Менің күнәлі періштем – классикалық қазақ киносы



Түсіндірме сөздікте «классикалық» сөзінің бір мағынасы ретінде «бір үлгідегі», «әлдебір дүниеге тән құбылыс» деген сипаттамалар келтіріліпті. Осы уақытқа дейін шыққан қазақ фильмдерінің ортақ қасиеттерінің басын қоссақ, «классикалық қазақ киносының» бет-бейнесін шығаруға болады деп ойлаймын.

Режиссер һәм сценарист Талғат Теменовтың «Менің күнәлі періштем» туындысын дәл осы «классикалық қазақ киносының» «жарқын» мысалы ретінде қабылдауға болады. Бәрі сол бұрын біз көрген бірқатар фильмдердегідей. Сол «сылқ-сылқ» жүзінші, әлде… мыңыншы рет естігеннен құлаққа жауыр болған қыз күлкісі, сол баяғы ішіп-жеген жігіт көзі, сол баяғы типтік ақсақал бейнесі, сол бір жуан, қоңыр дауысты жігіт, стандартты бауырсағы, алма-жүзімі, әдемі шәйнек-шынысы бар дастархан…

Әуелгі сөздің басы Айша атты әрі әнші, әрі биші, әрі әдемі қыздан басталады. Бай банкир Асхат Бабаевичке қыпша белін құшақтатқан Айша аяқ астынан ала көз Азаматпен кездесіп, ғашық болады. Ғашығымен бір боламын деген бас кейіпкер банкирді де, Парижді де талақ етеді.

Былай қарасаң, бас қатыратын сюжет емес. Бірақ, туындының тұла-бойында өріп жүрген үлкенді-кішілі оқиғалар бірінен соң бірі қисынсыз түрде орын алып адамды шатастырып жібереді. Кейіпкерлер аяқ асты шешім қабылдайды, оқиға бағыты кілт өзгереді, «не болар екен, не болар екен» деп отырғаныңда, ол болмай қалады да, басқа бір оқиға басталып кетеді.

Әрине, егер бұл Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы ертегісі» секілді бағыттағы фильм болса, басқаша талдар едік, алайда «Менің күнәлі періштем» ең алдымен романтикалық кино ғой…


«Мені құртқан, көкшолаққа» салсақ, Теменов туындысының тартпаған жері дыбыстық монтаж болды. Кім біледі, егер актерлар дауысы сапалы шықса сценарийдегі шым-шытырық, ара-тұра белгі беріп қалған жасандылық білінбес пе еді?..

Алайда, «классикалық қазақ киносына» тән күшеніп, сондай бір әдеби тілмен, мақалдатып-мәтелдетіп сөйлейтін актерлар, жасанды күлкі, шыққан дыбыстың кадрдағы фонға сәйкеспей қалуы сүйсінуден гөрі, секем тудырады екен.

Бірақ, табиғылығы тапшы дыбыс кемшіліктері бар туындыда актерлар жаман жағынан көрінді деп айта алмаймын.

Түсірілім жұмыстарына 10 күн қалғанда келген Құралай Анарбекова /Айша/ мен түсірілімнің үшінші күнінде келген Данияр Қанатқалиев /Азамат/ рөлдерін біршама жақсы алып шыққан деуге болады. Кастингсіз өткен екі актер ғашық адамдарды бере алды, белгілі бір сәттерде өзім сендім екеуінің ғашық екеніне. Тек Данияр Қанатқалиевтың бүкіл фильм бойы дерлік көзінің астынан, алайып қарап жүргеніне жағымсыз әсер тудырды.

Банкир Бабаевичты ойнаған Мұрат Ахмановтың да ойынын жаман дей алмайсың. Актер бос кеуде, қуыс көкірек, қатігез, бірақ ынжық, алайда жүрегінің алыс түкпірінде адамшылығы бар адамның кейпін көрсете алды.

Фильмның ерекшеліктері ретінде саундтректерді атауға болады. Әсіресе, Айгүл Қосанова орындайтын «Ей, перизат» әнін атап өту қажет. Жеке өзіме «Күнәлі періште» сыйлаған романтикалық әсердің кем дегенде елу пайызын осы ән сыйлады. Сонымен қатар, Шабаның да өлеңдері жақсы әсер береді.

Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджановалар бар қатарға енді Құралай Анарбекова да қосылды деп айтуға болатын шығар.


Көрерменге шынайылық керек. Қазақстандықтардың бәрі арт-хауыстық сипатта құрыған ауылда арақ ішіп өмір сүрмейді («Ақсуат», «Қыз жылаған»), үлкені бар, кішісі бар – бәрі бірдей театрдағыдай күмбірлеп, қаз үніндей қаңқылдап, сөзін мақалымен майлап, мәтелімен суарып сөйлемейді («Жерұйық»).

Жоғарыда айтылып қалған Шәріповтың «Қызғылт қоянының», Баян Есентаеваның «Ғашық жүрегінің», Ақан Сатаевтың «Рэкетирінің» де елдің көңіліне жағып, табысты болғандығы сол шынайылығында болса керек.

P.S. Айтпақшы, «күнәлі» деген сөзді бұрын естімеген сияқтымын, қазақтар «күнәһар» дейтін сияқты еді.

P.P.S. Жерар Депардье туралы жазған жоқпын, себебі, французды фильмның екі-үш жерінде ғана көресің, сәйкесінше, не жазарымды білмедім.
Бөлісу:

72 пікір

Zere
Фильмнен гөрі постері жақсы шыққан сияқты. )
qisyq
Соны жазайын дедім де, майдаланбайыншы дедім:)))))
Erkekyz
Мхм, мен де постер өртейд деп жазайынш деп отқам.))
qisyq
Тағы бір ньюанс. Фильмде Эйфель мұнарасын бір рет пе, екі рет көрсетеді. Оны постерге шығарып не қажет болды деймін де? Әрине түсінемін, Париж, романтика, жарнама, бірақ, жеке өз басым алданып қалғандай ісерде болдым, МММсссстың…
Gulistan
Атырауға қашан келер екен? Топпен барып көреміз бе?
qisyq
Отандық премьерасын түсінбедім, шынымды айтсам. Қашан болар екен.
Zilola
6-шы желтоқсанда болып жатса екі сағатым бар, үлгерсек барайық а)
madlen
Мен әлі көрмедім. Қарау керек екен. Рахмет, Димаш!
qisyq
Қарап шықшы, Маржан, маған сенің пікірің қызық болып тұр.
Aikona
Қатты жарнама боп кеткен сияқты, барлық каналдарда талқылағанға шынымен ерекше туынды болар деген ой келген. Көру керек деген фильмнің қатарына енгзіп үлгергем, енді 2- планға түсіп қалғандай. Димаш жазбаң ұнады!
qisyq
Рахмет, Айкона:)
Көруге болады, қанша дегенмен отандық кино, сосын бұл менің пікірім ғой, басқа адамдарға ұнауы мүмкін.
patick
Рахмет саған! 1000 теңге үнемдеп қалдым, есесіне 3 кружкі сыра ішем :)
qisyq
Біреуі менікі...:)
patick
да хоть біреу жарым
asaubota
обшым «фильм боқ, бармаңдар, интернеттен күтіңдер» дейсің ғой. рахмет, мессадж қабылданды.
qisyq
Боқ болғанда… енді, андай боқ емес, бір көруге болады, бірақ Энн Хэтуейдың «Бір күні» сияқты туынды күтпеңдер:)
Aizhantabyn
Күнәлі деген сөз че то не то естіледі маған. Кінәлі деген норм, күнәһар деген тоже, екеуінен бір сөз маған жат сияқты. Хотя, кто его знает…
Ғашық жүректі күтіп жүрмін.
qisyq
Сол ғой, мен басында кінәлімен шатастырдым. Сөйтсем күнәлі екен.
asaubota
постерде кунәлі деп жазылған
qisyq
Ия, ол да бар екен:)))
patick
Мүмкін «Кунилі періште» деп атағылары келген шығар :)
Zhanylai
Негізі фильм қыркүйекте көрсетілуі тиіс болған екен. Фильм орыс тілінде түсірілгендіктен, жоғарыдағылар өткізбей тастайды. Солай фильм қазақ тіліне аударылыпты. Дыбыс пен кадр үйлеспегендігі сондықтан. Ал Теменов мырза «маған салса тек орысша нұсқасын шығаратын едім» дегеніне жыным келді. Ал енді «Мулен Ружға шақыру» қойылымына барып, салыстырарсын…
qisyq
Мен енді орысшасын көрсем бе деп отырмын. Себебі, дубляж сәтсіз шыққан, бәлкім өздерінің дауыстары жақсы шығар. Бірақ, бәрібір, қазақша «а-ля на пофиг» ұра салуға да болмайды ғой. «Мулен Ружды» көремін, рахмет.
Zhanylai
«Отандық фильмдер енді қазақ тілінде түсірілуі тиіс. Орысша нұсқасын жасай ма, жасамай ма өздері біледі» деген өсек естідім.
konvict
Біздікілер бір фильм түсірсе жаһанға жар салады. Ал, түрік кәрістерің күнеде сериал түсіре ме, көріп тауыса алмайсың
qisyq
Абай, скептик болып кетіпсің соңғы кезде, өміріңде не өзгеріс?
manshukn
Жаздың кезінде журналистерге арналған көрсетілімін көргенмін. Содан кейін «Еларнада» бір кәріс сериалы жаңадан басталып жатты. Сонда осы Талғат Теменовтың киносы мен жаңағы кәріс сериалының алғашқы бірінші сериясының қатты ұқсайды.
Esmeralda
Сұлу қыз екен
qisyq
Бұл киноның табысы сонда деп ойлаймын, яғни енді Құралай бұдан да басқа фильмдерге жол ашқан сияқты.
balzaminka
онлайнға сілтемесі болса жақсы болар еді
omarbirat
Кеше телебизірден жарнамасын, то бишь трейлерсымағын көріп қалдым. Дубляжы құсық екен. Актерлардың дыбысталуы «Жаралы сезімдегі» сияқты.
qisyq
Омеке, айтпағым (айтқаным) сол еді. "Қазаннан қақпақ кетсе" дет аталатын дана қазақтың дархан көңілін кімдер былғамаған, тұнығын кімдер лайламаған…
qisyq
дет аталатын
деп басталатын

Түзету функциясына деген тұтынушылық талғам тіреліп-ақ тұр.
omarbirat
Мен де сол, сенің жазғаныңды қуаттай түсейін деп :)
Abilakim
Қосанованың сол әнін(Ей, перизат) Гугл қасқа таппай жатыр…
qisyq
Мен де іздеп жүрмін.
Zhanylai
Ғ.Мүсірепов театрында таныстарыныз болса, солардан алуға болады.
Abilakim
Ол театрдан Ғ.Мүсіреповты ғана біледі екенмін
patick
Балақтан ағып кетті біржола :))))))))))
Gastarbaiter
Қазақтың классикасына кіре қоймайды бұл фильм Димаш. Тура да, ауыспалы да мағынасында. Классика болып қатардағы емес, қатардан оқ бойы озық фильмдер қалады. Осы жерінен басқасын жақсы жазыпсың.
qisyq
Асқар, мен фильмды қазақтың классикасына кіргізіп отырған жоқпын, «классикалық қазақ фильмі» санаты жатқызып отырмын. Негізі, не айтпағымды түсіндің деп ойлаймын, түсінбесең, айта кетейін, «классикалық» сөзін мен бұл жерде "әбден таптаурын болған", «елдің ығырын шығарған» деген жағымсыз мағынада қолдандым. Себебі, «классикалық» сөзі «типичный», «характерный» деген мағынада да пайдаланылады. Пікіріңе рахмет.
Gastarbaiter
Ол жағын түсіндім, бірақ маған сен классикалық сөзін пайдалану арқылы, шын классика туындыларын балағаттағандай көріндің. Айыпқа бұйырма, қандай сылтаумен қолдансаң да, кей сөздер солай бізге түрпідей тиіп, жұқа жерден тырнайтыны бар.
qisyq
Айыбы жоқ қой, сеебі сендік пікір жарыққа шығу құқығына ие:) Тек менде сылтау емес, түсіндіру екенін жеткізсем деймін.
Қаймана бір кішкентай қазақтың «классикалық» деген сөздің тонын теріс айналдырып пайдалануы нағыз классиканың мұртын қисайтпас. «Классикалық» дегеннің жоғарыда мен қолданған мағынасын өзім шығарғам жоқ, бұрыннан бар.
Gastarbaiter
Классикалық дүние қисаймас ау, бірақ осынша мақтау айтылып жатқанда, менің бір қисық сөзіме қисайып қалдым деме:)
qisyq
Қисық сөзіңе қуаныштымын, қисаймадым, Асқар, тек бұлдыр, көмескі дүниенің басын ашып алайын деген тырбың тірлік қой, мендік ой-ниетті сен ғана емес, осыны оқыған басқалар да дұрыс түсінсе екен деген дамбал үміт те баяғы:)
Gastarbaiter
Дегенмен, менің қисынсыз сын жазған жерімді көрсең, комплимент деп қабылда.
dark_nazgul
Мүсірепов тесатрында қойылған бір спектакль бар ғой. тура осындай, бірақ онда қыз әнші емес, биші. Ол да Теменовтікі ғой деймін. Байдың ролін Рахман Омар ойнайды онда.
qisyq
«Мулен Ружға оралу» ғой деймін қателеспесем.
dark_nazgul
теленұсқасын көргем. "құсық", шын айтса…
qisyq
Онда, мына туынды екеуі бап қосылды.
dark_nazgul
Теменовтың бөлтірік туралы киносы ғана тәуір, шын айтса…
patick
сосын визиткасы әдемі, болды.
Abilakim
«Махаббат станциясы» ше?
dark_nazgul
ол да әйбат, ұмытып кетіппін ғой)
Abilakim
Друзья его зовут «Коко-колой»
asaubota
бұрынғы кинолары жақсы еді, ол кезде енді энтузиастық та бар ғой. ал қазір, замана такая :)
qusbegi
Бас рөлдегі қыз әдемі екен.
patick
аха, соны біз де байқап қалдық
qusbegi
Теріс қарап тұрған сәтінде Әсел Сағатоваға ұқсайтын сияқты ма?
dark_nazgul
«Адамдар арасындағы бөлтірікті» Октябрят қатарына қабылданған күні Целинныйдан барып көріп едік)))
Abilakim
«Сен келгенше бой жетем» дейтін қыз бой жетті ме екен?
dark_nazgul
Басына леген төңкеріп алатын қыз ба?
Gulistan
Сонымен, кеше барып қарадым. Бір сөзбен айтқанда, ҰНАДЫ!!! Саунтректері жақсы екен.
Актерлары да жақсы.
Димаш, Айша айтатын («Япурай», "Қорлығайын") әндерді кім орындады екен, мен шын ғашық болдым ашық дауысқа, әннің кереметтігінен денем түршігіп кетті. Ал Шаба қай өлеңдерді айтты?
Бәріңе "Қарап көріңдер!" деген кеңес берем ем, мәселе фильмнің жақсы-жаманында емес, әркім өзіне ұнағанын алады ғой.
Соңғы көрген жаңа 3 қазақ туындысы арасында "Ғашық жүректі" артқа тастап, алға шықты. «Несиеге махаббат» әңгімелеуге де жарамай қалған сияқты:)
Осы фильмді қарай отырып, «Махаббат бекетімен» байланыстар іздегенім рас. Ия, екеуінде де қосыла алмай жүрген қос ғашық, ортаға киліккен байшікештер, тағдырдың тауқыметі, сын сағаттары. Бірақ заман басқа, фильмге талап басқа.
«Менің күнәлі періштемде» екі ғашық қосылмаса я бірге болуға мүмкіндік жасамаса, режиссерді кешірмеспін деп отырғам. ТТ азамат екен. Тарс-тарс шампан атылып, даңғырлап өткен тойды көрсетпесе де, екі жасқа болашақтарына жолдама берді, «Міне, сендерді бар қиындықтан азат еттім, енді өз бақыттарың өз қолдарыңда» дегендей. «Махаббат бекетінде» де қос ғашық көп жылдан кейін туған жерінде кездесіп, сонымен аяқталмап па еді?!
«Ей, Перизатты» іздеп жүріп тыңдайтын болдық.
dark_nazgul
Шаба сол әнші қыздың барлық әндерін айтыпты.
qisyq
"Ғашық жүректі" артқа тастап, алға шықты
шықты дейсің бе… хм…
Айшаның айтатын әндерін Шаба орындайды. Жалпы саундтректерін тауып жатқан ізгі жүректі адам болса, бөлісе отырыңдаршы.
Мен орысшасын көрсем деп отырмын. Бәлкім актерлардың өздерінің дауысымен жаман шықпаған болар.
Gulistan
«Мой Мирдің» фонотекасынан іздеп көру керек екен.