Ыңғайлы нәрсе екен өзі...

YB-642 екі USB порты мобильдік қондырғыларды қуаттауға арналған. Әртүрлі қуаттағыштардан осы бір кішкене ғана өзі ыңғайлы құралда сыйымдылық жағы жақсы ойластырылған екен. Lithium-polymer аккумуляторы өзінің 11200 мАс сыйымдылығымен қолданушысына үздіксіз телефонды қолдануға, мәтін теруге және ойнауға мүмкіндік береді. Барлық гаджеттерге қолдана беруге мүмкіншілік ойластырылған. Input: 5V-1000mA; Output: Port1:5V-2000mA (max) Port2:5V-1000mA (max).

YB-642 кез келген дербес электрондық қондырғыларды бірнеше рет қуаттай алады, кейбір жағдайларда энергияны көбірек жұмсайтын сегіз смартфонды толық қуаттауға мүмкіншілігі бар.

YB-642 бірнеше USB қондырғыларды бір мезгілде қуаттау мүмкіншілігі қарастырылған.

YB-642 сөмке немесе қалтаға оңай сыйып кетеді.

YB-642 Көптеген USB гаджеттермен, ұялы телефондар, портативтік ойын құралдары, сандық камералары, және Apple iPad жұмыс жасай алады

Комплектісінде: Сыртқы (11 200 мАс); 8 адаптер; қуаттау сымы(шнур)
Көлемі: 120 х 75 х 25 мм

Салмағы: 253гр
Бөлісу:

12 пікір

patick
Lithium-polymer аккумуляторы өзінің 11200 мАс сыйымдылығымен...

Амбер деген сыйымдылықтарын түсінбеймін, неше сағатқа жететін қуат сыйлай алады бұл «шайтан-қорабың»?
KILYZAMAN
:-) бұл сыйымдылықтың өлшемін қайдан тауып алдың, Патекесі?
patick
11200 мАс деген өлшем бірлігі — Амбер деп аталмай ма? Жауап «Жоқ» болса, физиканы жек көрген өзім кінәлі. Сонымен неше сағат сыйлайды бұл «шайтан-қорабың»?
KILYZAMAN
Сыйымдылық фарадамен өлшенуші еді, кім біледі, Физика да даму үстіндегі ғылым екенін ескерсек — ондайда сыйымдылық өлшемі пайда болған шығар :-(

Ескертпе: мАс (миқроАмперсағат) — нысап.
patick
Ескертпе: мАс (миқроАмперсағат) — нысап.

бәсе айттым ғо, ішінде Амбері бар
KILYZAMAN
Бұл қорап менікі болмағандықтан, сипаттауды аудармалап қана қойып едім… Дейтұрсамда, смартфоным жоқ еді :-(; Оның толығынан бір қуатталғандағы жұмыс істеу шамасы(неше уақытқа жетеді өзі?) арқылы шамалуға мүмкіндігің жоқ емес.
Abilakim
ал бұның өзін немен қуаттандырамыз?
omarbirat
YB-642 сөмке немесе қалтаға оңай сыйып кетеді.
Сөмкеде немесе қалта жүргенде үйкелістен қуат алады-мыс :)
KILYZAMAN
:-) Сөмкеңде немесе қалтаңда күг сәулесі бар болса…
KILYZAMAN
Үйреншікті әдіспен оның өзін қуаттап аламыз(сыймдылығы жоғары болған себептен), немесе күн сәулесі(жарық) арқылыда қуаттана алатын түрлері бар екен.