Қарағандыда жаңа мешіт ашылды!

Қарағандының қақ төріндегі этнобақта жаңа мешіт бой түзеді.Төрт мың адамға арналған құдай үйінің сәулеті Ақордадан кем емес. Бүгін Алла қаласа елбасы келіп тұсауын кеспек. Фотосын сосын саламын.
Бөлісу:

35 пікір

a63a1
Тек мешіт қана емес бүгін: Мұз сарайы, Бокс орталығы, Теннис орталығы ашылды
Abilakim
Асығыс салынған құрылыстар кейін бір сыр берер деп қауіптеніп отырмын
a63a1
ешқандай да сыр бермейді, кей құрылыс материалдары ысырап болды демесең, өзім бақылағанмын
Abilakim
бұл дегенің 4 бөлмелі үй салу емес қой. Біздегі жаман әдет сол, есеп беру үшін тез-тез сала саламыз. Анау «Еңбек» жақтағы шіркеуді неше жыл салды? Әп-әдемі. Асықпай салды.Восток-5 тегі шіркеуді менің студент кезімде салып жатқан,әлі салып жатыр
a63a1
Ол шіркеулер қаражат мәселесі жетпей тұрғандықтан құрылысы созылып жатыр.
Мәселе, асығып асықпай салғанда емес. Қаражат жетіп тұрса оның созудың еш негізі жоққой.
Abilakim
ал, Сәкен театры ше? ішіне кіріп көрдің бе қуыс-қуысына? Бітпеген жерлері әлі де бар.Ал, оны ашқанымызға қай заман?
a63a1
Басшыға байланысты да, біреудің бір жеріне горшок тосып отырғаным жоқ, бірақ Ахметовтың еңбегін бағаламауға болмайды.
Abilakim
Сәкен театрын Нығматулин салып, аяқтап орнын босатқан еді. Ал, Ахметовтың жұмыстары көзге көрінетін жұмыстар негізі.
Jansarai
Мен үшін Мұз сарайы, Бокс орталығы, Теннис орталығы маңызды емес.
a63a1
сенде фанатиктердің бірі ме едің? Ойбай-ай кешірім өтінем. Халықтың қамымен жасалып жатқан нысандардың неге маңыздылығы болмасқа?
a63a1
қамы үшін деп оқуыңызды сұраймын
Jansarai
Ешқандай фанатик емеспін, тек үйімнің қасында Алла үйінің салынғанына қуаныштымын. Жұрт не десе о десін. Бізде науқаншыл халықпыз ғой, бірде әсіре мұсылманшылмыз, арабтың ұлттық киімін киіп диуаналатып кеттік, енді беймұсылмандану басталды. Дегенмен әркімнің жүрегінің түбінде Алла ұялаған, соған сенемін. Ал ана спорт орталықтарына балаларымды апармасам өзім аса қызыға қоймаймын.
a63a1
Мен үшін Мұз сарайы, Бокс орталығы, Теннис орталығы маңызды емес.

Ал ана спорт орталықтарына балаларымды апармасам 
сол балалрдың болашағы маңызды емеспе,
Jansarai
Әуелі Алла, сосын қалғаны бола жатар.
Zhan
беймұсылмандану — мына жаңа терминіңіз адамды елең еткізеді екен. Бірде Шымкент қаласының әкімінің орынбасары (қазір должносы кім екенін білмеймін) Жолдасбек Күздеубаевтан сұхбат алған болатынмын. Сол маған бір сөзінде: "Қазір байлар мешіт салудан жарыс бастап кетті. Одан қалса ата-бабаларының атына арнап той, көкпар жасап жатады қанша ақшаны желге шашып. Одан да ХХІ ғасырға лайық мектеп пен балабақша салмай ма?" дегені бар ед. Мешіттің көбейгенімен халықтың имандылығы артып кете ме, жоқ па, оны білмейді екем, бірақ, жаңағы әкімнің айтқан пікірі әлі де өзекті сияқты.
Ottegin
Ана валютранзит сарайы не болды?
Abilakim
Е, ол жай менің үйім қазір
a63a1
бұ қақақақаақақа)))))))) сболш)))
Jansarai
«Валют-Транзиттің» бастығы қазір өз басымен қайғы боп кеткен. «Мың асқанға бір тосқан». Ал сарайлары қазір ел игілігіне жарап жатыр.
a63a1
Беляевты өз басым қатты силаймын.
Gulistan
Қазір сол кісі қайда екен? Кезінде жарнамасы мықты болды, композитормын деп кітабын да басып шығарып еді әйелі екеуі.
Abilakim
қазір темір тордың ар жағында
a63a1
Түрменің есеп-қисабымен айналысады деп естідім
Abilakim
кітапханасында деп естігем. Отырған жігіттер айтты
Gulistan
Ол жақты да банкрот қылмасын, «Ауру қалса да, әдет қалмайды»:)
Abilakim
Неге мың асқанға? Ол қаншама адамға жұмыс тауып берді. Шамамен 5000дай адам жұмыс істепті қол астында. Билікте болып, біздің төлеген салығымызға ортақтасқан жоқ.Тек, бөліспегені үшін кетті ана жаққа
a63a1
Тек, бөліспегені үшін кетті ана жаққа
ия, дұрысы осылай болған
Jansarai
«Валют-транзит» ең төменгі жалақы төлейтін естеріңізде болса. Ал зәулім ғимараттары қариялардың депозитке салған ақшаларына тұрғызылды мен білсем. Енді міне бес жыл өтсе де сол маңдай терімен тапқан ақшаларын ала алмай қаншама қария сабылып жүр. Ол қалдырған қаншама қарызды өтей алмай бірнеше комиссия құрылды. Оның бастығының үстінен іс қозғалды да. Өзін-өзі жарнамалап, елдің ақшасын шашып-төгіп кетті. Оның қылшығы да қисайған жоқ. зейнеткерлерді айтсаш.
Abilakim
Мынау алып жатқан ипотекаларымыз бен басқа несиелеріміз сол депозиттегі өз ақшамыз айналып жүрген.
Aramza
ең қысқа постқа сұранып тұр екен)
araika
«Мешіт — Алла үйі», сол үйге жиналатын қауым көбейсін!
izbasar
Құрметті кеншілер қаласы тұрғындары жаңа мешіттеріңіз құтты бослын. Қарағандыда шіркеулер саны жаңылыспасам мешіттен он есе артықұ болар. Сондықтан мешіттің іші жанға толсын деп тілеймін. Аллах істеріңізге сәттілік берсін.