Әділетсіздік пе, жоқ әлде жөнсіз килігу ме?

Өткенде мектеп сайттары арасында облыстық байқау өтіп жатыр деп сіздерге қолқа салғаным естеріңізде болар, сол байқаудың қорытындысы бүгін шығыпты. Байқау шарты бойынша 1-кезең байқауға қатысатын сайттарды қабылдау кезеңі, қабылдандық. 2-кезең онлайн дауыс беру кезеңі 20 күнге созылған дауыс беру қорытындысы бойынша менің сайтым 4-орында тұрды,

3- кезеңге 11 сайтты өткізіпті ішінде менікі жоқ, ал бүгін орындарды бөліп қойыпты мынадай етіп:
«Жыл web-сайты» байқауының қорытындысы 2011 жылдың 18 қарашасы
Алматы облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығында жалпы білім беретін орта мектептер, кәсіптік лицейлер мен колледждер арасындағы web сайттарын құру, дамыту және қамтамасыз ету мақсатында өткізілген «Жыл web-сайты» атты web — сайттар байқауы да өз мәресіне жетті. Байқау комиссиясының мүшелері байқаудың талап-міндеттеріне сай келетін, ең үздік жұмыстарын таңдап, І, ІІ және ІІІ орын жеңімпаздарын анықтады:
1 орын– Талдықорған қаласы, № 20 ДБАЛ –Карсаков С.А.;
2 орын – 1. Талғар қаласы, М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі – Горбоконенко А.В.;
2. Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №38 МГ – Турсунова Ш.А.;
3 орын – 1. Талдықорған қаласы, Талдықорған политехникалық колледжі – Топольский В.А.;
2. Ескелді ауданы, Қаратал ОМ ШО – Михов К.И…
Номинациялар:
«Ең көркем дизайн»- Қарасай ауданы, Каскелен гуманитарлық-техникалық колледжі- Дерешев В.К.
«Ең ақпаратты сайт»- Көксу ауданы, Балпық би кенті, Казақ ОМГ- Бишеева М.К.
«Ең интерактивті сайт»- Талдықорған қаласы, №12 ОМГ- Бухтоярова С.Н.

Бұл жөнінде аса құрметті ұйымдастырушыларының құзырына хат жолдадым, ләм-мим деген ешкім болмады. Бұл не көпе көрнеу әділетсіздік пе? жоқ әлде менің сайтым олар қойған шартқа сай келмей ме? әрине менікі мектеп туралы сайт емес жеке пән туралы, деседе ол да мектеп сайтына жатады емес пе? оның үстіне шартқа сай келмесе басында неге қабылдады екен. толығырақ: aocnit.kz/
Бөлісу:

16 пікір

asaubota
таста Сержан! дәл қазір шынымен орын алатындай сайт емес қой. одан да өткендегі жобаңды адам қылып, келесі жылы орын алуға көмектесейік.
serjan
Жөн ғой бірақ аналардыкы де сондай бірдеңе, жалпы мәстектердің сайысы болып тұр ғой.
Abilakim
Мәстектердің арасынан мәстек озып шығып жатса не дерсің?
serjan
Сол ғой енді мәстектердің бәйгесі болғаннан кейін менің мәстегімнің де бәсі бар еді дегенім ғой.
Abilakim
қатысқан барлық мәстек ренжіп, барлығы шағымдана берсе не болады?
serjan
Сөзді түсінбей жатып далаға сөйлеу сіздің әдетіңізде бар ау деймін, 2-кезең қорытындысы бойынша 4-орында тұрған сайт 3-кезеңге өткен 11 сайттың ішіне неге кірмейді, мәселе олар байқаудың ережесін бұзып отыр ғой, ереже бойынша 2-кезеңде көп дауыс жинаған сайттар 3-кезеңге өтеді, ал менікі өтпей қалды.
Abilakim
сен бір мезгіл дауысты қалай жинағаныңды есіңе алшы.Біршамамыз 5-6 рет дауыс бергенде ӘДІЛЕТ туын дәретхана қағазының орнына пайдаланғаның есіңде ме?
serjan
Енді ана 642 дауыс жинағандар 300 дауыс жинағандар әділеттің ақ жалауын аспандатты дегің келе ме?
Abilakim
Әркімнің ұяты өзінде ғой.Өзі үшін өзі жауап берсін әркім
serjan
Енді сайтыммен кем дегенде 3-орын алуға еш ұялмас едім, және оған лайық еді ана 17 сайттың арасында.
Abilakim
дегенменде жар салмай-ақ ішіңнен ойлап жүре берсеңші.Немесе ана жолғы сайттар жарысының қорытындысы деп жай жариялай сал. Өзіміз "Қап, Сержан ілікпепті " дер едік
konvict
Әбіләкім мен Админнің пікіріне қосыламын. Қайтесің құр мақтанды. Анау сайтты күшейт
Abilakim
Көмектестік, жеткен жеріміз сол болды.Енді не керек?
Aramza
мықтыны мықты деу керек, Жеңілгенді жер көтереді, Жығылған күреске тоймас тағы недеуші еді?
izbasar
Дос қамықпа, әлі көрсетеміз.