Нұрберген Мақым: Байғұс қазақ қызы
Мына бір жерде KILYZAMAN ағамыз "Қазақ қызы" деген тақырыпта жазылған «Дала мен қала» газетінің мақаласын көшіріп салыпты ғой.
Соны қарап (оқып емес) отырып, nurbergen_makym атты керекшінің блогынан бұрын бір оқыған жазбасы есіме түсті.
Өзіме кереметтей ұнаған қазақ блогшыларының жазбаларының бірі. Былайша айтқанда, мендік Топ-10-та:)
Осы жерде оқымаған адамдар болса оқи отырсын деген оймен жариялаймын. Рұқсат алмадым, Нұрберген, кешірерсің деген үміттемін. Сотқа берем десең, өзім туралы деректерді қосымша, поштаңа лақтырам)
Қазір, өз әлімізше ұлттық идентификациялану үдерісінен өтіп жатырмыз ғой. Осы процесстегі маған анық ұнамайтын бір айшық – қазақ қызының эталонын жасау. БАҚ арқылы анау да тиіседі қазақ қызына, мынау да тиіседі. Кей-кезі байғұс қазақ қызын аяп та кетемін. Ол да адам баласы ғой деп…
Біреуі шығады: «Қазақ қызы ешқашан бетін тұмшаламаған». Уа, көке, біз зайырлы мемлекетте тұрып жатырмыз. Паранджалы қыз көрсеңіз ішіңіз өтіп кете береді екен, заңға қарсылық білдіріңіз. Әйтпесе, қанша игі мақсатты көздесеңіз де, өзіңіздің ұлттық палитралы мораліңізбен адамдардың құқығына қол сұғып отырсыз.
Ұлттық қауіпсіздікті меңзеп едім дейсіз бе? Онда, құдай үшін, мәселені сол клишеден қарастырыңыз. Қазақ қызын кірістірмей. Рассматривайте проблемы в иной плоскости: то бишь, причины, повлекшие данный субъект к данному выбору; вытекающие отсюда обстоятельства, то есть, факторы прямой угрозы нац.безопастности. Өйткені, ұлттық қауіпсіздік мәселесін тарихи тәмсілмен шешу… Жиренше шешендер заманында қалған.
Сосын, көке, не ғой: бұл жерде «ешқашан» деген сөзіңіз сондай орынсыз. Пәленбайыншы жылдың пәленінші айының пәлен күнінде бірінші қазақ қызы бетін тұмшалағаннан бері бұл сөзді қолдану… А-а, түсіндім-түсіндім, сіз баяғыда деп отыр екенсіз ғой. Онда, баяғыда қазақ қызы бетін тұмшаламаған, Сhiristian Dior әтірін сеппеген, кино қарамаған, Ньютон заңын білмеген… Құдайым-ау, киіз үй шеңберінен тыс дүниенің бәрін аластатайық онда қазақ қызынан.
Өткен біразда, бір шал (шал екенін көршіміз болғандықтан білем) көлдей етіп мақала жазыпты газетке, «Бұрымды қыз – бұрынғы қыз» деп. Қазір, қыздардың шашы қысқарып кеткеніне, бұрынғыдай ешкімнің шаш өсіріп, шашбау байламайтынына налиды, очм. Сосын, ұрсады, енді… Бірақ, осы шалдың қызы мен келіні тұрмақ, жетпіске жақындаған кемпірі де шашын қызыл түске бояп алып жүр. Ептібайымайд-ай! Осы шалдың бұлайша көлгірсуіне моралдық құқы бар ма?! Жә, бұл шалды қойш – маразм ғой. Аға ұрпақ атанып жүргендердің осындай құқығы бар ма?!
Олардың тек қазақ қызы емес, жалпы, біздің ұрпаққа қатысты қандай ма бір нәрсеге өкпелеуге құқы бар ма?! Адами тұрғыдан, әлбетте. Кез-келген теңдеуді шешу барысында бір ғана амалдан қате жіберілсе, дұрыс шешімге қол жеткізу мүмкін емес екенін бәріміз жақсы білеміз. Соның ішінде, мұны бізге үйреткен аға ұрпақ та. Ал, өмір Пуанкаре теңдеуінен де күрделірек сияқты. Ондашы, бір теңдеуде 1 000 000 қате жіберіп алып, нәтижесінде шыққан «Ү» ( «Y generation» деп оқысаңыз да болады) мәніне ренжудің қажеті қанша?! Бұл, енді, «2+2 мәні неге 5 немесе 4569 болмайды?!» деп Перельманның ашуланғаны іспетті көрініс: не абсурд, не Перельман қуып кетті.
Ал, жарайд, не бір құйтырқы технологиялардың бәрімен қазақ қызы атаулыны жаппай ибалы, арлы, ұятты, инабатты, қойшы, әйтеуір бар тәуір қасиетті бойына сіңіріп, шашын өсіріп, бүрмелі көйлек киіп жүрсін. Онда, олардың әлгі бетін жапқандардан не айырмашылығы бар?! Міне, саған, инкубатор, тойыс, эталон (терминдерден көп шатасам, осы)!
…біз өзімізді де-факто әм де-юре тәуелсізбіз деп жүрміз ғой. Бірақ, ментальді деңгейде емес екенбіз. Құдды «енді, өзі иелігің өзіңде» деп, далаға апарып тастаған қой сияқтымыз. Сатыбалды, сенің «мал, әкесс!» тіркесіңнің сыры осы ма ед?!
ЖАЗБАНЫҢ СІЛТЕМЕСІ

(жақсы екенін білем, қазір оқимын. пыросты бірінші пікір жазғым келет тә)
ұят болдау
сондықтан! бәрі уақытшы мияулау, айтады қалады. сондай мәселелерге тіпті көңіл бөлмеймін де қазір. Тіл, дін, ар-намыс, қазақ қызы, анау мынау туралы общым)
Ал жазба мықты, оған сөзім жоқ.
Шынымен хәлдерің мүшкіл екен қыздар
Ақыл айтпай ма пақаны???
көкейкесті)абзацтар көп екен. Осысы түйні шығар — олай болса, барыңды барымталатпай, қарымталауға әсте қарсы емеспін. Ұмтылыс жақсы ғой ұмытылыс болмасын. Мал екеш малдыңда тұқымына: асыл болмаса дүбара деп қарайтынымз ше? Қорыңды сақтасаң ғана қорлана(зорлана) түсесің. Кешегіңді ұмытсаң есегіңе дк қадірің қалмас :-(Тузигім мүжіп тастаған"…ҚР ҚК 184 бабының 1 тармағына жатпайды қорықпа
мына пікіріңмен қызды үшінші жаққа тарттың. Нақты Нұрбергеннің жазбасына не айтқың келді?
бұл жерде кімнің эгоист, кімнің көпшіл екендігі талқыланып жатқан жоқ қой. осы керекинфода отырғанның өзінде «менің пікірім дұрыс болса екен, маған көбірек плюс қойса екен, менің постымды көбірек оқыса» деп тұрасың. әулие болып кеткен ешкім жоқ.
бірақ халықты «адам тек өз пайдасын ғана ойлау керек», «дәл қазір ләззәт ал», "өзің талаптанбасаң ешкімнен жәрдем күтпе", «осы заманда тек қасқыр болып қана өмір сүруге болады», "әлсіздерге мейірімділік көрсету бекер" деп "қызық газеттерге" тақырып болатын жазбаларды жаза бергеннен не пайда? (Гастербайтер пікрлері, посттары дәл осындай болмаса да толық мағынасы осындай. бірде Гастербайтердің «мен сатанизмді құптаймын деген посты да шыққан еді)
Идея мен ойлардың жұғуы плагиат боп есептелсе, Сатыбалды айтпақшы, әр сіріңке жаққан сайын, Прометейге сілтеме тастап отырар едің. Бүгінде отты кеңінен қолданатынымызды ескерсек, бүкіл өмірің көтентөлеумен өтер еді.
Ал ойларының іріп шіріген жерінен үзінді келтіріп жіберіп, негіздеп жіберші. Бәлкім сенікі дұрыс та шығар.
Екінші жағынан, ағекесі, елдің бәрі сіз секілді балаларға арналған ертегілерін сканерлеп тықпалай берсе, қызық болмай кетеді ғой.
Әрі қарай бармай ақ қояйын. Сен де мені нигімнің сақалы ағарғанда сынамай-ақ қойсаң қайтеді?
деген жерлері күшті кеткен. Шындығында да біреудің киімінде шаруамыз қанша?
әнасстіңабайкизеттегі сияқты қол қойып шықсақ болды. үкіметтің қарауына жіберсек болады екен)))«Демократиялық мемлекет» дегің келген болар?
Иә ақыл айтқыштар көп, бұрын солай болған қазір сондай мындай деп. Одан да шынымен өзін, сосын отбасын жөндеп алса. Бұрынғы әйелдер, қыздар сондай болған дегенде сондай, сонда өзінің шапан киіп, атқа мініп жүрген жері шамалы.
Емшегін сөз етіп, етегін ашып үңіліп қарамаған адам қалмады ғой.
Әйтпесе, жәй қатардағы жігіттердің сынауы болса, онда "Қазір жгіт дейтіндей жігіт те жоқ", "Қазіргі жігіттер ез болып кеткен" деп сөйлейтін қыздар да жетіп артылады.
ПС. Шынымен, Бекболат Тілеуханов жеке поштаңа «Братан, мұның не?» деп тұрса ия:)))