Кітап сұрасам ұрыспайсыздар ма?

Құрметті керекинфошылар! Әдебиетшілер, жорналшылар, жазушылар, баспагерлер және басқа кітапсүйер қауым! Маған өте қажет болып тұрған екі кітапты тауып беруге көмектесулеріңізді сұраймын! Өте ескі кітаптар.Жаңартылып басылмаса керек — ешқайдан таппадым. Луи Буссенардың "Қаһарман капитан" деген романы (ауд.Атығаев Әбітай) және Ә.Файзидің «Тоқай» атты романы (ауд.Жұмекен Нәжімеденов). егер осы кітаптарды өргендеріңіз болса, қайсы бір орындарда сатылатын болса немесе үйлеріңізде ұмыт қалған кітаптардың арасында шаң басып жатқан болса, үлкен өтініш — хабарласыңыздаршы!
рахмет! :))
Бөлісу:

17 пікір

meirzhan
Иассауидің «Диуани хикметі» кімде жүр? қайтаруыңызды сұраймын.
Gulzhanat
аха. КСРО тарихы мен есеп дәптерімді де…
a63a1
Көкешеден Ахметтің жаңа кітабы табылылдығой
a63a1
Диуани Хикметтің көне көшірмесі
boztorgai
иассауидің «Диуани хикметі»
бар делік…
қайтаруыңызды сұраймын
қайтара алмаспын

ал кейхауыстың қабуснамесі кімде бар екен
meirzhan
кейхауыстың қабуснамесі
бар делік
кімде бар екен
айта алмаспын
JAKO
Қахарман капитан дав, Тоқай да, Кабус наманың өзбекшесі де, қазақшасы да бар, бірақ ешкімге берем деп уәде бере алмаймын.
konvict
Қабуснама менде болуы керек
ken
қабуснаманың қазақша нұсқасы кітап дүкендерінде толып тұр ғой
boztorgai
алматыда тұрса тұрған шығар
таппай журік қой
e_zhalgas
американдық зерттеушілердің жазған «Күтпеген жүктіліктен сақтанудың қауіпсіз амалдары» деген мануалы қажетсіз (меңгерілгені себепті) сөрелерде шаң басып қалған еді :)
satibaldi
Оның меңгеретін несі бар?
satibaldi
Кітап сұрасам ұрыспайсыздар ма?
Неғылған адам болдыңыз өзіңіз? Әлем әдебиетінің жақұты делінетін бұл ғақлия кітаптар әр көзі ашық, көкірегі ояу азаматтың үйінде, тіпті екі данадан тұруы тиіс емес пе! Ертең бәлкім — кір сабын сұрайтын шығарсың?
Gulzhanat
«Ол арсыз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болу керек, күледі маған қарап. Көзін бағжитып, ернін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді өзімді....»
KILYZAMAN
Кітап сұрасам ұрыспайсыздар ма?
— қайыр сұрайтындардан жоғаррақ — айтарлықтай төрге таман отырғаныңды айтқым келіп кетті!