Әйелдер жөнінде...

Қорқыт ата:
«Сұлу әйелге үйленсең – оның күзетшісіне айналасың, атақты әйелге үйленсең – оның атағына телінесің, бай әйелге үйленсең – оның көп мүлкінің біріне айналасың, ал ақылды, иманды әйелге үйленсең – оның сенімді серігі боласың.»
Шал ақын:
«… Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер,
Әйелің долы болса күнде өлтірер.
Жақсыдан жаман туған бала болса,
Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас,
Осал жігіт әйелге беттей қоймас.
Жауыз қатын қабаған ит сияқты,
Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.»
Әзілхан Нұршайықов:
«-Махаббат деген не?-десе
-Әйелдің өзі!-дер едім.
-Ләззат деген не?- десе,
-Әйелдің сөзі!- дер едім.
— Ең күшті нәрсе не?- десе,
-Әйелдің әмірі!- дер едім.
Әйелдердің барлығын:
-Жердегі Тәңір!- дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені адамзатты жарататын- әйел, ұлтын көбейтетін- әйел, ұрпақты ұластыратын- әйел, еркекті Ер ететін- әйел. Махаббаттың асыл нұры- әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті- әйел махаббаты.»
Ғабит Мүсірепов:
«Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.»
P.S. Қилызаман ағайдың жазбасынан соң, өзімнің кітапшама түртіп алғандарымды бөліспек болдым.
Бөлісу:

21 пікір

qisyq
Фетиш, однако)))
KILYZAMAN
Үздіктікке талпынғандағы ұғымыңның(терминіңнің) мағынасын өзің түсінемісің?
Қисайсаң қисай, құлап қалмашы… Керексің!
qisyq
"Өзіме таныс емес (бейтаныс) сөздер өзгеге беймәлім (мақұырым) деген түсінік талайдың тырнақ тістеуіне себепші болғанын ұмытпайық. Айтқандай мына жерде тырнақ тістеу туралы КЕРЕК ИНФО бар екен.
KILYZAMAN
Однако — палку перегибаеш!!! Керек нәрселердің ішінде керексіз нәрселер де көп…
qisyq
Тағы да сүрлеусіз соқпақ, сазды батпаққа баттыңыз. Бір басқа керек емес дүние басқа басқа қажетсіз дегенді кім айтты.
KILYZAMAN
Өзіңнің әйелің бар ма еді?.. Сұрауды ұмытып кетіптім ;-)
qisyq
Сіз мені кейде күтпеген жерден көздің қарашығы емес, қиял (қияли?) қарашығы көретін сөздерді айту арқылы таң қалдырасыз. Ия, бар.
Abilakim
Солярканы кеш әкелгеніме кешірім сұраймын
KILYZAMAN
Көсеуің көсеусіз қалып, ішің өртенгеннен ішіп қойма, Әбекесі… ;-)
KILYZAMAN
Әйелің — мойының екенін мойындайтын жасқа жет бауырым!
dark_nazgul
Бір ағай айтып еді: «еркетер не істесе де, әйелдер үшін істейді. Әйелдің мақұлдауынсыз, әйелдің мақтауынсыз, біздің істеген ісіміздің мәні де, мағынасы жа жоқ» деп.
satibaldi
Бір ағай айтып еді: «еркетер не істесе де, әйелдер үшін істейді. Әйелдің мақұлдауынсыз, әйелдің мақтауынсыз, біздің істеген ісіміздің мәні де, мағынасы жа жоқ» деп.
8 наурызда әншейін айта салған шығар. Шынымен солай ойлайтын болса — жарад нақ.
dark_nazgul
«Малчи, дженчина, твой день восьмое марта, нақ!» дейтіндердің қатарынансың ба деймін, Сатико?
satibaldi
Қайдағы нақ, әйелге бір күн арнаудың өзін әбестік дейтіндердің таборынанмын.
dark_nazgul
Әйелдердің бір күн арнауы әбестік болатындардың қатарына кіріп кетпесең бопты да)))
nurbergen_makym
Адамзаттың көзқарасын білдіретіндей Олимптегі 12 бұтақпастан алған ветосы бар ма ед, бұл төртеудің?
araika
Мен «түртіп алған» төртеуді ғана жаздым, бірақ «мыналар ең… ең… ең...» деп көрсетпеген сияқтымын. Сонан соң мұрын шүйірудің де қажеті жоқ, тіпті ветоны керек етпейді, меніңше.
muro
әйелдерді еркектерден көп дейід.
Ойбай ойбай бола берсін көп мейлі.
Әйел деген әдемі ғой әдемі.
Әдемілік бізге артық етпейді.
muro
ұлды жамандама-әкеңе,ініңе, ағаңа тиеді.
Қызды жамандама-анаңа,қарындасыңа,әпкеңе тиеді. деп кезінде данышпан болып жазып ем кейде нақты жіберіп қоятын болдым.
araika
Қысқасы, ешкімді жамандама деп қорыта слуға болады :)
know_how88
Әйел көктен түскен жоқ, ол — еркектің баласы,
Еркек жерден шыққан жоқ, әйел — оның анасы!