Бір бәліш пен бір кесе ыстық шай

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті 3 курс студенттері, яғни 301 топ арасында «Тек қана қазақша сөйлеу» науқанының басталғанына екі аптадан астам уақыт өтті. Бұл іс-шараның мақсаты қазақ тілін алашұбарлықтан құтқару. Яғни, алаңға шығып бәз-біреулердей ұран тастап «мен мынаны істеп жатырмын!!!» деп аттанды салмай, әр кім өзінің жеке басынан бастау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырып, қазақ тілінің өміршеңдігіне қарлығаштың қанатымен су тамызғандай болсын үлес қосу. Аталмыш шараның «күнделікті ауыз екі қолданыстағы орысша сөздерді араластырмау, қадарынша көнерген сөздерді тілдік қолданысқа енгізуге талаптану» деген сияқты бірнеше қағидалары бар. Және қай жерде болсын, бастысы қоғамдық орындарда тиісінше қазақ тілінде сөйлеу, сұраныс жасап, тіл қатқан кез-келген адам баласына ұлттық тілде жауап беру басты талаптардың бірі екенін айта кеткен орынды.
Апта сайын ауысыммен жауапты адам кімнің орысша сөздерді көп қолданғанын сабақ барысында жіті бақылап, өзінің қойын кітапшасына тізіп отырады. Апта соңында қазақ тілін көп қойыртпақтаған студентке жаза беріледі. Ол өзі қатарлас топтағы студенттерді асханаға отырғызу. Яғни, бір бәліш пен бір кесе ыстық шай.
Қазақ тілінің көсегесі көгере берсін!
Бөлісу:

46 пікір

Aya
Міннее, аззззаматттар)))
dark_nazgul
Үшінші гуктағы кітапхананың қасындағы буфет әлі бар ма? Самаурынындағы шайы сол күйі шикі ма?
Aya
Жоқ, сарқылдап тұрады… соррррраптап сол жерде ысссстық шәй ішеміз біздер...))
dark_nazgul
келер жылы группаластардың басқосуын сол жерде өткізбесек)))
Aya
бір жаманы қуықтай тарлығы… бірақ көңіл сиса бәрі де сияды))
Zilola
Сиса?
Aya
сию деген мағына ғой, түсініксіз бе?
Aldeken
сию деген мағына ғой, түсініксіз бе?

Көңіл сисе?????????????????

Жазылар әріп «ы» мен «й»
қолданар сөзі «тый» мен «сый»
деген емлені өткен сабаққа қатыспай қалғансыз-ау деймін, шамасы…
Zilola
3шi курс журналистiне кешiрiлмейтiн кате деп ойлаймын
sammita
дұрыс! осыны жаза-жаза қажыдым©
TERISKEY
хехе, орысшасыз-ақ тілді аздап неткені* үшін, бәліш пен ыстық шәйінен дәметіп отырғаным:))))
Zilola
Бул уже уятсыз соз
Zhan
сиса — сыйса, сию — сыю ))))))
Aya
Айып етпеңіздер, ондай ондай ханның қызында да болып тұрады. Келесіде абайлаймын…
nurjanbay
тілімізде «сиса» деген сөз жоқ.
"сисе — сыйса, сию — сыю" болады.
qisyq
Тілімізде «сиса» деген сөз бар. Шыт секілді матаның атауы. Орысшасы «ситец». Жаяу Мұсаның «Ақ сиса, қызыл сисасы» сол матаның атауы.
nurjanbay
Зилола «Бул уже уятсыз соз» деп «сию» мағынасында және Zhan «сиса» сөзін «сисе» деген сөз деп түсініп тұрған шығар дегем.
a63a1
ужы айтып қойыпты, ретімен оқып келе жатыр едім
nurjanbay
бәрін құртып тұрған «и» деген әріп. бір жерде "ій", бір жерде «ый» болып оқылады. сөздің жуан не жіңішке болғанына байланысты. екі әріпті бір әріп қылып қысқартып жазғаны болмаса ваще қажеті жоқ әріп. «у» әрпі туралы да осыны айтуға болады — "ұу", "үу", «ыу», "іу". бұл әріп даже «дауыссыз у» болатын кездері де болады.
a63a1
Сиса деген мата емеспед?
konvict
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса © Жаяу Мұса
деп қуып кетсең иә
19852407
ммм, маған сол буфеттің полоскасы ұнайтыыын :)
есіме түсіп кетті ғой, 3 а 1 кофемен ішіп алып, соған тойыып қалатынбыз кәдімгідей)))
punk
кезінде біздің универ қолданған шара да қызық болатын. ол кезде оқу бөлмесіне копейник әкеліп қоятын. кімде кім сөзінің арасында орыс не сол сияқты қазақ тіліндегі емес сөздерді қолданса сол копейникке тиын салатын. әр сөз үшін бес теңге. (міне мен дәл қазір, копейниктің баламасын білмегендігімнен бес+бес=10 теңге салуға мәжбүрмін(одан бері жыл өтті,))
Adiletshu
Оу жамағат, мен де Казгуда оқығам
Aizhantabyn
жақсы бастама! Жарайсыңдар)))
Zhan
Біз де студент кезімізде осындай шарт қойып, біразға дейін ұстанып жүрдік те, кейіннен аяқсыз қалдырдық. Біздегі жаза маңдайдан шерту болатын.))))))
chimaq
Қазақ тілінің көсегесі көгере берсін!
sammita
осы көсеге деген не зат? тілдің көсегесі қалай көгереді ұқпаймын да.
chimaq
men de uqpaimyn))biraq osylai sozderdi estip jurem…
sammita
бәрінен сұрағаным ғой, біреу білер деп.
nurjanbay
дәл мағынасын білмейм. бірақ мын жерде
көсеге

көсегесі көгеру → процветать; достигать желаемого
көсегең көгерсін! → счастья вам! (доброе пожелание молодым)
көсегесі көк → процветающий
көсегесі қиылу → не достигать желанной цели
депті. соған қарағанда «көсеге» мақсат, мұрат, арман деген сөздердің синонимі деп ойлап тұрмын.
nurjanbay
тілімізде «көсеге» сөзіне ұқсас тағы бір сөз бар. ол — көксеу.
көксеу

1. гл. сильно желать; жаждать; стремиться
ол мұғалім болуды көкседі → он очень хотел стать учителем
бостандықты көксеу → жаждать свободы
көксеген арманға жету → достичь желанной цели
2. и.д. сильное желание, стремление
sammita
бұларды білем ғо. Нақты не зат деймін дә көсеге))))
nurjanbay
көксеу етістігінің өзгерген түрі деп ойлап тұрмын.
nurjanbay
«көсегең көгерсін» дегеніміз "көксегенің көгерсін" яғни «арманың орындалсын» деген сөзге келетін сияқты.
sammita
ағаш/ветка/шөптің аты ма деп қоям)
qisyq
ветка
қазақша бұтақ емес пе?
sammita
Керекке келіп қазақ тілін «дамытып» жатырмыз, қолданыстан шыққан сөздер ғо:)))))))))
qisyq
қой қайдағы қолданыстан шығу, мен де, менің айналам да «ветканы» қазақша «бұтақ» дейді.
Aya
Көсеге зат. "Құт", «береке», "өркен" тәрізді атаулармен мәндес, игі ниетті танытатын сөз. Ол халықтың қамы, елінің көсегесі, ұлтының ар-намысы үшін басын өлімге байлаған өжет жандар жайлы жазылғандардың бәрін дерлік оқып шықты/Ө.Қанахин, Жас дәурен/
Бабамыздың аты өліп, рухы ұмытылмасын десек, осы атойдан танбайық, көсегеде түйіскен төсті көр ғана ажыратсыншы/Д.Досжан, Жібек жолы/.
Көсегесі көгерді. Өркені өсті, дегеніне жетті, кемеліне келді деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,5 том, Алматы-1980
balasangun
қашанғы қағаз бетінде зарлап жалынып қазақша үйрен деп өтінеміз!
мүддеге келетін еріксіз жанталасып үйренетін жол салыу керек
ол ақша! қазір банктен кридит алсаң уақтылы бер берме есебін тауып алады уақытын созады сомасын азайтады тартып алады… сол сияқты білмегеннің ақшасын білгенге алып баерсе қалай болар еді көңіліне қарап жүріп осы күнге жеттік емеспе
SaryQazaQ
Нақты іс деп осыны айт. Әйтпесе, құ ұрандататындардан шаршап біттік! Жарайсыңдар, журфак