"Cи, Сый пишется через И?"

Уа, ізгі ниеті дағуатшы кришнаит жама'ат, мына орфография не болды өзі? Очм, ертеректе Дәруішөлген Қазақстанның боданы болған уақыттарда үш кластық білім алып қалған едік, енесстің. Содан есімде қалғаны — «сидыру»,«сиғызу» деген сөздерді «И» арқылы жазушы едік.Осы күні бір атаңанә қаззақ үнемі сол жерін «сыйдыру»,«сыйғызу» деп жөндей беред, зайып алып болдым нақ. Бұ не, қаззақ орфографиясы шегіп кеткен бе, әлде мен арақты қоюым керек пе? Төрелігін төре тұқымынан шыққандардан басқаларың айтып, бір христиандық ізет жасасаңдар деген өтініш, буддажарболғырлар!
Бөлісу:

22 пікір

sammita
бір атаңанә қаззақ
түсін түстей салсаңыз етті?
«сый», «тый» түбірлес сөздер «ый»-мен жазылады.
Мый, жыйналу, қыймаймын т.б. қате.
balzaminka
бұрындары Қазақстан бодан болған дейтін сияқты едіңіз, райыңыздан қайтқандаймысыз, қалай өзі, а? :)
qisyq
Тәубеге келейін деген ғой, "өзің болғанша, болғанның қосын қос" деген бар емес пе.
Zilola
Менен не жамандык кордiнiз? Осы гаптi озiм бастап бердiм емес пе?
araika
-ый жазылар жерде -и салып, -и-дің орнын -ый-ға айырбастап кететіндер Мыңбаевы нашарлар қатарында
balzaminka
қалжыңды да жөнімен айтқан дұрыс шығар, біреудің аруақ болған атасы қалды ма енді?
araika
Кешірерсіз, қалжыңдағым келмеген. Постта осы сөз кездескен соң, қолданысқа енгіздім…
sammita
тағы айтам, «мый» дегеннің миында ақау бар.
Gastarbaiter
Дегеннің миында жоқ-ау, жазғанның миында болмаса.
Nurgisa
Не ссы, а «сый». Ибо си это не si, а «кіш-кіш».
Gastarbaiter
Жырғиса өз репертуарында:)
Nurgisa
Сосын, соңғы кезде «көріптім» (көріппін), "қалыптым" (қалыппын) деген белең алып бара жатыр ма деп қалдым.
sammita
барған жоқым, солай айтылыныпты, сұрайын деп жатырған жоқпын т.б.
Gastarbaiter
Жоқ ол кішкентай баланың тілі ғой, бұрыннан бар.
Менбесқо деген сияқты. Диджитілге жақсы сіңеді осындайлар:)
KILYZAMAN
Балалық шақтан эпизод: Әкем рәмәтлік жеміс-жидек совхозындағы(Алматыға жақын жерде 80-км) күзетші еді. Құлпынайдың пісе бастаған кезінде сілекейлері шұбырғандардың саны көбейетіні түсінікті: Мен әкемнің жаныда едім(есекке шырмауық артып қайту міндетім еді) құлпынайдың пісіп — жетіліп, теріліп өкіметке өткізетін алаңқайының бірінде екі-үш жас орыс келіншектер тоңқаңдап жүргенін байқадық. Әкем оларға болм айды бұларың дегендей уәж айтып еді(бар білетін орысшасын қосып), біреусі «Сейчас дедуля немножко сьем» -демесі бар емеспе :-) Әкем болса бұлан-талан; «сиуге жер таппағандай келген жерлерін қарашы найсаптардың» — деп
asaubota
Ахмет Байтұрсыновтың версиясында И әрпі болмаған деседі. И емес Й дыбысы бар қазақта, ал И жазылып жүрген жерлерде алдына І немесе Ы қойылады екен.

Мысалы: сій және сый, бұлардан мына етістіктер шығады: сію, сыю. айырмашылығы бірінің жуан, екіншісінің жіңішке айтылуында.

а вот орфография жағын білмедім :) мен тек айтылуы бойынша айтқаным ғо :)
karasai
барамын деген сөз тіпті ұмытылды, келемін дейді, осыдан танар емес.
sammita
«Ал бүгінде бірге туған бауырға да сиюдың қиындап­ кеткені жасырын емес» Президенттің курстасы
satibaldi
Қысқасы, өзіне Шымкенттен бір бөлмелі пәтер берілсе екен дейді. Осыны өтініп, Прези­дентке кірмек болып Астанаға да барған. Бірақ оған жолыға алмапты.
Лібә, неткен надандық десейш. Сәйкесінше — үш-төрт ходкасы бар үсті-басы тату-тату курстастарын танымағандай болып жүре беред шығар епті.
AL-ASTER
ЖИ, ШИ пишется с буквой «Ы»! Пример: Шымкент!