Мен ұсынатын әуендер. Жан Мишель Жар
Электронды музыканың алқашөтушісі Жан Мишель Жардың өнеріне бала кезден тәнтімін. Тойдағы мини-дискімен дүкс-дүкс-діг-діг-дүкс деп, қор болып тұрған синтезатор мен оның меркантильді иесін көргенде, біреу осы аспаппен шедевр жазып жүргені қаперіңе де кіріп шықпайды.
Жан Мишель Жардың тақырыптары: Космос. Метаморфозасы әлі бітпеген тылсым планеталар. Сыртын гелий тұман басқан қорқынышты жұлдыздар. Адам рухының ерекше күйлері. Тілмен жеткіуге болмайтын болмыстың жалаңаштануы.
Айтпақшы, бала кезде Жан Мишель Жардың Египеттегі концертінің фрагментін көріп, ішіп кеткенім бар. Себеп: қалған фрагментін көре алмағанымда. Лазермен перғауын табыттан көтеріліп келе жатқанын көргенде, адам деген малдың мүмкіндіктерінің шексіз екеніне куә болдым. Досым екеуміз біздің үйдің бір бөлмесін қараңғылап, электротехникадан бар білімімізді шашып, Жан Мишельдің әуендеріне цветомузыка істемек болып, счетчикті өртеп тынғанымыз бар. Лазер ретінде ойыншық машиналардың диод лампочкаларын ағытып жинадық ерінбей.
Тыңдаңыздар. Тәнті болыңыздар. Нақтар кілең.

7 пікір