздің өзінен қалыс қалғам,
Ешкімменен айтысып көрмеп едім,
ұйқасымды елеме шалыс туған.
Шумағыңнан байқалмайды ұйқас нашар
Атым арам болғанмен жаным таза
Түлкі алмайтын ит аты бөрібасар
Тақым қысып алыңыз, мығым қонып
Қара сөзді жебедей ұшын жонып
Ойларыңды жинақтап, дайын отыр
Айтысымыз созылса «айға» толық
Қарша борап, жіберсең боран долы
Тек тұрмаспын, алармын менде орып
Берілсеңіз оңайлықпен, қарап қалмай
Қанжығамда кетерсіз олжам болып
Сөзден қалқан жасадым шекпеніме
Төтеп бере біліңіз екпініме
Ережесін айтыстың өзің қойғын.
Атым болмас кедергі тектігіме!!!
өнерім болмаса да, жұрттан асқан.
қозыдырып делебесін жібердің ғой,
үйректің көлін қорып, ұя басқан.
Қомдайын қанатымды, мойным созып,
Келер, бәлкім, бәйгеден атым озып.
Қарща борап, долырып кетпесем де,
Есемді жібермеспін, сөзім осы.
Қарымымды байқайын, жете алар ма екем табысқа,
тізгініңді тарта тұр, үзеңгіңді қағыс та.
Ережесін айтыстың аманаттап намысқа,
Бісміллә деп түстім мен көрмеген бұрын жарысқа.
Бастамайын, тап беріп сізді жұлқа
Майда сөзбен суарып пырағыңды
Шөп еткізіп жетіп алып сүйдім қалқа!
Қуып берсең кетейін шаң шығарып
Жетсең ал, қамшыңменен қан шығарып
ОЙқыш ойқыш жырамен кеттім менде
Осы өлеңге беремісің ән шығарып?))))
Ән шығарып бермеспін, кеше көргін)
Өзгенің жазған әнін айтушы едім,
тербетіп отырғанда бесігімді.
Мінгенім майда жүріс жорға менің,
Тайпалтып, асықпай ақ, жетем саған.
тап беріп, соққы астына алмай тұрып,
Тағы бір сүйгізіп ап кетем саған.
Қызба мінез тұлпардың қарымы аз,
Ұзаққа шыдамайды, шабысы аз.
Болдырып қызба тұлпар, шаршағанда,
Қағармын арқаңыздың шаңын біраз.
Демеймін бірақ толық құшыр қанды
Шөлдегенге су бермес қатыгезбең?
Ең алғаш бір сұрауым қысыр қалды
Қызба жүйрік! Шабанға телімегің
Сөз қисынын ұқсатып табар ебін
Ә дегенде жоқ болып болдыраған
Ұшқырлардан оқ озып келіп едім
Ал қане жауап берші сауалыма
Дем беріп, үрлеп жаққан жалауыма
Ұтылсаң осы айтыста, Арамзаның
Силық етіп не бересің қалауына?
Кімге де бақ пен дәулет келмес жеңіл.
Қызба жүйрік тұлпар ма, қой торы ма,
Байқармыз пырағыңның шама шегін.
Ерекеңдей шайырдың шабысы ұзақ,
Шаңына ілесе алмай, біз ұтылсақ,
Адам жаны, қасқалдақ қаны емес қой,
Аларсың қалауыңды, тұрсаң сұрап.
Мәрттіктің қай кезде де болмас шегі,
Сыйлықтың арзан қымбат жоқ есебі.
Ұтылсаң деп, бағымды байламашы,
Жақсы сөз жарым ырыс демес пе еді?
Шыңдап алу өзіңді әрекетім
Силығыңыз сол болсын Назгүл ханым
Ару тауып берсеңіз, жар ететін
Тек өзіме мәлім боп жағыдайым
Қалмасын деп құпия, ашылайын
Ауа теуіп сандалған сұр бойдақпын
Осы жайтты несіне жасырайын
Текті қызға осылай қолқа салдым
Жүк көтерген халқының қара нармын
Қыз табалмай жүр екен деп ойламаңыз
Текті жерден болсын деп жүрмін жарым
Қосылып, сөз майданын қыздырайық.
Елінің ардақтысы болар жансың,
Бір ару бар ғой түбі, сізге лайық.
Додасы сөздің мені шыңдары анық,
Ер мінезді қыз едім, ойлары нық,
Қыз көретін жігітті біз көрелік,
Арамзаның пердесін сыпыралық.
Бүгінде әр адамда бар екі өмір.
Бірі болса фәниде, бірі «мой мир».
"Әлемімде" бар еді текті арулар,
Тани алсаң, құрықты бір салып көр.
Ойлама, жеңгетайлық жасайды деп,
Болады бұйырғаны жаратқанның.
Қызға сөзді бүгінде кім айтпайды?
біледі арғы жағын сенің бағың.
Кезікпей әлек болдым сол бір жанға
Құрығыммен бұғаулап салып көрдім
Құрыққа емес, жүрекпен сүйер барма?
Қырғидай көзді салдым көк белеске
Қарауытып сағым боп тұр елестеп
Барғой бірақ сүзгімді тесіп бітті
Шөп желкелер, өріп жүр желдей ескен
Ауда құрып әлекпін қармағыммен
Нені ұттым, қандай пайда қармадым мен?
Алтын балық түсер деп жанталастым
Шабақ балық түскенге зарладым мен)
Жә, жә болар, кетпейін жөнсіз шауып
Салайық біз осы арада ойын сауық
Көкейіңді айтылмай қалған ойды
Іркілмей айт, қоймаңыз жылы жауып!
Артыңмен сүңгірдей боп сасқан қиын.
О заман да бұ заман, міндет жүктеп,
Біреуге әкеп біреуді қосқан қиын.
Жан едім, желге шашпас берген сөзін,
Досты да талғап таңдар, сынап өзін.
Мирымда шөпжелкені топырлатпай,
Қосамын тек реалда көріп көзін.
Көкейде қалған сөздің атасы өлер,
Жалт етіп, тұра қашсам, жұртым сөгер.
Егер мен осы айтыста құлап жатсам,
Мой мирға дос болам деп қатыс жібер.
Жеңілсем, достық қолын созам саған,
Қонақ боп, келіп кет деп жазам саған.
Достардың арасында арулар бар,
Бір сұлу сонда шығар, сен аңсаған.
ұйқасым ұйқасқа да ұқсамайды,
Айтқанымды сал жігіт ұқса қайда?
Жеңіп жатсам қандай сый алар екем,
Сол болды, жатсам дағы, тұрсам уайым.)))
Бермесе алам жолынан
Осы қыста үйленем
Келсе менің қолымнан
Айқайлап ән айтамын Назгүл шырақ
Өлеңнен сен отырсаң құрақ құрап
Сұрағанға береген менің қолым
Қалауыңды берейін алшы сұрап.
Мирыма да достықты құп алармын
Көп болғай, ләйім сенің қуанарың
Виртуал әлемі емес, шын өмірде
Шай ішіп кездесетін туарма күн?
Сыр айтып, өзің жайлы білсем екен
Қай елдің қызы екенсің, туған мекен?
Айтыстың шырқын ашып бір тасташы
Өзің жайлы бейхабар қалған екем) ееей ааай игигайым-ай!
Тойың тойға ұласса, қуанамын.
Үлкен тойда тілеулес әпкең болып,
Бұйырса, әнім шырқап, қыздырармын.
Айт дейсің, өзің жайлы сыр тарқатып,
кімсің деп, қайдан шықтың, келдің қайдан?
төрт ата Төртуылдың бір қызымын,
«Баймұрат» ұранымыз, елім найман.
Атамыз, Бұқа батыр, ерден екен,
найзаға шаншылғанда қанша жерден,
«Сонда да сенен биік тұрмын ғой» деп,
Қалмақты мазақ қылып күлген екен.
Өз бабам кие қонған Қарамолда,
Шайтанның шашын алған, ел аузында.
Бір елдің указной молдасы екен,
Тарбағатай тауының бауырында.
Әжем ед Төртуылға жыр әкелген,
Әнімен, сәніменен бірге келген.
Нағашым қаракерей, үлкен ата,
Аруағы батыр баба жебеп жүрген.
Туыппын Алматының ортасында,
Білім менен ғылымның ордасында.
Ауыл осы десем де, жан сенбейді,
қазақша тілім таза болғасын ба?
Атыңды Арам деуге тілім бармай,
Сөзіңе елтігенде шекер балдай.
Қарымта сөз кезегі саған келді,
Айтсаңшы, атың қандай, затың қандай?