Қай ұялы байланыс операторының тұтынушысысыз?

Қай операторды жиірек қолданасыз? Ең қолайлы тариф қандай?

Қай ұялы байланыс операторының тұтынушысысыз?

Бөлісу:

115 пікір

Zhan
Алты жылдан бері Kcell номерін ұстап келемін. Бір рет жоғалтып алып, қайтадан тіркетіп алдым. Құрбыларым қанша рет Pathword / Dalacom номер сатып алшы деп айтса да, неге екенін білмеймін, алмадым. Ал «Beeline» номерлерін біраз уақыт пайдаланып, кейін оны да тастап кетемін. Біреулер КсеІІ көп ақша жейді, неге ауыстырмайсң дейді. Сол рас па халайық?
asaubota
мен Билайнға көшкім келіп жүр. Актив ақшаның жауы. дым дұрыс тарифы жоқ. Билайннан Активқа звондау Активтен Акивке звондаудан арзан болып тұр. егер бір облыс ішінен көп шықпайтын болсаң өз облысыңа арналған Билайн тарифын таңдау дұрыс сияқты. Билайннан билайнға алғашқы минут 9, кейінгі минуттар 1 теңге. ал Билайннан басқа операторларға алғашқы минут 18, кейінгілер 9 теңге.
dark_nazgul
Мен көктемде Билайнның «бәрімен жетімен» деген тарифін қосып алдым, Рахат. оған дейін қырық сегіз теңгемен сөйлесіп жүріппін алты жыл. ужс.
dark_nazgul
Үш жыл Кеймобайлда болдым. Алты жыл билайн ұстадым. Қазір теледва да бар, кейселл номерім де бар, корпоративный тегін. Тағы бір актив симкам жатыр, балам екеуміз кезек кезек пайдаланамыз.
тек патворд қана ұстап көрмеппін.
Erke
Билайн жаксы! Тек анда санда сеть дурыс устамай калатыны болмаса! Актив акшанын соры, актив устап жургенимде кунине 200 салатынмын, каз белайнга кошкели 2 кунде салатын болып журмин! Жалпы кай номергеде звондасан аз кетеди! Активтен 120 ед экстрабаланс алгам, соны кайтармай активти лохавайтетип кеттим 120 ед-га!
asaubota
120теңгеге олардың дымы да кетпейді. оған дейін сен лох болып келдің оларға :)
Abilakim
бұрынна бері Кейсел деген пәлені ұстап келе жатырмын. Қанша кететінін білмейм,әйтеуір жеп жібереді. Біреулердің айтуы бойынша кейселде бір группаға кірсең барлық бағытқа 11 теңге болады. Бірақ не группа білмедім. Енді, Теле2 ге көшемін бе, немесе екеуін қатар ұстасам ба деп…
patick
Бірақ не группа білмедім.

Жамағат шығар
omarbirat
K-Mobile, Kcell, Pathword, енді Activ ұстап жүрмін. Айына 1000-1500 теңге кетеді.
Abilakim
Pathword-та бар. Бір жақсысы қалалық нөмірлерге 10 теңгемен қоңырау шала бересің.Жаманы, жолдарда, кей ауылдық жерлерде ұстамайды. Біздің ауылда осы жаздан бері ұстайтын болғалы ауылдастарым осы байланысқа көшіп жатыр
a63a1
тек қалалық емес, ауыл, район, барлық үй телефондарына 10 теңге, сонысы жақсы)
omarbirat
Патворд ауылға барғанда тек тас жолда ұстайтын. Кейселл де солай қанды ішуші еді :))
a63a1
Басында екі телефон ұстайтынмын билайн пасворд(ыңғайсыздық тудыратын). Қазір Билайнда «Супер 1» тарифі шыққалы пасвордты лақтыруға тура келді.
asaubota
мені қинайтыны Актив номерімді тастай алмаймын. жұмыс бойынша бәрі осы номеріме звондайды. енді сол үшін арзан телефон алуым керек. қыздар сияқты сумка ұстамаймыз, 2 телефонды да қалтаға салып жүру керек. сол жері қинайды аздап :) бірақ, үйреніп кететін шығармын.
Erke
Казир жаксы иыгына асып алатын ынгайлы сумкалар бар 4-5 мыннан, диск анау мынау сотк т.б керекти заттар салып алуга ынгайлы!
Aldeken
Билеудің өзін еркекке жат санайтын адамға иыққа асатын унисекс сумка ұстатуды ұсынуың артықтау емес пе? ))))))))))))
Erke
осындайлары болып калады жалпы, кишкентай турлериде болады ынгайлы
Aldeken
айтып тұр ғой өзі
қыздар сияқты сумка ұстамаймыз
Erke
Бул жерде тек кыздар сумка устайды деген ангиме емес, мумкин унап устап калар, сен биреу ушин не жыртылып отсын, унамаса устамас, мен жай оз ойымды айткам,!
Aldeken
не ғо, қойдым, ашуланба, енді саған тек Админге сумка апарып ұсыну қалды. ))))))))))))
Erke
апармайтын болдым нак, админде бар екен
asaubota
бір жарты ала кел Астанаға келіп жатсаң :)
Erke
ангиме жокко, 1 жашик апарам саган
Abilakim
Сен Дәуқара Еркебұланбысың?
omarbirat
Қазір лақтырып тастаған болмаса, Аршатта бұндай сумка бар. Автобуспен жүретін адамға ыңғайсыз болады. Қызығын қалта тінтушілер көреді.
asaubota
хммм… қалай десем екен. ондай сумкам бар. бірақ, жазда ұстаймын :)
sammita
Қисық пен Аршатта ондай сумка бар дегім келгенің менің де:)
Zhan
Сол ғой, номер ауыстырайын десең бәрі бұрынғы КсеІІ номеріңді біледі, жаңасын алайын десең олар хабарласа алмай қалатындықтан амалсыз жүресің. Мына жердегі комменттерден байқағаным «Биллайн» тиімді сияқты. Қосымша осы номерді де ұстаймын-ау соған қарағанда))
Janasil
2SIMкалы телефондар бар емес па?
omarbirat
Пуховигімнің қалталары терең. Не болса соны сала бергенге рақат :)))
a63a1
менікінде 10 қалта бар екен, пуховик деген рахатқой муахахахахах))
omarbirat
Сол ғой. Ішкі қалтасының өзі үш-төртеу болып қалады, қалтафонға арналған қалтасын қоса есептегенде.
a63a1
оны қоя берш, бас салып қоятын да қалтасы бар екен, онымен 11 боладл екен менде)))))
omarbirat
Түбітовик — ыңғайлы киім, опшым :)))
nurjanbay
2SIMкалы телефондар бар емес па?
@Janasil
serjan
2 симкартаны қолдайтын телефон ұстауға болмай ма?
Nurgisa
Бимін. Бірақ тек біреуімен нетем. Икемді, арзан.
Aldeken
Активтен бастадық, одан Кселлге келдік. 7 жыл болды сонымен жүргеніме. «11» деген тарифін қосқалы аздап көз ашылғандай болды. 1 жылдай болды Билайнды алғаныма, бірақ, онымен көп сөйлеспеймін. Көбіне, Кселлдің аяқасты балансы бітіп қалғанда, батарейккасы отырып қалғанда резервтік байланыс сияқты жүреді қолымда… Pathword / Dalacom трубкасы бар, бірақ, қосуға қол тимей жүр…
Abilakim
сол «11» туралы айтып жіберсең, оған қалай кіруге болады?
Mansy_kz
Актив ұстағаныма 6 жылдан асып кетти. Ең жаксы осы актив сиякты көрінеді. Билайн номер ұстамапын
madlen
Шет елге көп қоңырау шаламын, сол үшін к-селл (корпоратив). Басқаларынан связь ондай жақсы болмайды. Өзімде актив, неге екенін білмеймін. Консьерж-сервис бар еще (ол да жұмыстікі) — билайн.
patick
Актив — «Мой мир» сияқты. Тастағың келеді, бірақ достарыңның бәрі сонда.

Негізгі номерім — Актив. Билайн, Теле2-де қосалқы номерлерім бар.
AKY
Актив, тек қана Актив. Билайн арзан болғанымен, байланысы нашар, час-пикте қуып кетеді мүлде. Симкасы бос жатыр.
Пасворд бұрын болған, жоғалтып алдым.
Хохляндияда МТС-пен жүрдім, күшті.
Aikona
4 жыл к мовайл ұстадым, кейін жоғалтып алдым, қазір активіме 4 жыл болды. Кешкі 6 ға шейін тегін акциясындамын, рахат.
patick
есесіне күнде 50 теңге ұстап отыра ма?
AKY
қосылғаның үшін 200, сосын күнде 50
sammita
аха, егер бір тарифке тегін ауысқың келсе центрына барып арыз жазу керек екен.
бұл акция 31 қаңтарға дейін.
Aikona
сонысы жаман, әдейі істеп қойған нақтар ))
AKA
Осы тарифке универдегі біраз студенттер қосылған-ау, құлақтарынан наушник түспейді. Өлең тыңдап жүрген шығар дейсің, бірақ жақындап барсаң сөйлесіп тұрады. Группада да сабақ үстінде сөйлесіп отыратындар бар, ұнамайды сонысы… Сағат алтыға жақындағанда, әйтеуір азаяды әңгімелері :)) Қоғамдық көлікте де осы…
neoman
Кейде мен де ұнатпаймын. Үйдегі стационарлық телефон, пасворд сияқты тегін операторлар ұнамайды. Толықтай тегін болмау керек, осындай керексіз, өзіңнің және біреудің уақытын текке құртатын сөйлесулер көбейіп кетеді.
AKA
Дұрыс айтасыз, осы уақытқа дейін ешқандай тарифке қосылмаппын, тегін де сөйлеспеппін. Бір номермен барлық байланыс операторларына хабарласа беремін.
sammita
Активтен қазір Теле-2-ға ауыстым. Кезекпен қолданам. Теле-2 ыңғайлы, барлық бағытқа 8 теңге.
VKM
Менде Билайн, Актив, Нео бар)))
Gulistan
Активтемін. Интернет Фейсбукқа тегін деген соң шамасін білейін деп 1 ай шамасында тест жасадым. Сөйтсем, түк те тегін емес, егер баланста актив болмаса ештеңе де қосылмайды, кемінде 10 бірлік болу керек екен. Ал жарнамасы қандай еді?!
Gulistan
Нео Атырауда аса танымал емес, Теле2 байланысы нашар.
VKM
Шығыста Билайн көбінесе…
asaubota
Орал толық Билайншы деуге болады.
qusbegi
актив, билайн, теле2, патфорд, дос нөмірлерім бар. телефоным 3 сим карталы (2GSM+CDMA) теле2 мен актив + патфорд)))
qisyq
Ходячий Смольный екенсіз ғой:)
qisyq
Өзіммен бірге үй телефонын, спутниктік байланыс жүйесін, рация, микрожучоктарды тыңдау құрылғыларын, антишпиондық байланыс қондырғыларын да на всякий случай ала саламын деңіз:)))
sammita
сәтті пайдаланып: нигің нешеу?
qusbegi
екеу))) біреуі жарамсыз)))
sammita
жарамсыз қылып тастадық па)
qusbegi
құдайға мың да бір шүкір ки, ондай жағдайға тап болмадым)))
asaubota
түрікше біледі екенбіз ғой :)
qusbegi
неткен қырағы едің)))
qusbegi
бұл жерге ұрғаныңыз қай жерге ұрғаныңыз?(((
madlen
солай ғой енді, жалпы, қызық емес
asaubota
ееее босына ма оқыдық Түркийеде :))))
qusbegi
бірақ теле2ге дауыс бердім
mars1
Өзіме Pathword ұнайды ал басқа байланыс ұнамайды!
bazuka
Билайн. Оралда тұрғанымда билайн алғам, күшті ұстайтын, жертөледе жүрсенде ұстай беретін, ал қазір билайнның тарифі активке қарағанда жақсы, байланысы да жақсы және бонустері бар, Жаса жүйесі ваще керемет деп мақтап қояйыншы)). Супер 1 жасай берсін дейміз!))
Erkekyz
Осындан 7 жыл бұрын алғаш ұялы телефон алғам, содан бері сол нөмір, содан бері сол актив, сол тариф. Қосымша pathword ұстадым кезінде, кейін жоқ боп кетті өзінен өзі) Рахат еді, инетпен танысқандарға сол нөрмеді бере салатын. Билайн симканы шаң басып жатыр.
satvaldo
к-селл. таза байланыс. компаниядағы таныстар…
Aigolek
актиф билайн болатын. Сосын патворт жогалды. сосын бесплатный ДОС номер ап алгам. Сол ДОСыма ризамын. айына 500 тг салам ))).Достан Доска бесплатны ал калган операторларга 8 тг.
Aigolek
Досты тандайн десем тавамай отырм (((
Dinara
Досты Билайнның бір тарифы деп жүрмін ғой, басқа бір байланыс қызметі ме?
saken
екеуі де Кар-Телдің желілері ғой. Бірақ екі бөлек компания ретінде қызмет көрсетеді.
KesH
Менің ойымша осы бәрінен жақсы Aktiv-ау дейм…
Dinara
Жазда ауылға барсам барлығы 200 теңгелік билайн номерін алып алған екен. Мен звондасам, қазір звондайм өзім деп өшіріп қойып билайннан звондап жатады :) Тиімді болғаннан шығар. Телеекі де енді келіп жатыр екен, байланысы нашарлау дейді бірақ.
Өзімдікі актив сол.
TERISKEY
сіз сонда ҚЗ-ға келдіңіз бе?
Dinara
иә, келдім демалысқа ;)
неге таң қалдың? :)
TERISKEY
;) Қош келдіңіз!!!
sammita
Телеекі де енді келіп жатыр екен, байланысы нашарлау
білмеймін, мүмкін кей жерлерде (ауыл) онша ұстамайтын болар, өзіме қолайлы әзірге)
Dinara
Иә енді қалаларда проблема болмауы керек қой :)
Биік ғимараттарға жаппай антеннасын қою жұмыстары басталатын шығар енді ауылдарда Кселл сияқты.
sammita
біздің ауылда биіктеу қыр бар, переговорный пункт))
qisyq
"Қазақтелеком" АҚ деп ол жерге ешкім жазып кетпеді деген үміттемін.
Dinara
а тағы смс жазып төбеге лақтырып қайта қағып алады екен нағашыларымның ауылында :)))
talgatjez
Астанаға келгенімде Теле2 алғам, қолданып көрдім, сапасы нашар.
Билайнға көштім, Астаналық тарифке.
saken
Жұмыс нөмірім (корпоратив) — Билайн;
Туыс-бауырларыммен байланысқа — Дос;
Жалпы кез-келген бағытта сөйлесуім үшін — ТЕЛЕ2 пайдаланудамын.

Бұлардан бөлек бір КСелл нөмірім телефонымның артында жүр. Керек болар деген мақсатта.

Интернетке Билайн арқылы кіруші едім бұрын, қазір ТЕЛЕ2 арқылы қосылып отырмын. Арзан болғанымен интернеті өтеее нашар екен. Арзанның сорпасы татымас деген :((
araika
Активтен өзгесі жақпайды екен, аллергия :)
Ал тариф дегенге мән бермеймін, себебі көп қолданбаймын. Осыдан бір жарым жыл бұрын орнатқан минутына 25 тг алатын(желі ішінде) тариф әлі өзгеріске ұшырамады. СМСке бар болғаны 3,… тг кетеді, сол үшін жүр :)
Zilola
Ксел, кмобайл, пасворд болган. 2007 жылы айына 20 мын куйган кездерiм де болган, семiздiктi кой котередi екен :(
Казiр ксел гана калды, максимум 3 мын куямын.
Zilola
Тариф, акция дегендерге де косылмаппын, кобiнесе конырауды лактырып тастап, озiм кайта согатынмын.
sammita
менің де әдетім үй іші, бауырларым хабарласқанда басып тастап өзім звондаймын. Жұмыста отырғанда кездейсоқ қоңырауды ұнайтпаймын, басып тастаймын көбіне) Еш акция, тарифте емеспін.
VKM
Сізге офицер болу керек еді, мінезіңіз военный)))
sammita
қойшы)) басып тастап өзім хабарласам ғоо.
соншалық қатігез емеспін былай)
VKM
қатігез
емес, тууууййй,қалай айтсам екен? Тәртіпті ме дисциплинорованный деген?
meirzhan
Ең алғашқысы — билайн болған, қазір де сол. Үйреніп алған нәрседен таймайтыным бар.
balzaminka
Кселл ұнайды. Көп сөйлескенмен ақша көп кетпейтін, тарифтің атын ұмытып отырмын. Қызылордалықтармен байланыс тек билайн арқылы, ал үймен — пасвордпен. Пасвордтың жаман жері, белгілі бір уақыттан кейін үзіліп кетеді, билайн да сол.

Ал, қазіргі оператор — водафон. Біздің билайн ғо дим, себебі билайнның симкасын салғанда водафонның логосы шығып тұрады. Кселл мұнда айртелл операторы.
asaubota
қарап отырсам Актив барлық облыстар үшін ыңғайлы тариф қойып қойған. тек Алматы мен Астана үшін ғана жоқ. соңғы кезде ақша көп кетіп жатыр Активке. Астана үшін қандай жақсы тарифты ұсынар едіңдер? Максимум тарифы шығар деп отырмын ең дұрысы. 11 бірлік кетеді әр минутқа, барлық операторға.
rakisheva
Мен Activ, Beeline, Tele2 -ны бірдей қолданамын. Activ, Beeline көбіне қоңырау шалу үшін. Ал Tele2-мен интернетке кірген ыңғайлы. Себебі сатып алған МБ Kcell / Activ-тегідей единица жетпей қалса минусқа кіріп кетпей, жиналып тұра береді, сол үшін ұнайды.
Adiletshu
Активті ұстап жүргеніме 5 жыл болды. Ең алғаш қосылған тарифіммен әлі жүрмін. бастапқы екі минутқа 52 бірлік кетеді, ары қарай жарты сағат тегін.