Махаббат диалогы

Махаббат диологы
— Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
— Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
— Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
— Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
Мұқағали Мақатаевтың махаббат диалогы… Өздеріннің сөздерінді жазсаныздар керекшілер?
Бөлісу:

9 пікір

eroxa
бірінші рет жазып отырған жайым бар пост, ұнамаса постты өшіре салыңыздар аға-апалар
asaubota
бірінші жазбаң құтты болсын. өшіру, ұнамау туралы ойлама. одан да тақырыпты әрі қарай өрбітіп кету жағын ойла.
araika
Қыздың сөзі болғандықтан, жігіттерден жауап күтеміз :)
eroxa
көбіне біздің жақта тойларда ойналатын әзіл шоу болғасын қызық-қызық жауаптар күтеміз ағалар
sammita
осыны құбылтып шығарушы еді КВН-дарда.
Delhi
— Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
— қолымды бұлғап, артында қалар едім.
— Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
— күлінді мәңгіге сақтап қояр едім)))
qisyq
— Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
— Транформацияланғаныңа таң қалып өтер едім.
— Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
— Өзіңе жақса өртеніп кете бергін.
— Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
— Бұлдырағаннан жақсы ғой өртенгенің.
— Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
— Іздеп жүріп түбіңе жетер едім.
a63a1
— Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? — Құсбегі боп кетер едім
— Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? — жаназаңды оқымай кетер едім,
— Бұлдырасам сағымдай не етер едің? — окулисттің қабылдауына кетер едім
— Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? — нетер едім өзіңді, нетер едім, Албасты!
KILYZAMAN
— Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? Жоғалмайсың — Қаршығамын
— Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? Өртенбейсің — ол Махаббат
— Бұлдырасам сағымдай не етер едің? Уақыт емші — мүмкін біраз санамды қамшылармын
— Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? Оныда жеңетін — Махаббат