Қасымнан өткен өлім
Өлген кісіні көздіңіз бе? Мен көрдім.
Осыдан екі ай бұрын ба екен, әлде үш ай, нақты есімде жоқ, өлген кісіні көрдім. Қалай деген сұрағыңызға жауап берсем, былай болды.
Негізі, бұл жақта мынадай салт бар. Қайтқан кісіні арулап, бетін жаппай көшемен алып жүреді. Бірде сондай процессияның үстінен түстім. Еріксіз.
Тал түс болатын. Күн әдеттегідей қайнап, жұрттар баратын жағына асуғылы еді. Мен де. Содан да, баратын жеріме тез жетіп алмақ болып рикша ұстадым. Ызғып келе жатқан рикша бір уақытта тоқтады, тоқтамасқа да болмайтын еді. Көшені бойлай музыкалатқан, гүл сеуіп, билеп келе жатқан процессия шыққан еді алдымыздан. Жүргізуші менің асығыс екенімді сезіп, сол процессияның арасына кіріп кетті. Кірді де, ұзын қара машинаның қасына тоқтай қалды. Не екен деп қарағаным сол еді, өзім қорқып кеттім. Жап-жас жігіт қайтқан екен, оның беті ашық, бояндырып, жан-жағына гүл шашып қойған. Өмірімде қайтқан кісіні көрген емеспін, көргім де келмейді шынын айтсам, ал ол жерде қол созсам қолым жетер жерде өлік жатыр. Содан бері қанша уақыт өтті, есіме түссе әлі күнге дейін денем түршігеді.
Өткен жұма универден кеш шығып, баратын курсыма бара алмай қалған болатынмын. Оның үстіне сол күні жаңбыр толассыз жауып, көшеде жүру мұң болып қалған еді. Сол жұмада курстас қыз қайтыс болыпты, толассыз жауған жаңбырдың кесірінен. Қазір ойлап қоямын, дұрыс болды бармағаным деп, ия, дұрыс болды…

Бір есуастар "әкеңмен қоштас" деп, сол кезде он жасар баласын кіргізіп жіберіпті… ана бала біразға дейін жынды болып жүрді(((
тұз айналдырып тасташ
Сосын аварияға түсіп, үсіп қалған көрші тұратын досымның інісін жуындырғаннан кейін көрдім. Жап-жас 85 жылғы бала ғой. Бір күн бұрын ғана әзілдесіп тұрғанбыз.
Басқа досымның үсіп өлген ағасын моргте еріте алмай, қасына электропеш қоюға барған кезімде көргенмін.
Жағымды әсер емес әрине. Бірақ қорқыныш емес, біртүрлі сезім, түсініксіз, өте жағымсыз.
Қалай айтсам екен, түсініксіз бірнәрсе, Гаста айтқандай.