Жігіттер, көмек керек...
Қандай жазғышбектер болсын айтары ес білгеннен қазіргі ғұмырына дейін күнделік жазады екен. Біреулері өткен дәуреннен естелік ретінде шимайласа, біреулері машық үшін дейді, яғни жазу қалыптасуы үшін. Өзімше мен пақырда естелік болсын, машық болсын деп шимай-шатпақ жазайыншы деген ой келсе болғаны, ұйқы уақытына тұспа-тұс келіп қалады да тұрады. Содан әй, қойшы деп, қолымды бір сілтеп ұйқыға сүңгіп кетуші едім. Бірақ, енді не дегенмен де махаббат машақаты деген дерт оңай ма?! Осы кейінгі кезде жабысып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған кеселі бар. Күштеп күнделікті де жаздыртқызып қойды. Ал, ендеше… Отырып та, жатып та, кешке де, күндіз де қиялдаааай беремін, қиялдай беремін… «Неге маған қарамайды екен?»-Деген ой санамды сансыратееп, кеуек басымды шырмап алғаны былай тұрсын, агент әлеміндегі ныспысына телміре қарап түнгі 3-4 ке дейін отыратыным өтірік емес. Әй, әй. әй қап-қара, шыңыраудан жылтыраған от сияқты жанарларының адамды арбааап тұратынын-ай… Сыр тұнған көздері шерінің көздеріндей. Болмаса да бер жағы))Еркек десе еркек шынымен, Бойда намыс, ойда қуат, бойда күш ұрып тұрады ғой, ұрып!!! Саңқ-саңқ еткен сұңқардың шаһбазындай болған үні мірдің оғындай болып жүрегіме қадалып жатқаны ол сөйлеген сәттерде...Әсіресе жырауларды тірілтіп, көмейінен жыр ақтарған кездерде… ееех… жүрегім-ай… Ең өкініштісі бар ғой, ол басқаа қызға «ғашықпын»- деп тақпақ арнағаны менің жаныма қатты батып, көңіліме қаяу түсірсе де, оны кез-келген сәтте кешіре салуға дайын сияқтымын. Тақпақ арнаған қыз бейнесін көз алдыма елестетіп: «Қай жеріне ғашық иии???» деп сол сұрақты қайталап, ойланамын. Мұхтар Мағауинннің кейіпкері Едігенің сүйген қызы Гүлшатқа Бердібек жайына қатысты айтпақшы: «Бақсам, бойында аталық малға тән көрік бар екен»-деп.(«Көк Мұнарды» оқымағандарға түсініксіз болып қалды-ау деймін мына сөйлем, теңеуім, кешірім...) Мұнда да солай тәрізді, мен мойындамағаныммен өзгелерге өзінше байқалатын «аналық малға тән көрік» бааар сияқты… Солай, солай, солай кете береді...Қайтемін, оның бәрлығын тізбектеп. Одан да айтыңыздаршы, жігіттерді «морт сындырудың» қандай оңай болсын, қиын болсын тәсілдері бар? Жігіттер сіздерге көбіне қыздардың қандай қылығы жүректеріңізді жаулап алады? Маған өмір-тәжрибелеріңізден келелі кеңестеріңіз керек болып тұрғаны...Әйтпегенде өліп қалуым кәдік. Кәдік емес, бек мүмкін…
… осындай ойдағы адамдарды түсінбеймін.
Дегенмен жігіттер өзін сүйген қызды алу керек деп ойлаймын,
сонда әрдайым сыйлап, иіліп жастық, төгіліп көрпе боп тұрады құрақ ұшып.
Өзің сүйетінді емес, өзіңді сүйетінді сүй сонда шынымен бақытты боласың. Алла жар болып, бағың ашылсын!!!
Әйтпесе, сүйгеніңді өлімнен құтқару үшін өлу ерлік ғой, еш пафоссыз, таза ерлік.
өшіріп тасташ.
сурет қандай қорқынышты((
Уязвимое место Ахиллеса))Он жеті жасымда мен де өстігем…
Одан кейін мүлде басқа геморройлар мазалайды:))))
Жақсы жолы нәтиже бермейді, нәтиже беретін жолы жақсы емес:)))
ПС. Жеңгетайлық қалып еді енді маған:)))))
сүйем күйем деп мен де кезімде өлгім келген, далбаса бәрі. жан тәтті)))
Ал нау мәселең бойынша, ажь білмейм, 14 ақпанда валентинка іліп кетсей сөмкесіне ;)
ең ұнағаны:
бірақ та ең дұрысы:
Жақсы көріп жүріп, қарамай қойса, жамандай жөнелетіндерді, немесе кемсітуге тырысатындарды түсінбеймін. Ол да адам. Сені жақсы көрмесе, сен оның жақсы көруіне жағдай тудырмағансың. Ал жағдай тудыру деген міндетті түрде қалағанын жасап, құл болу деген емес.
Қарамады ма, ол маған тең емес деп бұртимау керек, жай не судьба. Ол ұнатпаса, оның вкусы бөлек болғаны деу керек.
Наққа жібергені артыңа батып бара жатса, онда келесіде тап солай наққа кетпеудің жайын ойластыру керек, яғни өзіңді жетілдір жан жақты. Ол тек қарым қатынасқа емес, өзіңе де пайдалы.
наққа жіберу дегенді басқадай да қабылдауға болады ғой.
қарамай қойды екен деп жамандай бастау деген емес, жүрегің не десе о десін тыңдамай, пыросто махаббат дегенді қойып басқа іспен айналысып кет деп түсінемін :)
8 пункт супер екен:D
Енді кеп пікірің өзгере қапТ:)))
Бір пікірге бірнеше пунтк жазылғанеуімен кда, біреуімен келісіп, біреуімен келіспеу қалыпты жағдай. Рахметті ниетіне қойғанмын.
ПС. Тіпті өзгерсе де пікір өзгерту жыныс өзгерту емес, сен давай ондай түсініктермен спекулировать етпе:))Сенің приемдарың маған өтпейді ғо))
Дұрыстап боянуды үйрену керек. Киіне білу де — үлкен өнер. Одан кейін фигураны жөндеу қажет, фитнеске барып немесе тағы басқа тәсілдерді қолданып, пластикалық операция болса да.
Кезінде алысқа айдап жіберген қыздардың гүлденіп кеткенін көріп, талай бақырайып қалғанбыз
Сол үшін, қыздар, әбден гүлденіп піскен кезде, әлгі жігітке тағы бір көз тастаңдар, анықтап. Мүмкін ол сендерден әлдееееқайда төменде тұрған шығар?
Қандай да бір затты еңбектеніп алсаң, оны тастауға қимайсың ғой? мысалы, алғашқы еңбекақыңа сатып алған, уақыт өте келе түкке жарамайтын, бірақ тастауға қимайтын бір жиһаз сияқты.
Ал жігітті қарату үшін сонша тыраштанып, тер төгіп, қиналып қол жеткізген соң, оған деген сезімің өшіп қалса, оған кеткен уақытқа обал деп, селбесіп жүре береді…
Себебі, тап сол мезетте сен өзіңнің миыңның жеткенінше, ең жақсы, ең үздік, ең оптималды деп ойлаған әрекетіңді жасадың, ең дұрыс деп тапқан вариантыңды істедің.
Егер бұрыңғы адамыңа нендей бір негативті сезім қалса, демек аутотренингің (өзіңді өзің тәрбиелеуің) сәтсіз өткен:)
Идеалында, сен ол адамның бар екені, жоқ екені, не істеп жүргені, кімге үйленіп, бақытты-бақытсыз болғаны маңызсыз болуы керек. Тап қазіргі жағдайың, тап қазіргі сүйіктің, және онымен бірге құрған жоспарларың ғана актуалды болуы керек.
тыраштанып, әлгіні қараттың делік. Ол сүйдім күйдім деп келді делік. Сосын бірақ, өшіп қалдың. сонда, тек тыраштанған уақытыңды обалсынып, әлгімен бірге жүресің бе, дегенім ғой?
Ал, сен айтқан моральдық өспеу жағына келсек, адамға қашанда жақсыға ұмтылу тән болған)))
жыныстар қатынасының қасында, марста өмір бар ма деген баяяяғыда шешіліп қойған мәселе ғой))))
Ондай жігіттер қайда жүреді өзі, көрсетші, мен де ғашық болып қалайын...))))
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу екенін ұмытпа. Сенің бойыңда бір де бір мін болмауы мүмкін, ал ол сүйген қыз мүлдем сұлу да, ақылды да емес шығар, бірақ сен ұнатқан жігіт оны сүйеді! Адамның сезімін құрметтей біл!
Ая, саған айтарым: бойыңдағы сезімнің қаншалықты екенін таразылай біл, бәлкім бұл сендегі болмашы нәрсе шығар немесе тұрақтылығы қалай болмақ? Кейде адамдар "қайтсемде қаратып аламын!" немесе сол сияқты сөздердің буымен ол адамнан алыстап, жоғалтып алғанын да сезбей қалып жатады, сақ болғайсың!
Өзіңді сол жігіттің орнына қою арқылы да оны түсіне аларсың деп ойлаймын :)
))) баягы жартас негизи :j