Ностальгияға берілсек: теңге



Бүгін 15 қараша Ұлттық валютаның күні. Теңгенің күні.

Әлі есімде, ойын баласымын, бес-алты жаста болсам керек. Әкем үйге бір бума жап-жасыл қағаз алып келген. Қағазда сақалды атаның суреті бар.

Жап-жасыл қағазымыздың үш теңгелік ақша, ал атаның Сүйінбай Аронұлы екенін кейін білдік.

Жаңа ақшаны ұстап көріп жатқаным анық көз алдыма келеді.

Керекшілер, бірге еске алайық жақсы болсын, жаман болсын ұлттық деген аты бар валютамызды.















Теңгелеріміз берекелі болғай:)

Суреттер Facebook әлеуметтік желісіндегі BCC Invest инвестициялық компаниясының жеке альбомынан алынды.
Бөлісу:

101 пікір

Abilakim
50 теңгедегі аттікіне біраз күлгеніміз есімде. Негізі осы теңгелеріміз көзге ыстық еді.
sammita
күшті! Есімде, нағыз төл теңгеміз осы еді ғо.
Қағаз тиындар болған.
patick
3 теңге ұстасақ мәз болатын едік, лібәд өмір-ай десейщ
Abilakim
інімді сүндеттеген кезде екі Сүйінбай беріп бір Әбілхайырын алып кетіп ем…
patick
сболыш :))))
Abilakim
за то әскерде жүргенінде сотка апарып бердім.Так што арым таза
Aikona
теңгелер шықпай тұрып қағаз тиындар бар еді ғой. Түстері неше түрлі әдемі еді ғой. Мен ең алғаш теңгемізді бір досымнан көргем, бір теңгені әдемі көрінді. 20- теңгеге небір бәле сатып алушы ек қой :). Осы ақшалар әдемі еді иа
Nurgisa
Сүйінбай демекші… Небір жұгәрмектер үш теңгелікті алдымен ортасынан екіге, кейін тағы майыстырып, Ароннан туған перзентті күлдіретін, мұңайтатын… Кімнің есінде?
AKY
Ия. Бұрын да қай тақырыпта айтып едік? Сүйінбайдың тақыр басын ӘлФарабидің бетіне қосып Ленин жасайтынымызды?
asaubota
иә, соны жазайын деп жатыр едім. гармошка сияқты қылып істеп, сосын жоғары-төмен ойнатып күлдіріп-жылататынбыз.
Adiletshu
Уахахахха. Менің есімде. Алматыдан студент ағам 100 теңге алып келіп (бірінші рет 100 теңгені көруім), Абылай ханды күлдіріп, бізді де отдуши күлдірткен
Zilola
Сүйінбайды көріп, осыны жазайын деп отыырсам )))
Nurgisa
Кейін ғалымдар Әл-Фарабиді бір теңгелікке шығарып, масқара болдық, әруағы ұрады бізді деп байбалам салды. Одан кейін шыққан ірі купюралардың бәрінде Әл-Фарабидің мен мұндалауының себебін де содан іздемек шарт-дүр.
patick
50 теңгеге Әділхайыр ханды беруде мән бар ма?
asaubota
басында тиындарымыз да қағаз болды. олармен бала кезімізде карта ойнайтынбыз

sammita
тез жыртылып қалатын. Неге қағаз қылып шығарғанын. құнсыз.
Delhi
Қағаз тиындар тіптен есімде жоқ (((
qisyq
Бұлар да есімде:)))
omarbirat
Теңге шыққанға дейін қытайдың тиындарын қызықтаушы едік, қағаздан екен деп. Одан кейін өзіміздің де тиындар қағаз болып шыға бастағанда, кәдімгідей бір жетістік сияқты көрініп еді :)
Abilakim
Сөйтсек, жетіскеннен шығармаппыз деп қойсаңшы
konvict
Сүннетке отырғызған кезде 1 Абылай, 2 Әбілқайыр, 10-шақты Абай, тағы бірнеше Сүйінбай, Шоқандарым болып еді. Мен ұйықтап жатқанда ағам Абылайым мен Әлілұайларымды алып кетіп, бір күн бойы жылаған едім
qisyq
Әлілұай дегенің 83 теңгелік купюра емес пе?
konvict
Гайтиде тұратын нағашым алып келіп берген ақша еді…
Nurgisa
Сендердің әккулерің жаңа заман орнағанда қиылыпты ғой. Біз өзіміздікін Сәбет заманындағы сабан ақшаға мирастап кеткенбіз, айналайын. Ол кездің жиырма бес рубльдері керемет еді :) Бір сомның бірталай күші бар заман-ай.
Abilakim
Бізде «сделан в Советском Союземіз»
asaubota
маған нағашы атам бақандай 10 сом беріп еді! қып-қызыл 10 сом! өзімді қатты бай сезініп едім сол кезде.
sammita
атам үйіне шешен (әлде ингуш) келіп, маған сол кездің хиты «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»-ды айтқызып, гонорарыма 10 сом алып ем. Ол көөөп ақша ғо.
Nurgisa
Біз сүндетке отырғызылып жатырмыз негізі :)
sammita
кешір плудыма, ақша туралы айтыппын ғо:)
Abilakim
Сүндет жайлы не айтсын?
konvict
Мүмкін, баласын сүннетке отырғызғанда айтып қалар
sammita
сүннет туралы әңгіме жоқ қудың.
konvict
сүннет туралы әңгіме жоқ, қудың.
сүннет туралы әңгіме? жоқ, қудың.
сүннет туралы? әңгіме жоқ, қудың.
сүннет туралы әңгіме жоқ, қудың(типі әбілдің секілді).
=))=))=))
sammita
сүндет туралы мә.
konvict
ужасссс, яалмай соны оқыдыңыз ба
sammita
оппыр-топпыр қылмайық әдемі посты))
sammita
сүннетке отырғаны несі?
konvict
Сүндеттің де, сүннеттің де қазақтың төл сөз емес екенін мен айтпасам да білесіз деВойлаймын. Арапта сүндет емес, сүннет екенін ескеріп, кішкене дұрысқа талпынғаным еді
sammita
бізде сүндет дейді, баланы сүндетке отырғызады.
a63a1
«Піштіру» деген қазақтың төл сөзін қолдануды ұсынам бұ қа қа қа )))
qusbegi
Уахабистердің сайты екен.
a63a1
жарасың сен бұ қа қа қа қа)))))
konvict
Сом демекші, біздің кезімізде теңге еніп қойды ғой. Сонда да әр үйде сомнан қалып кеткендер болатын(шөлки тығылған, дамбалға салынған). Пайдаға аспайтын сол ақшалармен бір-бірімізге сауда жасап ойнаушы едік
Gulistan
Ақша енді шыққан кезде 15 сомға бір танысымыздың ағасы муз. центр алғанда таңдай қағысқанбыз, шамамен 7-8 оқып жүрген болармыз. Солай ма, Нұрғиса?
sammita
Нұрғиса сүндетке отырғызылып жатыр, бос емес:))
Gulistan
Ендігі болып, ақша жиып жүрген болар:)
Nurgisa
Менің әккуімде жұмысың болмасын!
konvict
@AKY қайда екен?
Zhan
Абайла, АКҮ быт-шытыңды шығарып жүрмесін. )))))))) Теңге ауысты. Бірақ біздің ауылға ол ақшалар бірден жете қоймады. Ел-жұрттан, үлкендерден көріп жүрдік. Кейін алғаш рет Құрманғазы атамыз бейнеленген бес сомым болды. Қағаз тиындар да күні кешегідей есімде… Осы ақшаларды бекер ауыстырды. Қандай жалтақтық орын алды екен сол кезде?
Aldeken
Гастаның тілімен айтқанда псевдокөтриоттардың таласына бола, руын ешкім білмейтін Әл-Фараби кейінгі шыққан теңгелерде бейнелену монополиясына ие болған еді…
Zhan
Дұрыс айтасыз, әлгі теңгелер әр қазаққа жақсы рух, басқаша бір екпін сыйлайтын. Қазіргі ақша ше? Дым рух жоқ. Жай шытырлаған қағаз. Жек көріп те, сүйсініп те қарамайсың. Ақша ма, ақша…
sammita
:)))))))
Nurgisa
Менің әкуіме беріліп нең бар, бар, бар ғой ностальгия берілгің кеп жатса. Қызық па дейм.
sammita
еден астына түсіп кетті екі-үш күнге.
sammita
ятсыз, қандай пост ашқансың:)
Nurgisa
Ақша көрсең, қозып кетеді екенсің…
sammita
жараспайтын қылық. Дәл солай ойласаң, кешір.
asaubota
ұят болған екен…
satibaldi
«Аронұлы» дегенді көргенде, мен алғашында жөйіттің фамилиясы деп ойлағам.
qusbegi
Һарун деген пайғамбардың атынан алынған болуы керек. Ол есім жөйіттерге де насранилерде де бар негізі.
Adiletshu
Негізі осы ақшалар жынды еді. Қазіогі ақша быжық тыжық суреті көп. Фантик сияқты
qusbegi
Бірінші рет осы ақшалардың фальшін досымның сүндет тойында көріп едім.
dark_nazgul
Қағаз тиындар есімде жоқ… Тіпті білмейм де…
Abilakim
менің есім ауыспаса Сіз Саммитаны сіңілім деп қалғандай болып едіңіз…
dark_nazgul
Жоқ. Ешкімге сіңлім деп айтып көрген жоқпын.
Жасымды білгің келіп отырса, пенсияның тура жартысын еңсеріп тастадық)))
TERISKEY
менің де есімде, бір пікір арасында сіңлім деген болатынсыз:)) Мен де сол кезде демек үлкееен кісі болды екен деп ойланып қалғам:))
dark_nazgul
Мен ешқашан, ешкімге сіңлім деген жоқпын…
dark_nazgul
Бірақ сонда да қағаз тиындар есімде жоқ… Соларды тіпті көрмедім ау деймін…
sammita
шатыстың:)
Abilakim
сөйтіп кім-кімге сіңлі?
sammita
1985… деген никті қыз, маған жазған «сіңлім» деп)
balzaminka
бұл теңгенің жақсысы тек суреттері ғана қойылмай, өмір сүрген уақыттары да жазылып, тым болмағанда солай танысатын едік қо бұл кісілермен :)

Ең алғаш теңгені көрген уақытым дегенде, шақырайып тұрған күн келеді есіме. Сабақтан қайтып келе жатырмын, алдымнан мама шықты ақша ауыстырып келе жатқан. Ертең пирожки алып жерсің деп бір теңгені қолыма ұстатты. Оны бір аптаға дейін жұмсамай жүрдім, себебі жаңа ақшаның иісі, шықырлаған қағаз… Ақшаға деген махаббатым солай басталды ғо дим, жаңа ақша көрсем кәдімгідей крышам кетеді, дым жұмсағым келмейді ғой, келмейді :)
Serzha
қазіргілерге тек әл-фарабині тыға береді
әбілқайыр, аблай хандарды неге суреттемейтін болды?

алсо ru.wikipedia.org/wiki/Символ_почты_Японии
meirzhan
Себебі банкноттардың эскизін жасап, жалпы ақша эмиссиясына қатысушылардың денін ҚазҰУ-нің түлектері құрайды. Сондықтан. Ал КазУмомимя ол салаға қатынаспайды екен. Сондықтан Абылайдың суреті қазіргі банкноттарда жоқ. Солаай
madlen
Ал КазУмомимя
емес, КазУМОиМЯ, 1 м артық сенде!
meirzhan
әдейі жаздым
madlen
барлығы солай әдейі айтады :(
nurjanbay
Шыңғыс ханның ұрпақтары біреулерге ұнамай қалған шығар. сосын баяғыда біреу айтып еді «Теңгеде бейнесі тұратындай Сүйінбай Аронұлы деген кім? Жай бір рудың айтыскер ақыны ғой» деп. әркім өзінің ата-бабасын теңгеге тыққыштай берген соң тек Әл-Фарабиді ғана қалдырған болар деп ойлаймын. рушылдық, жершілдік қай жерде де бар ғой.
asaubota
соны айтам. біз түсінбедік Сүйінбай кім ақшаға шығатындай деп.
Erkekyz
Ностальгия. Осы ақшалар әдемі еді. Ал сіздер жатқан қағаз тиынды мен де көрмеппін.
Erkekyz
сіздер айтып жатқан дегенім ғой
meirzhan
ОЛ қағаз тиындармен ойнайтынбыз. Сатушы боп. яғни, ес білгенімізде шынайы қолданыста болған жоқ.
qusbegi
5 жасыма дейін ақша ұстап көргенім жоқ…
KILYZAMAN
Шолпылық қызымет атқарған сөлкебайлар ай десейш… Сәндікке болса да жарап еді өздері :-(
boztorgai
мекемеде жасы үлкен кісі сүйінбайдың дәрежесі теңгеге ілерлік емес екенін еске сала берушіед
тілегін қабыл қылды ма кім білсін, кейін басқа бейнелерден де ада болдық
saken
ауылдан аудан орталығына дейін бару үшін проездге бір пәчкі тиын ақша беретін едік :))
satibaldi
Со кездерде бір қаззақтың жылағаны есімде, дәулетсембаевсстың: «Бір купбра шығаруға — 10 теңге кетед» деп.
sammita
шығыны бар, нақты қанша екені қызық.
VKM
мәссаған, Сатыпалды тағы да түнде шығыпты.Ночной дозор))))
sammita
бізді іздеген түні ғой 17-сі түнде)
VKM
иә, мен шатасыппын.
asaubota
2011 жылы курс қанша болды екен?
bake
дерек көзі 148-149 тенге
asaubota
сонда осы курспен біразға дейін тұрған екен ғой
bake
Қағаз тиындар суретін қоспапсың. Басында қағаз тиындар болған.
asaubota
карта ойнайтын едік сол «тиындармен» :)
ken
Қағаз тиындардың суреті мына жерде жарияланыпты.
Сапасы теңгеге қарағанда нашар еді. Айналымдағы уақыты бір жылға да жетпеді ғой деймін.
bake
Тындар 2005 жылғы, ең алғаш шыққан темір тиынның бір бетінде қағаз ақшадағы секілді көп бұрыштың белгісі бар болғанды-мыс. Ескі тиындарды айналымнан алып тастағандай. Тиындар Өскеменде шығады. Бір уақыт тауып тиын шығаратын жердің мұражайына барып көрмесем.