Алдар көсе шұлғаусыз етік киіп, "Қара жорға" билейді
Осы жылдың сәуір айында фестивальдық көрсетілімі болып өткен, бірақ комиссиялық тексерістерден енді өтіп, көрермен назарына ұсынылып отырған «ХХІ ғасырда Алдар көсенің бастан кешкендері» атты фильмнің алдын ала көрсетілімі бүгін болды. Фильм прокатта бір аптадан екі аптаға дейін ғана жүреді екен. Яғни, жұрт көп барса (жалпы, барса) екі апта, бармай қойса, бір-ақ апта. Және жұрттың барған-бармағаны фильмнің жалғасы түрілетін-түсірілмейтінін де шешеді.
Ал жұртты қызықтырып, прокатты ақтайтындай, фильмнің әзірлеушілері не ұсынды екен?
Фильмнің сценариін Бекболат Шекеров («Однажды в багажнике», «Секер») пен Алмас Әбдіков жазған, режиссері – ВГИК жоғары курстарының түлегі Бегайдар Шалдарбеков.
Фильмнің сюжеті бойынша, Алдар көсе ХХІ ғасырдағы Шымкентке тап болып, осы жерде ғашық болады. Жалпы, сценаристердің айтуынша, фильмнің негізгі өзегі – Алдардың ғашықтығы. Бұл жерде классикалық Алдар образымен қосарласа жүретін таптық тартыс, бай мен кедей дегендер жоқ. Жалпы, сценарий авторлары ол тақырыптан қасақана алыстадық дейді. Тап тартысына бармау себебі, Шәкен Аймановтың Алдарына ұқсап кетпей, бөлек дүние тудыруға деген ниетте.
Әрине, Алдардың «робингудтық» қасиеті көрінбей қалмады: мысалы, өзінің білезігін ұрлап алып, қымбатқа сатпақшы болған Бекті алдап соғып, ақшасын алып, қайыршы баланың анасының еміне жұмсауы. Бірақ, ертегідегі Алдардың мақсатты түрде «қайтарамын байлардан кедейлердің есесін» деген позициясы жоқ.
ХХІ ғасырға Алдар бес ғасыр бұрынғы заманнан келеді. Ауыз әдебиетінде Алдар көсе мәңгілік, қай ғасырға салсаң да, сіңісіп кететін кейіпкер саналады. Ал жаңа фильмде дөп басып, XV ғасырға апарып қоюда сол кездегі, Жоңғар шапқыншылығы басталған заманның аласапыранын бүгінгі тыныштық тіршілікпен салыстыру мақсатын көздегенін айтады.
Фильм барысында «жалғасы бар» деген емеурін байқалады. Егер, осы фильм көрермен көзайымына айналып жатса, міндетті түрде жалғасы түсіріледі. Және онда оқиға тек Шымкентпен шектеліп қалмай, Астанада да, тіпті, Қытайда да өрбуі мүмкін екенін айтты авторлар. Ал Алдардың Майраға үйленіп, бақытты болуы, ол міндетті түрде. ))
«Ондай-ондай ханның қызында да болады» деп, сценаристер, Бекболат пен Алмас, фильмнің кемшіліктерін өздері атап көрсетті. Ең, алдымен, фильм дыбыстық жағынан нашар, сапасыз көркемделген. Қай кемшіліктің де түбі қаржыға барып тірелетіні бесенеден белгілі ғой. Фильмді түсіруде дыбыс режиссері қатыспаған, тех дыбыс техниктері ғана бар. Жалпы фильмнің дыбысталуы бүкіл әсерді бүлдіретіндей… Фильм о бастан табиғи түрде, яғни, актерлар екі тілде де сөйлеп түсірілген екен. Ал дубляжда дауыстардың, интонациялардың сәйкессіздігі көзге ұрып тұр. Актерлардың шеберлігі жетіспей тұрғандығы өз алдына… Фильмді жалғыз Бахытжан Әлпейісов пен қайыршы баланың ролін ойнайтын кішкентай актер алып шыққандай.
Әрине, жеңіл-желпі «ляптар» да жоқ емес. Мысалы, бір кадрда банан тістелген, келесі бір кадрда тістелмеген деген сияқты.)))
Тағы бір кемшілік, сценаристер өздері атап өткендей, Бегайдардың өз мінезімен байланысты. Оның Алдары да өзі сияқты салмақты, фильмнің ырғағы өзі сияқты баяулау болып қалған. Алдардың жат ортаға тап болған кездегі, содан кейін өз заманына қайтып барған кездегі сезінуі тиіс болған эмоциялары толық ашылмаған, «шок жоқ» дейді өздері. Түсіріліп жатса, фильмнің жалғасында мұндай кемшіліктерге жол берілмейді дейді.
Ал фильмнің сөзсіз артықшылығын атап айтар болсам, оператордың жұмысы ең жоғары бағаға лайық. Бояулары қанық, кадрдың қадірін түсінетін адам түсіргені көрініп тұр. Сірә, қоюшы режиссер Бегайдар Шалдарбековтың алғашқы мамандығы кино операторы екендігі септігін тигізген болар. Олай болса, дебюттік фильмін толқыныспен жұрт назарына ұсынған қазақ режиссерінен бұдан да сапалы жұмыстар күтеміз.

бұл жерде де, сценаристің жоспарына түрлі факторлар әсер етіп тұр. бірақ, суреткердің суреткерлігі сол факторлардың өзін өз пайдасына айналдыруда емес пе?
Машқара…
http://www.minber.kz/?p=7249