Менде бүгін шарф күні
Әңгіме болсын деп жазып отырмын, еш мағына жоқ :)
Бүгін демалыс, көшеде, автобуста көп адам бола бермейді негізі, бірақ Индияда емес :). Автобусқа отырсам адам аз, бос орын көп, яхооуу деп бір жерді таңдап отыра қалдым. Күн деген керемет болып тұр. Күнді қызықтап болып, алдыңғы қатарға көз салдым. Үш ер кісі отыр екен. Әрі отырдым, бері отырдым, бірнәрсе көңілімді аудара берді, сөйтсем шарф. Екі ер кісі шарф тағып алыпты. «Хгмм» дедім де отыра бердім. Шамалыдан соң арттағы кісілер қалай екен деп артқа қарасам, сегіз шақты ер кісі отыр, нешеуі шарф тағып алған деп ойлайсыз?!
«Мда» дедім де алдыма қарап отырмын, одан көшедегі кісілерге көз салдым. Ибаййй, бүгін шарф күні екен ғо демеске амалым қалмады :). Құдай-ау, әшейінде шарфсыз жүретін еркектерге бүгін не болған деп қоямын. Бүгін бір мереке шығар деген ойдың келгені де жалған емес, келді. Бірақ, бүгін ешқандай мейрам да емес, мереке де емес. Кездейсоқтық, бірақ жиі көрініс тапқан.
Сізде мұндай жағдай бола ма?

Бізде қар жаумап па еді? Өткенде біздің үйдің болашақ бойжеткендері аққала жасаймыз деп жүрген еді :))
Қонақ күткіііііііім келіп жүр :(((
Есімде, екі мың оныншы жаңа жылда, Таразда, көшенің шаңы бұрқырап жатып еді…
Әрбір әрекетіңізді одағаймен демеп отыру әдеті сол жаққа барғасын қалыптасты ма?
Бірақ сен отыра беретін шығарсың.