"Ымырт" сагасының жалғасы. Көрдім

Өткен аптада интернет беттерін ақтарып отырып, мына сайттан «Ымырт» сагасының (жақсы аударыпты) жалғасы кинотеатрларда басталатынын оқып қалдым. Әлгі жерде қалтама 5-10 сомымды салып, Silk Way City кинотеатрына аттанып кеттім. Өкінішке қарай қазір тек қана 1 бөлімі беріліп жатқан көрінеді. Бұл қасқаның сеансы түнгі 00:10-да екен.
Фильм ұнады. Бірақ, соңы не болады екен деген оймен құрышым қанбай кинотеатрдан шықтым.
Айтып-айтпай не керек, Бэлла мен Эдуард үйленеді. Жас жұбайлар бал айына барып, ойнап қояды. Ахиша айтқанда, нәпсілерін тыя алмай қалады. Бал айында жүріп екі апта өтер-өтпес жас келін екіқабат екенін біледі. Сөйтіп, жап-жақсы бал айының күлі көкке ұшып, жас жұбайлар ауылға қайтады. Арғы жағын өздеріңіз көрерсіздер, халқым. Соңында Бэлла байғұс босанам деп вампирге айналады. Бірінші бөлімнің қысқа мазмұны осындай.
Фильмде маған не ұнады?
1) Жақыптың әртістік шеберлігі
2) Бэлланың босанар алдындағы түрі
3) Эдуардтың қанға боялған аузы
4) Жақыптың бауырлары (Қасқырлар)
5) Жалпы сюжеті
6) Туылған бөпесі
7) Бэлланың той көйлегі
8) Сатыбалды
Фильмде маған не ұнамады?
1) Соңғы жағындағы титрлер
2) Бас жағындағы Елки-2 фильмінің жарнамасы
Қазіргі киноиндустрия компьютерлік графиканың көмегінсіз алысқа бара алмайтынына тағы да бір рет көзім жетіп, өміріме риза болып лашығыма оралдым)))
Бөлісу:

57 пікір

satibaldi
Байқап тұрсам, бас-басыңа киносыншы болып, Станиславскийді қабірінде сальто айналдыруға дағдыланып алған екенсіңдер! Алдымен, «Броненосец Потемкинді» көрген адамсың ба өзің, соны айтшы?
qusbegi
ішем деп уағдаласып тұрғаныңда
ақшаны алдың-дағы тайып тұрдың
кінәлап, мені осылай жер қылардай
сатеке, саған нендей айып қылдым?
қасымолжасболғантүрімдіссс...
Aikona
Менің көргім келіп жүр, 17 деп еді ғой премьерасын
qusbegi
00:10
17 сіне қараған түн
Aikona
сағат түнгі 12 де киноға бару? ужасс))
qisyq
Несі ужас? Мен Праймдағы бір жарымдағы сеанстарға барғанды ұнатамын. Адам аз, тыныштық, күшті:)
Aikona
:) ұйқыларың қайда дегенім ғой. Менің кеш барған сеанысым 10 шығар
qisyq
Ұйықтауға асықпаймын. Алда мәңгі ұйқы күтіп тұр ғой. Бірақ, таңертең тұра алмай қиналатыным рас енді:))
qusbegi
хехе))) онсыз да өміріміздің жартысы ұйқымен өтеді деңіз, құдіретті қисық мырза))
Dinara
Алда мәңгі ұйқы күтіп тұр ғой.
ол жақта ұйықтайтыныңызға сенімдісіз бе? (дейін да Ахи ұқсап:)))
qusbegi
қасыңызға ер азаматыңызды ертіп алып, жорта берсеңіз кедергі де жоқ сияқты:) сағат 2 ден аса фильм бітеді)))
Aikona
ойланатын екен :)
AKY
бүгін барам
qusbegi
жолыңыз болсын
AKY
Бардым. Көрдім. Ұнады.
AKY
спойлерші  пазззор, паззор!
madlen
керекинфоны сағынып қалғанбыз ғой дим
omarbirat
Жас жұбайлар бал айына барып, ойнап қояды. Ахиша айтқанда, нәпсілерін тыя алмай қалады.
Ерлі-зайыптыларда нәпсісін тыя алмау деген болмайды ғой, ибо олардың арасындағы қатынастар үйленген соң зина болып саналмайды :)
qusbegi
хехе))) сіздікі дұрыс. ләкін, ерлі-зайыптылар ораза кезінде ауыздары бекітулі бола тұра қосылып қойса бұл нәпсіні тыя алмағандық болмас па?)))
qisyq
Сонда Белла мен Эдвард ораза ұстаған болып тұр ғой?
qusbegi
былай алып қарасақ, каллендер отбасының барлығы ораза ұстап жүрген сияқты)))
qisyq
Эдвард еше сүндетке отырғызылған екен, кинода көрсетеді деп қойсаңызшы тағы.)
omarbirat
бал айына оразадан соң барғандары дұрыс болар ма еді :))))
patick
Спойлерлеткенің үшін минус
qusbegi
айтып қойғаным үшін ба?
patick
ия
qusbegi
киностан — керемет сайт
мына кішігірім жарнама айыбымды жумас па екен?
patick
мен қазззақтардың шенеуніктеріне ұқсайм ба, коррупциясынссс?

бұл ешқандай да жаза, не ескерту емес. жай ғана факт — сен спойлерлеттің, мен сол үшін минус қойдым. бар болғаны осы ғана. одан зорлықпен әңгіме өрбітудің қажеті жоқ.
qusbegi
қызық адам екенсіз)))
qisyq
Маған үшінші кітабы ұнаған. Фильмін қалай түсірді екен? Патикпен қосыламын.
Aikona
Маған кітабы ұнаған, кітапты оқып алып киносын көргенде кайптың бәрі кетіп қалды негізі :) Бірақ, бәрібір ұнайды Эдвард үшін
qisyq
Ия, «Ымырт» мен үшін құсық кино, жүнін әдемілеп тарап, басындағы жүнін бұйралатып, әдемі киім кигізіп, қызғылт түсті қарғыбауы бар, бірақ дым пайдасы жоқ чи-хуа-хуа күшік сияқты.
Aikona
не ғой, Ромовый дневник қалай ұнады ма? сол жайында ойыңды білгім кеп еді
qisyq
Көрмедім, қызықтырмады. Прокатта быт-шыты шыққанына қарағанда… біртүрлі сияқты. «Бұл фильмді білімсіз, топас адамдар» түсінбейді" деген сыңайда мәлімдеме жасады ғой Джонни Депп. Тем более көргім келмей қалды. Өзімді білімсіз, топас сезініп қалсам тағы:))))))
Aikona
басында барарда ойым күшті болды, Джонни Депп қой деп, құпиялық, терең мағына іздеп отырдым… Түсінбегеніме қарағанда, соол тізімнен болғаным ғой :)
madlen
Маған ұнады. Кино да, Джонни де. Әбден күлдім. Сатыбалдыға ұқсаған ағай бар екен фильмде :)
Aikona
Маған қыз ұнады, әдемі иа )). Иа, Сат ағама қатты ұқсайды, туш естіп қоймасын ұрсады
patick
Ол фильм прокатта үлкен сәтсіздікке ұшырады. Киносыншылар да жамандап жатыр.
asaubota
бұл жақсы ма, жаман ба?
sammita
Ахиша айтқанда
«күдік, жегідей жеген күдік»©:))
qusbegi
қаламқас темірбаева сіз болғаныңыз ғой сонда?)))
madlen
Ух ты, уже үлгенрдіңіз бе? Кеше түнгі 12дегі сеанас 2500 тг. тұрды. Соған бардыңыз ба?
Мен өзімді Сумеркидің фанаты едім деп ойласам.
Бүгін барам. Асығып, жұмыста отыра алмай, жыбырлаватырм.
e_zhalgas
жыбырлаватырм
не жөнді смайлик таппай, не эпитет таппай отырғаным :)
qusbegi
иа, барып қайттым))) сіз де барған шығарсыз?
TERISKEY
ұнаған жоқ, себебі мұндай киноларды көре алмайды екен, қарындасымның өтінішіне бола барып ем
AKY
Арғы жағын өздеріңіз көрерсіздер, халқым. Соңында Бэлла байғұс босанам деп вампирге айналады.
интригаңдысс
punk
оқиғасы да, диалогтары да алдыңғы бөлімдеріне жете алмайды,