Жартылай финал
Қазақстан бокс федерациясының кубогы үшін өтіп жатқан облысаралық боксшылар сайысының жартылай финалында Жамбыл облысы мен Қарағанды облысының боксшылары Қарағандының цирк ғимаратында бақ сынасты.10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасқан былғары қолғап шеберлері өзара мықтыларды анықтасты.
49 ға дейінгі салмақ бойынша жамбылдық Исакулов Азамат қарағандылық қарсыласы Амангелді Әділханды 5/4 есебімен тізе бүктірді. «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» десіп біз отырдық.
Бірақ, 52 келілік салмақ бойынша шыққан Тұрғанбаев Қанат дәл осындай есеппен Сәттібаев Олжастан (Жамбыл облысы)ұтылып қалды.
Қарағандылықтардың көңіл-күйі 56 кг-ге дейінгі Ахмет Ақберген мен Жақыпов Алмастар арасындағы жұдырықтасудан соң көтеріле бастады. 6/6 есебімен аяқталған бұл кездесуде төрешілер жеңісті Ақбергенге берді.
60 келілік Сайдалин Елдос та жерлестерін жерге қаратпады. Амантаев Мұхитты 9/4 есебімен жеңіп, жұрттың ыстық қошаметіне бөленді.
64 келіліктер арасындағы кездесудің жеңімпазын сырттай шешкен адам жеңісті Мұсафиров Ержанға берері даусыз еді. Бірақ, Әлімқұлов Талғат өзінің оңай шағылатын жаңғақ емес екенін көрсетті.«Астана арландарының» сапында өнер көрсеткен, WSB бойынша әлемдік рейтингте ұзақ уақыт көш бастаған Ержанды 1 ұпай айырмасымен тізе бүктірді. Есеп 3/2.
Жамбылдықтардың жеңісті жолын 69 келі салмақ дәрежесінде шықан Сағадат Рахманқұлов жақсы жалғастыра білді. Ол Шаймерденов Рустамды 9/6 есебімен таза жеңді.
75 келілік салмақ дәрежесіндегі қарағандылық Момынов Бобыржанның жеңіп тұрып 7/8 есебімен жеңісін қолдан берген сәтінде қала тұрғындары "әйтеуір, футболдан чемпионбыз ғой«деп өздерін жұбата бастады.
81 келіге дейінгілер арасындағы арпалыста қарағандылық Алмат Серимов қарсыласы Сұлтанбек Данаевты тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты 2 мәрте нокдаунмен жақсылап силап жіберді. Сыйы бұнымен бітпес пе еді жамбылдық секундант ақ орамалын ринг ортасына дер кезінде лақтырып үлгерді.
91 келіге дейінгі салмақтағы Алексей Севостьяновта ерледі. Ол Александр Гулевскийдің есін жиғызбастан төпеп 10/2 есебімен тізе бүктірді.
»Титандар шайқасына" телінген 91+ салмағындағы Василенок Артем мен жамбылдық боксшы Егембердиев Евгений арасындағы кездесу де осы дәрежеде өтті. 11/3 есебімен аяқталған бұл ойынның нәтижесі қарағандылықтардың финалға шығуына жолдама іспеттес болды десек жарасатын шығар.
Жалпы, есепте 5/5 болып аяқталған кездесудің жеңімпаздары Қарағанды командасы деп танылды.
Екі облыстың басшылары да өз командаларына жанкүйерлік танытып, шаршы алаң сыртынан қарап отырды.

5 пікір