Астанада Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті
Кеше Жастар сарайында Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті. Aldeken екеуіміз барып келдік. Алдекенге рахмет, ВИП билет алып қойыпты. Жюрилердің артында, 2-қатарда отырдық.
Жарысқа жас командалар қатысты, сондықтан ба Алдекен алдын ала ескертті қызық ойын болмайтын сияқты деп. Бірақ, маған ойын ұнады. Әр команданың қызық жерлері болды еске алатын.
Ақтөбеден 2 команда келді, біреуі жүлделі 3-ші орын алып кетті. Ақтөбелік танымал журналист, КВНщик Маралбектің айтуынша олар Ақтөбеде аутсайдер екен. Бірақ, жігіттер жақсы дайындалып келген, көпшіліктің көңілінен шықты.
2 қыздар командасы болды. Солардың ішінде семейлік қыздардың әзілдері жақсы шықты. Болашағы бар команда деп ойлаймын.
«Тобылымыз чемпион болмаса да, көңіліміз чемпион» деп сөз бастаған қостанайлықтар да күшті ойын қойды.
Астанадан қатысқан бірнеше команданың ішінде Басқару колледжінің командасы ұнады.
Қызылжар мен Арқалықтан келген командаларға сәттілік тілеймін, үлкен сахна көріп, жақсы тәжірибе болған шығар деген пікірдемін. Арқалықтың фронтмені мықты екен, өзін әлі талай көрсетеді деген ойдамын.
P.S «Асаба» болванкасы шығыпты. Бірнеше команда әр түрлі жағдайдағы асабаларды көрсетті. Мұғалім асаба, Самат Смаков асаба… Сірә бұл дәстүр Шаншардағы сот асабадан бастау алады ма деймін.

Алдекеннің де бір идеясы ұнады :) көреміз қалай болатынын. С.К керек боп тұр бұл іске ;)
Опшым, кешегі басқосу Админнің қоғамдық пікір қалыптастырудағы рейтингісінің жоғары екендігін байқатты… ))))))))))))))
Негізі сол қыздар өздері не айтқанын түсінбей қалды-ау деймін… ))))))))))))))