Мен көрген қойылым
Астанада жүргеніме қанша жыл болса да, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының есігін ашпаппын. Ұятын-ай. Себеп пе, сылтау ма бар: қыдыратын сәтте ұсыныс жасасам, ағынан жарылып, ақтарыла шыға келетіндер көп; сонан соң жеке барғым келмей, кейінге қалдыра беріп, ұмытып кетіп жатамын.
Бүгін сәті түсті. Е. Жуасбектің "Үйлену" қойылымына дөп түстім. Комедия жанрындағы бұл қойылым ә дегеннен-ақ ұнады. Қысқаша сюжеті мынандай: Шетелде 5 жыл білім алып, үйіне 2 күнге демалысқа келген жігітті ата-анасы үйлендірмек болады. Жігіт — бай отбасының жалғыз ұлы, бірақ ол атасының қамшысын сылтауратып, үйленуден бас тартқанымен, әке-шешесі қоймай қыз таңдауға кіріседі. Үміткерлер саны — екеу, бірі — заманауи, екіншісі — дін жолындағы қыз. Жігіт соңында өзіне сырттай ғашық боп жүрген үй күтушісін таңдайды, себебі өзі де оны ұнатады.
Қойылымды көре отырып, өзімді сол отбасына қатысы бар адамдай сезіндім. Жалпы, қабылдауға жеңіл әрі заманға лайықталған.
Күлкі сыйлады… Жоғары баға бердім…
Шыққанына біраз уақыт болса да, көрмегендер болса кеңес берер ем.
КерекИнфо: Мекен-жайы: Ж. Омаров көшесі, 47 «б», касса: 8(7172) 32 36 24 немесе www.kazteatr.kz

Ержан не дид қойылым туралыЕржан көрмеген шығар бұл қойылымдыМенің оқу орныма жақын, сондықтан
сабақтан қашып, жиі баруға болады :)