Байтасовтың суреттері

Өткенде Таразда болған жарылыста ерлік көрсеткен Байтасовтың суреттерін алып едім. Назар аударыңыздар. Ең жаманы 21 қараша баласына сүндет(арнайы sammita үшін) той жасамақшы болыпты. Әттең… Жарылыс туралы айта берген онша ұнамас. Сонда да оның өмірінің кей сәттерінен хабардар болыңыздар.







Капитан Байтасов Ғазиз Әбдібекұлы 1971 жылы 3 сәуірде Тараз қаласында туылған. Мектепті Жуалы ауданы, Түймекент ауылында бітіріп, Қарағанды политехникалық институтына түседі. Кешкі бөлімде оқып жүріп жұмысқа тұрады. Әкесінің қайтыс болуына байланысты Тараз қаласына ауысып келіп, сырттай Қаратау техникалық колледжін бітіреді. Осыдан кейін ол «Әл-Фараби» атындағы ұлттық университетке заңгер мамандығы бойынша түсіп, 2002 жылы аяқтап шығады. 1997 жылы жары Гүлжамалмен отау құрады. Жұмыс жолын 1992 жылдың мамыр айының 12-сі күні қатардағы жол полиция инспекторлығынан бастайды.
Бөлісу:

68 пікір

madlen
Арты қайырлы болсын. Отбасы мен жақындарына амандық тілеймін.
balzaminka
Жаны жәннатта болсын!

Абай, саған өтініш айтсам бола ма? Осы жақтан посылка салып жіберсем, апарып бере аласың ба? Дұрыс та емес шығар салған, бірақ елі үшін жанын қиған АЗАМАТҚА деген алғысымды балдарына көрсетсем, әкелерінің ерлігін халқы мойындайтынын біліп, мүмкін сәл де болса жұбанар, а?
madlen
Не посылка? Айтшы.
balzaminka
Әзірге ойлап тапқаным кітап болды. Осы жердегі кісілер де қосыламын десе, бірлесуге болатын сияқты, қалай ойлайсың? Сендер елден, мен мына жақтан, Абай Таразда ғой, бәріміздің атымыздан апарып берсе :)
madlen
Аха, болады. Но не береміз?
balzaminka
киім ыңғайсыз, тамақ та сол :) Білімдерін шыңдай түсетін заттар болса жақсы сияқты, болмаса спортқа тартатын
madlen
ыңғайсыз, конечно.
Басқалардың жауабын күтейік.
dark_nazgul
кітапқа қосыламын. немесе оқу құралдары.
KILYZAMAN
Біздің Керектегі қолөнерінің саңлақтарына тапсырыс беріп көрсек? Керекшілер қолдар ма екен? Эскизі бар, ой орамы бар, талғамы бар — қаншама саралы саналылардың санасынан шыққан бір Керемет туынды болсын — Ой салатын…
madlen
ақша жинап, Ғаламартқа заказ беруге болады
KILYZAMAN
Ойымыз екеу болды…
madlen
Неше түрлі заттар жасайды олар. Но домбыра тоже кучТ
balzaminka
Төрде тұрады, әрі нағыз қазақ домбыра деген :) Музыкаға да баулыр балаларды, егер білетін болса тіптен жақсы :)
madlen
Ғаламартқа жазшы, қанша жасап береді екен
madlen
Салтаға звондайм мен
balzaminka
тұра тұрғын, өзге кісілер қосылмады. Уақытынан бұрыс еспегін қайықты :)))
KILYZAMAN
Сұрағанда айып жоқ әрине, мүмкін олар басқа ой қосар…
madlen
ufff, baskalarga usynys jasu uwin bagasyn bilhen jaksy goi ili olai emes pa?
dark_nazgul
иә. бағасын білу керек алдымен.
konvict
Әрине, алып барып берейін. Меніңше дүниауи заттан көрі ескерткіш боларлық бірнәрсе болса деп ойлаймын. Онсыз да ақша жинап жатыр облыста. Мүмкін болса жаңағы ғаламартқа айтып оюлатып әдемі бір мүсінін бе, әлде портретін бе жасатсақ қалай болады?
dark_nazgul
ол балалар негізінен, мемлекеттің толық қолдауына ие болуы тиіс. кәмелетке толғанға дейін оқу, тұрғын үй жағынан қиналмауы тиіс. Әй, бірақ, біздің елде ондай ертегі болмайды ғой…
VKM
Иманды болсын! Баласының сүндет тойын жасай алмапты, адамдар шақырылып қойылды ғой.Балаларына жақсы аты ғана қалды… аянышты
patick
хороший мент — мертвый мент

қаталдығым үшін кешірім сұраймын, бірақ әлі күнге дейін жақсы мент көрмеппін.
VKM
қойш, Патик, осы жерде орынсыз((((
Onlasyn
Қазақта өлген менттің жаманы жоқ,
Тірісінің жаманнан аманы жоқ
Aikona
Балаларына обал ай…
Galamart
Сіздердің ұсыныстарыңызды оқып біз өзіміз мынандай шешімге келдік, біздің компанияның атынан өзіміз домбыра ұсынсақ. Ешқандай қаржының қажеті жоқ.
VKM
Біз, керекинфошылар да сыйлық жасасақ деген едік
madlen
Ия, біз керешілердің атынан берейін деген едік.
KILYZAMAN
Компанияларыңның енді-енді айдары қызара бастағанын ескерсек — Керекшілердің атынан болғаны дұрыс болар еді… Оған қоса бір бүйректерің Керекке тартатын шығар. Бөліне шаппайық, өз аттарыңнан қосатын нәрселерің болса, қосымша ұсынғанда не тұр?
bekmur
Birigip oilasyp jasaik. barimiz kkinfowymyz goi… ketetin shygynyn eseptep sogan gana akwa jinasa bolady. Jane kkinfo jastary atynan bergen durys bolady…
Aikona
иа сенің ойың дұрыс сияқты, онда бірігіп ақылдасып жинайық бетіне Керекинфо атыннан деп жазғызайық
Zhan
Қалай қосылсам болады?
dark_nazgul
әр қаладан бір жауапты шыға ма?
bekmur
Byustin jasap koisada bolady eken… brak karjy kobirek ketedi
Zere
Егер суретші сол оқиғаға байланысты бір сурет салса ше? Көп уақыт ала ма?
madlen
Ғаламарт бізге бір жақсы домбыраның бағасын айтса, сол ақшаны жинайық.
Aikona
Абай сен былай ұйымдастырсаң, Ғаламарт пен Керекинфо атынан жасатып апарсақ
konvict
Келісемін, онда былай істелік. Ғаламарт домбыраға қанша қаржы кететінін айьсын. Біз сол ақшаны жинап берелік. Сосын домбыраға тілек жазып, ізгі ниетпен КерекИнфо мен Ғаламарт деп жазып қоялық.
patick
Домбыра сыйлайтындай той-томалақ емес қой. Лібә, қуайын десе — кәдімгідей алды-арттарыңа қарамай қуады екенсіңдер.
Abilakim
Әкесінің мүсінін жасап берсекте әкесіндей болмас
madlen
Домбыра естелік ретінде ғой. Оның несі жаман?
Galamart
Біз сіздер айтқан бойынша қызыл ағаштан домбыра жасайтын боп келістік, бағасы 30 мың осы қаржыны жинап беріңіздер. Бетіне жазба жазу қалғанын өз мойнымызға аламыз. Сыртына, Керекинфо мен Ғаламарт артынан деп жазамыз. СОл сыртына жазатын сөздің мәтінімен көмектессеңіздер!
nurbergen_makym
Шынымен де, домбыра ретсіздеу сияқТ. Әншейін, көңілге демеу демесең. Наркескен, ия, қылыш сыйлау керек. Сосын, "ғаламарт", «керекинфо» деп жазып қажеті не? Жақсылық жасырын жасалса игі…
Galamart
қылыш сыйлауға болмайды,
енді не сыйлау керек екенін айтсаңыздаршы. Біз тек өз көмегімізді ұсынып отырмыз ғой.
nurbergen_makym
Неге болмайд қылыш сыйлауға?
Galamart
суық қару болып есептелмей ме?
Abilakim
жылы жерде ұстаса жылы қару ғой
Galamart
Мен нақтылықты айтып отырмын, сіздің қалжыңыңыз орнысыз. Кешіріңіз, одан басқа не сыйлауға болатынын айтсаңыз болар еді
balzaminka
қылыш кішкентай балаларға келіңкіремейтін секілді, ересек кісіге беруге болады. Қамшы болар еді, бірақ қораш сияқты ма дим
bekmur
onda akwa jinap akwalai bereik.
balzaminka
домбыраны ұсынған мен болатынмын, қазақ ежелден айтады қуанышты да, қайғыны да домбырадай жеткізер құрал жоқ деп. Одан қалды, нағыз қазақ домбыоа деген бар. Идея балалардың болашағына керек нәрсе болсыннан туындаған. Балалардың бойында мүмкін қызығушылық туындар деген де ойдың бар екені рас. Әрі домбыра әрқашан төрде ілулі тұрады, көзден таса болмай. Балалары сол домбыраға қарағанда әкелері естеріне түсіп, жылылықпен еске алар дегенім де болған.

Бұл ой құп болмаса, басқа ой қосыңыздар. Тек балаларына керек зат болса жақсы болар еді. Сол балаларға рух беру басты мақсатымыз деп ойлаймын :)
KILYZAMAN
Балжан жарадың;
Сол балаларға рух беру басты мақсатымыз деп ойлаймын :)
madlen
Мен қосыламын.
Zere
Ал мен картина болса деймін )
KILYZAMAN
Тамаша болар еді… Бірақ, қандай?
dark_nazgul
домбыраға қосыламын. болмай бара жатса, бетіне әкесінің суретін салуға болады.
nurbergen_makym
артына артын ба?)))