Үкіметтік емес ұйымдар «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасын мемелекетке ұсынбақ

Алдында осы жазбаны оқып қалып ем.

Алмытыда үкіметтік емес «Алаш үні», «Ұлт тағдыры», «Аллажар-қолдау», «Мемлекеттік тіл» қоғамдық бірлестігі өздері дайындаған «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасымен таныстырып оны халық талқылауына ұсынды. Бұл талқылау бір ай көлемінде жүретін болады. Халықтың талқылауынан кейін бұл заң жобасы мемлекеттің қарауына тапсырылмақ.

Осы топтарға жетекшілік етіп жүрген жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Совет-Хан Ғаббасов: «тіл тәуелсіздігі болмай ұлт, халықтың тәуелсіздігі болуы мүмкін емес, осыған қарағандай қазақстан тәуелсіздігінде сезіне алмай отыр. Енді мемлекеттік тілді сыйламайтын халықтарды тәртіпке шақыру керек деп есептеймін. Егер осы заңымызды сәтті қабылдайтын болса сайлау заңы, жер заңы мен дін заңында дайындап ұсынбақпыз».

Осы топтардың тағы бір жетекшісі Дос Көшім өздері ұсынған заң жобасындағы ұстанымдарды қысқаша таныстырып өтті:

1. Негізі ұстанымның бірі- қос тілді қатар қолдануға мүмкіндік беретін ешқандай заңдық негіз жасамауға тырыстық

2. Қазақ тілді азаматтардың осы уақытқа шейін айтылған, қозғалаған мәселелерді заңдық тұрғыдан шешуге мүмкіндік беретін тарауларды енгіздік.

3. Орыс тілін басқа тілдерден ерекшелендірмеу және қазақ тілімен қатар қоймайтындай жағдай туғыздық. Себебі мемлекеттік тіл-мемлекеттік тіл, басқа тіл жоқ. Этностық топтардың бәрінің тілдерінің деңгейі бірдей олардың ешқайсысына ерекше жағдай жасалмайды.

4. Қазақ тілі міндетті басқа тіл қажеттілігіне қарай ұстанымға заңды негіздеме жасадық. Басқа да тіл өкілдері өз дәрежесінде дамытуға мүмкіншілік беріледі.

5. Мемлекеттік тілді міндеттеуді ашық заңға енгіздік.

6. Шетел заңдарымен салыстыра отырып қазақ елінің мемлекеттік тілі азаматтардың құқығы мен еркіндігін шектемеудің халықаралық заңдарда бар баптарын енгізуге тырыстық. Халықаралық тәжірибе шеңберінен шықпадық.

7. Заң заңдық мәдениеттік тұрғыдан берілді.

Бүгінгі жиынның мақсаты осы заңды халыққа жеткізіп, халықтың қолдауына ие болып мемлекеттің қарауына ұсыну, халықтың көз қарасын білу.

Сіздер қалай ойлайсыздар?
Бөлісу:

10 пікір

Janasil
Дұрыс қой барлығы!!! Тек мына секілді құйтырқы жазбалардан қорқады жоғарыдағылар. tengrinews.kz/kazakhstan_news/199633
Кейбіреулерге 100 қазақтың айқайынан 1,2 орыс кемпірлерінің айқайы қатты естіледі. /мүмкін кінә өзімізден шығар дұрыс айқайлай алмайтын/
Aikona
Меніңше халық қолдаса заң жобасы дұрыс сияұты. себебі, көтеріліп отырған мәселер қаншама уақыт бойы халықтың айтқан мәсеселерін сараптай келе жасалған заң жобасы ғой.
Aldeken
Мемлекеттік емес ұйымдар «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасын мемелекетке ұсынбақ
Тақырып жынды екен…
мемлекетке мемлекеттік еместер мемлекеттік туралы үйреткеннен кейін қалай оңамыз деп шок боп отырмын, госдепіңдіссс…
Aikona
Сіз тақырыпты дұрыс түсінбеген сияқтысыз, енді «алаш үні» «аллажар»«тіл тағдыры» мемлекеттік емес ұйымдар. Ал мемлекеттік заң жобасын халық атынан ұсына алады
Aldeken
Не ғо, көңіліңізге алмаңыз. Мен түсінуін дұрыс түсіндім. тек тақырыпты "Үкіметтік емес ұйымдар «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасын мемлекетке ұсынбақ" деп көрсетсеңіз барлығы да дәл сіздің түсінгеніңіздей қабылдай алар ма еді дегенім еді… Ал, сіздің редакцияңызда менің жазғанымдай түсінік басқаларда да қалыптасуы мүмкін деген жорамалым бар…
Ал, шынтуайтында тілдің жайына келсек, қолдаймын, тек кезекті популистік акция қылып жібермесе бопты…
Janasil
Мемлекеттік емес ұйымдар-Шынында сөз дұрыс емес. Мемлекеттік емес яғни Қазақстан мемлекетінің емес «шет елдің» ұйымдары деген мағына беріп тұр. Дұрысы үкіметтік емес ұйымдар.
Aikona
а иа, ол жағына мән бермеппін ))
asaubota
Совет-Хан Ғаббасов: «тіл тәуелсіздігі болмай ұлт, халықтың тәуелсіздігі болуы мүмкін емес, осыған қарағандай қазақстан тәуелсіздігінде сезіне алмай отыр.

өткенде мен де бір ТВ бағдарламасында осы типтес сөздер айтып едім, қиып тастаған шығар деп ойлап отырмын.

Тілді де мемлекеттік рәміз сияқты көретінімді, бір ұлтты ұлт қылатын оның тілі, тіл тәуелсіздігі болмай Тәуелсіздік туралы айтуға болмайды дегем…
Aikona
Дұрыс айтқансыз, маған сол пресс-конференцияда осы сөз ұнап еді. шындығы солай ғой деп ойлаймын
KILYZAMAN
Ата заңымыздағы бір шикіліктің әлегі енді қанша тулатар екен халқын? Тілімзден іліп алып, таңдайынан қармаққа ілінген балықтай қылды ғой өзі :-(