Храмов қазандығы

Көргендерді таңғалдыратын бұл жаңалықты ойлап тапқан Павлодар облысындағы Рождественка ауылының тұрғыны Николай Храмов деген азамат. Ол бала кезінен көңілінде сақтап жүрген балама жылу көзін табуға қатысты ой-қиялын есейген шағында шын мәнінде жүзеге асырды.

Мектепте оқып жүрген кезінде оның ата-анасы жергілікті жылу қазандықтарында от жағушы болып еңбек ететін. Николай мен інісі оларға көмектесіп жүріп, кәдімгі әк тастарын қып-қызыл көмір шоғына тастап қоятын. Кәдімгі әк күйдірудің қарапайым әдісі. Ертеңінде дап-дайын әк пайда болады. Балалар әлгіні ауыл адамдарына сатып, өздерінше пайда тауып жүрді. Әк тастарын күйдірген кезде бет шарпитын соншалықты ыстық температура пайда болатынын ол сол кездерде байқаған. Сосын мектепте химия сабағында әк күйдіру тақырыбын өткен кезде, реакцияның әсерінен мол жылу бөлінетінін өз көзімен тамашалап жүріп, шыққан жылудың рәсуа болатынын байқады. Адамдар мұны неге пайдаланбайтынын түсіне алмай-ақ қойды.
Мектеп қабырғасындағы осы идеясын Николай жылдар өте келе, тіршілік қамына байланысты қиын жағдайлар туындаған кезде еске түсірді. Рождественкадағы элеваторда кезекті қайта жабдықтау жүрген кезде жұмыссыз қалып, қаржы табатын мүмкіндік көзден бұл-бұл ұшты. Сол тұйыққа тірелгендей болған уақытта балама жылу көзі туралы бұрынғы идеясы қайта оянды. Николай біраз кітаптарды сүзіп, қарап шықты. Әк тасының 25-30 пайызы ылғалдан тұратыны белгілі. Ал кәдімгі суда кислородпен қатар сутегі де бар. Сутегі молекулалары ауада да аз емес, ол өзінен-өзі әк тастарын күйдірген кезде қосылады. Әк күйдіру процесі кезінде пеш ішінің температурасы екі жарым мың градусқа дейін қызады екен. Осы жылуды қажетті арнаға бұрса жылу қуатын таза пайдаға асыруға болады емес пе?
Сөйтіп бар мәселені теория жүзінде әбден пісіріп алған Николай Храмов іс жүзінде оны қалай жасау керек деп бас қатырды. Ақыры, көп ізденістің нәтижесінде Храмовтың жылу қазандығы өнертабыс жаңалығы ретінде дүниеге келді.
– Жылу қазандығы өте арзан шикізатқа – әк тасы мен төменгі сортты көмірге негізделген. Пештің ішіне арнаулы агрегат орналастырылады. Ол әк тасын күйдіру кезінде бөлінген жылу энергиясын тиісті бағытқа жөнелтеді, – дейді Николай Храмов. – Егер бұған турбогенератор қосылса электр энергиясын да өндіруге болады. Әрі арзан, әрі экологиялық жағынан таза.
Мамандар бұл жаңа технология процесі кезінде ауаға тарайтын зиянды заттар жоқтың қасы дейді. Осындай тамаша идеяны, ауылдағы ноу-хауды іс жүзіне асыруға келгенде ірілі-ұсақты кәсіпорындардың басшылары әр нәрсені сылтауратып көмектесе қоймағаны Николайдың есінен кетпейді. Тек Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Александр Дробинский мәселенің байыбына барып, жерлесіне жаңа технологияны рәсімдеп, патент алу жағына қолғабыс жасауға қол ұшын созды. Әйтпесе, Храмов іскерлік ұсыныспен бірқатар мекеменің есігін қаққан. Өзінің қолы қысқа, қаржыдан қысылды. Сөйтіп жүргенде бетон бұйымдарын өндіретін павлодарлық ілкімді кәсіпкерлердің бірі Марат Мұратов қызығушылық танытып, мәселенің байыбын зерделеп болған соң, бірден қаржы бөліп, қазандықты жасауға тапсырыс берді. Көктен іздегені жерден табылған Николай дереу іске кірісіп, ойында жүрген идеяны іске асыруға кірісіп кетті. Ақыры бәрі ойдағыдай болды. Бір айдың көлемінде құрастырылған жылу қазандығы арзан жылу беріп қана қоймай, пайда да түсіретін шағын цехқа айналды.
Өнертапқыштың жаңалығын құп алып, қолдау білдірген кәсіпкер жылу қазандығын жасау мен монтаждауға кеткен шығынын бес жарым ай ішінде қайтарып алды. Жылу беру науқаны кезінде Марат Мұратов Храмов қазандығы арқылы 400 тоннадан астам әк өндірді. Оны силикат кірпіш, цемент, пенаблок өндіретін кәсіпорындар қолма-қол сатып алып жатты. Кәсіпкер өткен жылға қарағанда жылу үшін екі есе аз қаржы жұмсады. Енді ол осынша үнемділікпен жұмыс істейтін Храмов жылу қазандығының пайдасын көріп, жылыжай ашуды көздеп отыр.
Ауыл өнертапқышы бұл жерде де жаңа идеясын ұсынып, қысқы жылыжайды жылу алмастырғыштар арқылы пайдаланылған бумен жылытуды ұсынуда. Кәсіпкер бұған да сенімді. Сондықтан да ол Храмовтың кезекті ноу-хауын жүзеге асыруына да көмектеспек.

Бауыржан Сапарханов алынған жері
Бөлісу:

17 пікір

KILYZAMAN
Кезінде шалдардың — тау жаққа барып(таулардың да түрлері көп) үңгірге от жағу арқылы әк алуға болатыны жайлы әңгімелерін естісемде, мән бермептім…
Nurgisa
Алғашқы суыққа төтеп бере алмай, суықтың зардабын шегіп жатқан бюджеттік мекемелерге өзіңіздей жиған-тергені, білгені бар азаматтарды алдыртса ғой, пешпен жылыту ісінің кеңесшісі етіп.
Altygradus
Асбест денсаулыққа зиян сияқты, бұл әк жағу кезінде де зиянды бірдемелер бөлінбейді ме??
KILYZAMAN
– Жылу қазандығы өте арзан шикізатқа – әк тасы мен төменгі сортты көмірге негізделген. Пештің ішіне арнаулы агрегат орналастырылады. Ол әк тасын күйдіру кезінде бөлінген жылу энергиясын тиісті бағытқа жөнелтеді, – дейді Николай Храмов. – Егер бұған турбогенератор қосылса электр энергиясын да өндіруге болады. Әрі арзан, әрі экологиялық жағынан таза.
Төменгі сорттағы көмірдің бықсып жана алмаған кездегі бөлінетін ыстан гөрі дұрыс сияқты — известняк жнағна кезінде оның толық жануын қамтамасыз ете алса
KILYZAMAN
Мені елтіткен бір жаңалық осы болып еді. Бүгінгі КТК- дағы «Форсаж инновационной технологии» -ді аяғына шейін қарауға мұрсам болмады … Бейнематериалды қойып беріңдерші ағайын — КЕРЕКИНФО
KILYZAMAN
Шикі әк(табиғи) тас(известняк) жайлы мәлімет КЕРЕК еді… Алматыда сатылатын жері барма?
Aldeken
Қилеке, қош келдіңіз! Оралуыңызбен!
Tyulpan
Қылизаман аға, осы сіз үй салып жатыр едіңіз ғой баяееееғыда. салып болдыңыз ба? қалай шықты?  мында кірмитін болдыңыз. жастарды менсінбин болдыңыз ((
KILYZAMAN
Aldeken, оралғаны несі?  
Tyulpan, менсінбеген дегенің артықтау. Үміт+Сенім сендерде! Жаңа үй 90 пайыз бітіп тұр. Әзірге қаржы мәселесі. Негізі оны мәселе деп айтуға да болмас. Себеп — вакуумдық батареяны сол жерге қолдануға ыңғайын беріп тұр өзі. Бір батарея болса да алып, пирлоиздік сипаты бар қазандықта ең алыс тұрған бұрышқа(батареялардың соңғысы) қойып текскеріп көруіме Аллам сәтін салып тұрған сыңайлы.
edige
Ассалаумагалейкум!!! Суреттерін салсаңыз жақсы болар еді… Іске сәт!!! Кіріп тұрыңыз керекке...)))
KILYZAMAN
Уғалейкумассалам!!! Келесі пікірде сілтемесі тұр. Идеяның діңгегі сол десек — автоматикасыз түрі тіпті қарапайым :-)
Tyulpan
уррряяяяяя Қылизаман ағай алақааааааааай )) үйіңіз қай жерде? ұзааақ асықпай салып жатқан сияқтысыз  иә, иә, сурет күтеміз.  интерьерді әңгімелейтін едік кезінде
KILYZAMAN
Интерьер инженерлік жүйесіз — терьер болып қалады емеспе? Ең алдымен сол жүйені реттеуді жөн көрдім.
Tyulpan
))) дұрыс кен. сәттілік!!! бөлісеріңіз болса, айта жүріңіз біздей шәйнектерге жол сілтеп ))
KILYZAMAN
Пиролиздік сипаты бар(әлі емес) қазандықтың автоматикасыз қарапйым түрін алып қуанып жатырмын…
KILYZAMAN
Мынаны:Пиролиздік сипаты бар(әлі емес) — Пиролиздік сипаты болса да әлі пиролиздік емес деп түсініңіздер. Пиролиздік эффектке әлі ертелеу. Кез келген тұрмыстық қалдықтар жана береді, дей тұрсақта жану камерасының "құрлысын" әліде жетілдіре түсу керек екен