Цитата

Күріштің арқасында су ішіп қалайын)))
Ана посттағы коменттерден бас айналып кетті.
Жаңадан пост бастай салайын.
Ал, уәдемде тұрып, цитаталардан сый арнадым сіздерге.


«2002 жылы Мұхтар Мағауин „Алтын орда“ газетінің бірнеше санында Айтматов екеумізді тілі жеткенше жамандаған „Ешкі жетектеген екеу“ атты ұзақ мақала жариялады. Іле шала бұл мақала Мағауиннің өзі басқаратын „Жұлдыз“ журналының 2003 жылғы №1 санында жарық көрді және „Ильдан“ баспасынан жеке кітап боп та басылды»
М. Шаханов. "Қырғыз Эвересі және мәңгүрттендірудің егеуқұйрықтық тәсілі". Алматы, 2001, 173-бет.
Енді автордың өзі келтіріп отырған «Ешкі жетектеген екеу» деген Мағауиннің мақаласынан ұзын цитата:
«екі кісі ешкі жетектеп келеді. бірі Зор, бірі Шоң. Ал ортасында… кәдімгі кебенек. Сонда… бұл не пәле? қазақ пен қырғыз атқа мінуші еді. Есекке мінсе де айып емес. Ал, мынау ешкі дегеніңіз… Өзі жалғыз ешкі. Мұны қайтпек?»
Солай солай, аталмыш кітаптың «Шыңғыс Айтмотов — Шыңғыс хан шайқасында» атты тарауында екі Мұхтардың екі Шыңғысқа таласқан, бүкіл қазақ әдебиетінің марғасқаларын араластырып, билікке дейін шағым айтқан, сотқа бара жаздаған, ырылдасып, қаппаспаған шайқасы егжей тегжейлі суреттеледі…
Бәрін көшіріп жазуға ерінін отырмын.
Сіздер мына постқа қарай тұрыңыздар, мен «Меннен» цитата іздеп тауып көрейін… Есімде жоқ, қай тұсында екені…
ерінбесем, кейін таман Шахановтан тағы да цитата көшіріп жазармын.
ұзын сөздің қысқасы. «Менді» бұдан ары ақтаруға шыдамым жетпей барады. Бірақ, бар шашымды беріп бәстесем, сол кітапта Мұхтар Мағауин Айтматовты «Көрші елдің зооветтехникум ғана бітірген, әйтеуір ұлы орыс халқын мақтап жазғаны арқасында кітаптары шығып, мақталып жүрген жазушысы» дегенге ұқсас атайды. Сенбесеңдер, іздеп көріңдер.

Енді бір айтқам келетіні.
Айжантабын мана Мағауинді "қазақ емеспін" деп айтады деп, жерден алып, жерге салды. Дәлел дәйегім болмаған соң, үстірт каментпен шектелдім онда. Ал енді мынаны қараңдар: «Кіммін? Анық ақиқаты: тегім — кісі, дінім — ислам, нәсілім — түрік, ұлтым — қазақ, ұраным — алаш, есімім — Мұхтар, сойым — Мағауин». (М.Мағауин, «Мен», төртінші бет).
Өз романының басында осылай деп жазып отырған ақсақал, сөзінен танбаса керек ті.
Ал Айжантабындыкі бос сандырақ, ал өзі Мағауин шығармашылығынан мақұрым қалған деп білемін. Тым болмаса, мына жерден үзінділер оқып алуына болады: kazgazeta.kz/?p=6508

Шахановтың кітабына қайта оралсақ. Ең «тролльный» цитаталарды келтірейін.
М. Мағауин: «Эстрадалық әуесқой ақын М.Ш. сахнаға шығарда, конферансье айтпақшы, қабыл алыңыздар!» (184).
Айтматов Мағауин туралы: «Оқыған жоқпын, оқығым да келмейді. Ол мақала жөнінде таныстырм айтып берді. Ал, Мағауин айып етпесе, осы уақытқа дейін оның бұл өмірде бар, жоғын естіген, білген емспін. Қызақстанда танымал болар, шет жұртта мұндай жазушыны білмейді. Оның қараптан қарап жүріп, маған тіс қайрайтынына таңым бар» (190).
М. Мағауин: «Айтатындары: Шыңғыс хан жаман, қанішер, пәленбай қаланы қиратқан, пәлен жұртты жойған. біз айтайық, Шыңғыс ханның және оның ұрпақтарының атының тұяғы тиген ешбір жерде ешқандай халық жойылған жоқ. бәрі де ата жұртында өсіп, өніп, бүгінгі күнге жетті. Әйтпесе, қолда тұрған қытайды қырып тастау қтын ба еді? Орысты орманымен қоса жоқ қылуға шама жетпеп пе? Сартты жер бетінен біржола көшіру тіпті оңай болатын. Олай жасамады. Ұлы қағанның мұраты — басқаны жою емес...» (192).
В общым, осылай.
Қысқасы осы, аз да болса, көптей көріңіздер.
Бөлісу:

104 пікір

AKY
мынауыңнан біртүрлі… недогон боп қалдық)) қосшиш тағы)))))))))))
dark_nazgul
біраз шаруаларымды бітіріп тастайын, асықпай отырып қосам)))
Aizhantabyn
кез келген төре, қожа, төленгіт, тағы сол сияқтылардан кімсің десең Қазақпын дейді, ал әрекеті бөлек. Это из жизни алынған дүние. Бір мысал: Нью Йоркте қазақтар жиыны болды (ну, ылғи жастар), сонда бір бала қазақпын деп келіп, мәз боп жүріп еді. Сосын, бірде сөзге кеп қалдық, сондағы бағанағы мен почти ғашық боп қалған урод: «Сендер, қарасүйектер, ал біз, қожа мен төрелер ақсүйектер, біз болмасақ сіздердің жер бетінде бар болуларың екі талай!» деп қарап тұр! Типа жазу мен сызуды біз үйреттік, ал сіздер недалекие чмошники сияқты. Оған дейін адамды бөлмейтінмін, ал сол кезден бастап, бақылап жүрсем, көбінің сөзі сол, ниеті де сол… Бос сандырақ па сөзім, әлде басқа ма, мое личное дело. Жаныңа батып кетсе, айт. Ойбай, жаныма батып бара жатыр деп, келесіде саған сөз айтпайын, соншама сезімтал болып, пікір тыңдай алмасаң))))
dark_nazgul
Төре, қожа, төлеңгітті қазақтың құрамына қосқан сен емессің, тама табын болып тумағанына олар да кінәлі емес.
Қожа емеспін, төре де емеспін, қара қазақтың өзімін, керей де емеспін, қышымай ақ қойсын.
маған ұнамағаны, сен дәлелсізден дәлелсіз Мағауинді "қазақ емеспін" деп айтады дедің. "Қазақпын" деді ғой. қазақ.
Тыңдайтын пікірді тыңдайсың, ал шаршап отырған (бәлкім ПМС болар?) бикештің сандырағы бір бөлек.
Айта қойшы, Мағауиннің кітаптарын оқып па едің? Оқысаң, ұғар едің, қазақтың арғы бергі тарихынан олкісінң хабары тіпті сіздің шаштараз өнеріндегі хабарыңыздан да молырақ екенін. Демек, не айтса да, біліп айтады, сен сияқты емес.
Jacqabaies_Chirac
сіздің шаштараз өнеріндегі хабарыңыздан да молырақ екенін. Демек, не айтса да, біліп айтады,сен сияқты емес
Oh main Shiva!!! мынау енді пікірталас емес жеке басқа тиісу, қорлау, даттау, қаралау масқарааа!!!
dark_nazgul
банға жібер, қолыңнан келсе. ))
Jacqabaies_Chirac
күт келеді кәзір, мен білетін табындар мынадай масқаралаудан кейін, қалың қол жиып сіздің елге аттанып кеткен болар…
dark_nazgul
мен табын жаман деп қай жерде айтыппын? тауып, бетіме бас.
дау іздеп отырған өздерің)
Әйтпесе, табынның Айжан қызы келтірсін үзінді Мағауиннің "қазақ емеспін, төремін! қара қазақтар, Шыңғысханға табынып өліңдер" деп жазған мақала, кітабынан.
Болды, келтірсе, мен тіпті кешірім сұрауға дайынмын.
Келтіре алмайды екен, жай қатын өсек, бажылдаған сандырақ деп білемін. және онымды айтып та отырмын.
Aizhantabyn
shut up and relax, my sweete :)))
dark_nazgul
«бла бла бла» дегенің бе?
Aizhantabyn
демал дегенім. қара терге түсіп өз ойыңды, пікіріңді маған дәлелдеп, кеңірдегіңді жырта берме, өйткені маған бәрібір. Шыңғысхан деп ұрандасаң да өзіңе, бабам деп бас ұрып, сыйынсаң да өзіңе. Өз пікірімнен таймаймын. Өйткені бұл пікірім екі әдемі кітап оқып қалыптаспаған, өмірлік тәжірибеден алынған. Take it easy!
dark_nazgul
бля… сөз жоқ. айттым ғой, қатын салғыластан жалықтым деп. Дауа жоқ екен.
Jacqabaies_Chirac
Уа жамаат!!! көмек керек, бензин, керосин дым болмай жатыр напалм кімде бар ақысын қолма қол төлейім нақ!!!
asaubota
Тыңдайтын пікірді тыңдайсың, ал шаршап отырған (бәлкім ПМС болар?) бикештің сандырағы бір бөлек.

Аллаға шүкір еркекпіз, настроениеміз бір қалыпты :)
dark_nazgul
оған күмәнім жоқ)
qisyq
Соны айтсаңшы, бәрі құрысын…
Aya
Қазақпы дегенде айтады: «мен өзім тумысымнан қазақпын және ұлтшыл қазақпын» деееп
Aya
М. Мағауин: «Айтатындары: Шыңғыс хан жаман, қанішер, пәленбай қаланы қиратқан, пәлен жұртты жойған. біз айтайық, Шыңғыс ханның және оның ұрпақтарының атының тұяғы тиген ешбір жерде ешқандай халық жойылған жоқ. бәрі де ата жұртында өсіп, өніп, бүгінгі күнге жетті. Әйтпесе, қолда тұрған қытайды қырып тастау қтын ба еді? Орысты орманымен қоса жоқ қылуға шама жетпеп пе? Сартты жер бетінен біржола көшіру тіпті оңай болатын. Олай жасамады. Ұлы қағанның мұраты — басқаны жою емес...» (192).

… керрррремет… Мағауин өзі айтады бір сөзінде Әуезов елу жылда, Мағжан жүз жылда бір туады деп. Мағауиндей адам енді қашшшааан туады екен… еееееххх...(((Сүйеміііін…
meirzhan
Меркіттердің соңғы адамға дейін қырылғаны туралы айта кету керек әділеттілік үшін.
Zhan
Жаныңа батып кетсе, айт. Ойбай, жаныма батып бара жатыр деп, келесіде саған сөз айтпайын, соншама сезімтал болып, пікір тыңдай алмасаң)))) — мына сөзің қатып кетті Айжан! ))))) +5
Aizhantabyn
)))) адекватный емес екен. Содан ғой, бұл қызбен сөз таластыру да мүмкін емес. Дебат болса, боқауыздан босамайтын шығар ) Екі сөзге келгенде Б** деп отырған нәзік жандыдан не сұрайсың?
Jacqabaies_Chirac
Екі сөзге келгенде Б** деп отырған
еш сөлекеттігі жоқ
dark_nazgul
сен ақ адекватный бола қойшы)))менің бля дегенімді қоя тұрып, өз сөзіңе жауап беріп ал. айттым ғой, кешірім сұраймын, дәлелдесең.
Aizhantabyn
саған бір нәрсені дәлелдеп отырғым келмейді. Сенің кешіріміңсіз ақ өмір сүріп келем, шүкір. Мәдениеттіліктен жұрдай екенсің. Алдымен, сыпайы сөйлеп үйрен. Мен кітаптан емес, өмірден алам мысалды. Көргенімді айтам. Ал кітаптың бәрі шындық емес екені рас. Сол үшін, бұдан былай сөз таластырып керек емес! Әр кім өз пікірінде қалсын. Келістік?
dark_nazgul
Өмірде саған Мағауин келіп, «мен төремін» деп айтты ма? Әңгіменің неден басталғанын өзің ұмытып қалған сияқтысың ғой… память девичья…
Jacqabaies_Chirac
Aizhantabyn ға күйрете берілген соққы, мынадан кейін тұра алуы неғайбыл
Jacqabaies_Chirac
қайымдатып айтыссаңдар қалай болады екен, мынау қызық пес уже
bazuka
ренжімеңіз Айжан бір жігіттің сөзіне бола бүткіл төрелер туралы олай ойлауға болмайды. Ол жігіт жәәй мақтаншақ біреу.
Abilakim
ана жақтағы ұзын-сонар кәменттерді оқыдым.Енді Шыңғысхан мәселесіне келсек…
Шыңғысхан жарты әлемді жаулаушы. Кезінде Атилла да Еуропаны атының тұяғының астында таптаған. сондықтан да бұндай қолбасшыларды ол жақтың елі жақтыра қоймайды. Шаханов ағамыз гуманист ақын ретінде жырлап, Шыңғысханды қаралағысы келді. Қаралап та жүр (Сыйдан дәмелі болар бәлкім...)Жалпы Мұхтар Шаханов жаман адам емес, тек ұстаған позициясы меніңше дұрыс емес. Шыңғысхан мәселесіндегі позициясы.
Мұхтар Мағауин. Шыңғысханды жақтаушы қазақтардың бірі. Себеп? Себебі сол, Қайырханды біз ұлттық қаһарманымызға айналдыра алмаймыз. Неге? Өйткені, Хорезм шахының қол астына қарап отырған бір қаланың әкімінен бізге пайда жоқ.
Қарапайым түсінідірдім деп ойлаймын.
Janasil
Адамды қанша көп қырса атағы да көпке барады. Тарих шындығы.
Zhan
АКҮ айтпақшы мына пост шынымен недогон)))))))))))
Nurgisa
Сен де «шығар» недогоныңды Айжан мен Назгүлше! :)
Саған жұптаспаққа AKY бар, мәселен ки…
dark_nazgul
мен недогон шығарып отырған жоқпын))) Айжан болмаса.
мен шындық деп шырылдап отырған пендемін))))
түрлі троллинг түрін білемін, бірақ бәрінен жаманы қатын троллинг. Айжан күшті меңгерген екен ол өнерді, респект)) қарқылдап күлген смайлик.
Nurgisa
Керекинфоның бір жақсы қасиеті — адамдар терапевтке бармай-ақ, кей дертінен осында оңай айығады. Барыңа шүкір, керекинфо.
dark_nazgul
"қырғыз Эвересі немесе мәңгүрттендірудің егеуқұйрықтық тәсілі" деген кітапты аласың да оқисың, догонять етесің)))
тым ұзақ ондағы тарау, түрлі газеттерден, түрлі жазушылардың пікірлері келтірілген. тым көп, мында сыймай кетеді.
Abilakim
Мыналардың ұрысын қарап отырып Спартактың екінші сезоны шыққан ба деп қалдым
qisyq
Бензин тағы бітіп қалды, е-мое…
Abilakim
сұйық май шаша тұрыңдар…
qisyq
Шаштық. Ол құрғыр быжылдап, бықсып, сасытып, жөнді жанбай жатыр. Көрші, алдындағы жүгіртіп жіберген балаларың да қалған шығар керосин. Әйтпесе, Jacqabaies_Chirac атылып өледі.
Nurgisa
Спартак-Зенит?

ф(2) — 0. 1.63
Zhan
Нұрғиса мырзаның айтуынша сіз жақсы тамадасыз. «Шыңғысхан жарты әлемді жаулаушы» деп өте қарапайым түсіндірдіңіз. Ал енді сол жаулағыш адам кім? Ұлы ма, жауыз ба? Кеше жұмыстағылармен осы тақырып бойынша дауласқанбыз. Мәселен, бір-екі адам өлтірсе ол адам қанішер, қылмыскер, қаныпезер немесе маньяк болып шығады. Ал, миллиондаған адамдардың қанының төгілуіне себепші болған адамды кім деуге болады? Мағауин жақтады екен деп қарап қалмассыз?
Abilakim
Жақсы тамададан жақсы тарихшы шығады деп кім айтты сізге?
Жолындағының бәрін қырған деп айта алмаймын. Өзіне қосып алып отырған. Кейбір елдерді соғыссыз қосып алған. Алдына қойған мақсаты болған шығар бір. Дегенмен сол кездегі ұсақ тайпалардың көбінің құрып кетпеуіне септігі тиді. Бәлкім біздің де
dark_nazgul
Қорыта келгенде, былай, Айжан.
Сенің нәзікжандылығың тек бажылдап өтірік өсек айтқаннан көрініс тапса, Қыз Жібектің сіңлісі сен-ақ бола қой. Осы жерде еркекшора атанудан қашпаймын.
Қожа мен төреде кеткен есеңді шарқыштанып мына жерде қайтарып отырсаң, құдай жеңілдігін берсін.
aza
Адай деген халық та Табындарды «Жаутабын» дейді екен…
AKY
Қоя ғой енді нақ.
Nurgisa
Қыздар, негізі құрбан айттай әдемі мейрамда сыйлассақ, өкпе-ренішті қоя тұрсақ жөні сол болатын сияқты. Дос болайық!
sammita
тым ерте айттың-ау:)
Nurgisa
Недогон боп отырсың ба?
sammita
кеше тоқтатуың керек еді деймін түсінбегендей түр танытпа.
Nurgisa
Мен бірақ айттым :) Шалған құрбандығың қабыл болсын, мұсылман амиго :)
satibaldi
Тайм-аут, тайм-аут! @dark_nazgul -дің кіші дәретінің құрамынан дезоксикортикостерон табылды!!!
bazuka
ставка кімге қойватсыздар?))))
monti
бұл кітаптарды қайдан аламыз? таралым көппе? қай баспадан шыққан? :)
VKM
dark_nazgul, осыншама ұрсысатындай, Айжан саған ештеме демеді ғой. Өз ойын айтты.Әдемі емес осы жерді соғыс алаңы қылған(
dark_nazgul
Мен де өз ойымды айттым)))
VKM
дұрыс қой, бірақ "қатты" айттың
Мен осы форумда қанша отырып, осындай зілді айтысуды көрмеппін. Ұнамады.
Ал, Айжанның қандай екені, посттарын оқысаң, бірден белгілі болар еді
sammita
бәріне кінәлі ақ Ая қайың. Пікір талас содан басталды, Назгүл сөзінде тұрып дәлел жазды өз пікіріне.
Өрт қоюшылар анооу керосин/бензин ұстап жүрген балдар:)
Ал жалпы ВКМ пікірталастыруда адамның басқа кезде қандай екенін басшылыққа алу керек пе? Мағауин, Шыңғыс т.б. жайлы онша білімім жоқ, сондықтан қосыла алмаймын ешқайсына.
VKM
2 серияны бастамай-ақ қояйықшы(1-шісіндегі айтылған сөздерден шок болдым.
Білгенді ортаға салу дұрыс, тек адамды кемсіту дұрыс емес.
AKY
Назгүл сөзінде тұрып дәлел жазды өз пікіріне.
Толықтай қосыламын саған, Саммитам! Осы жерде қақсап сұрап қоймағасын жазды, тіпті толықтырып та қойыпты. Ол үшін оған ренжіп, сөз таластырмаңдар қыздар. Релакс))
Nurgisa
Кешелі бері релакс, релакс деп көп айтылып жатыр өзі… :) Айжантабын болмаса ол сөзді білмей өтер ме едіңдер :)))
sammita
басыңнан суық өтті ғо, ки шләпіңді құрсын)
AKY
муахаахахаахах:)))))))))))))
Nurgisa
Бальзаминка сияқты түйінін айта алмағаныңа күйініп отырсың ба? :)
sammita
сенсең, мына айтысты толық оқымадым да. Түйін дейді ғо:)
Nurgisa
Жарайды, саммита, сені қатты сыйлаймын. Әзілдесемін деп сені ренжітіп алғым келмейді :) Әлі аптаның басы, алда қанша жұмыс бар :)
aza
Жақсы ғой, айтсын, айтып қалындар, Қыздар! Реалда тап осылай айта алмаймыз ғой, виртуал жарықтық кең ғой, не деп оттасаң да көтере береді…
VKM
Жоқ, Аза, этика болу керек.Қандай виртуал болғанда да, осы жерде отырған адамдарды сыйлаймын.Үйренетін,үлгі алатын адамдар көп.Сондықтан, сол әңгіме тұрғысында өз ойыңды айт, ал сен сондайсың, мұндайсың деген… меніңше,әдепсіздік.Бірақ… әркімнің өз ісі ғой. артық кетсем, кешірім сұраймын.
aza
Сенің аздаған этикаң Назгүл, Айжан үшеуіңе жетпей жатқанын күллі керекші байқап қалғандай болды осы тұс…
"… Бірақ… әркімнің өз ісі ғой. артық кетсем, кешірім сұраймын." дегенің ұнамды шықты!
dark_nazgul
мәймөңкелеп, сызылып отырып өтірік өсек айтқанның аулын этикаға жақын көшіріп қондыра алмай отырмыннн)))
aza
Маған емес, ВКМ ға айтыңыз, этика туралы түсініктерін қайта қарасын… Әлде Сіз солай етесіз бе, Наз?
dark_nazgul
Менің этика туралы түсінігім қайта қарауды, түзетуді қажет етпейді. )))
Gastarbaiter
dark_nazgul
Байқашы, ішегің түйіліп қалмасын. Осы сені бір күні қатты күлдіріп өлтіріп алып, бала шағаңның көз жасына қалам ба деген жаман ой мазалайды.
Gastarbaiter
Лібә, жұмыста жүріп біраз қызықтан құр қалыппын ғой.
dark_nazgul
тым болмаса үйіңе жетіп өлші.
balzaminka
Байтал шауып, бәйге алмас деген дәл міне осы.

Осыдан кейін Гаста бетпақ деп, Әбіләкім көк деп айтса да еш ренжудің жөні жоқ. Өкініштісі, керек адамына айтпайды да.
Nurgisa
Шляпамды шешемін мына жазылған пікірге. Шын.
AKY
Ешқандай көктікті байқамадым. Все чинно и благородно:*):*)
e_zhalgas
на своем уровне… десейш :)
Esmeralda
сіздер де осылай ұрсысасыздар ма?(( «Горе от ума» ғой дейм)
VKM
хехе) жоқ жерден тақырып тауып десей:)))
Gastarbaiter
Мағауинді да, мына постты да оқымадым — ештеңем де кеткен жоқ.
Пікірлердің бәрін оқып шықтым — шелектеп кетті. Құлақтан та, балақтан да...

«Осы мақтаулы Мағауинді оқиын ба?» деп қолымды аспанға беріп айқайлап едім, жаңғырық та шықпады, сосын сыбырлап «Оқиын ба?» деп едім, әншейінде аузын жаппайтын интуициямның да көмейі бітеліп қалды, үн жоқ, содан талғамы ұқсас адамнан «оқиын ба?» деп едім «Оқыма. Құсық» деді. Соған қарағанда, маған Мағауиннің өзінен көрі, Мағауин туралы «боқжағыстар» қызық-ау деймін. Так и живем
vebred
Ой аллай-ай)))… Менің түсінгенім… Екі Мұхтардың бірі төре… бірі Қожа… содан ауылдағы екі көрші шалдың әрқайсысы өз руын мақтап айтатын дауы басталады… Қателесуім мүмкін енді… Жалпы, екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды, қазақ әдибетінде бірін-бірі сыйғызбай өткен Марқасқалар көп)) Сонау Сәбиттерден де ондай әңгіме қалған… одан арыға бармай-ақ қояйық…… Баяғы қазақтың ауыруы ғой…
satibaldi
"Қырғыз Эвересі және мәңгүрттендірудің егеуқұйрықтық тәсілі"
Бұл жерде Мүштәр Мақанов байқамай өзі қалайша мәңгүрт боп кеткенін байқамай қалды ма деймін. «Крысятничествоны» калька түрінде әкеп салғанын өзі де байқамай қалыпты. Көшпенді қаззақта ондай сөз саптау жоқ: киіз үйде ненің егеуқұйрығы нақ.
Gastarbaiter
аламан, қаптесерлер десе бір жөн ә
Barsa
Даудың басы Дайрабайдың сиырына сілтеме беретін жан бар ма?
dark_nazgul
Осы Гаста менің посттарым мен пікірлерімді іздеп жүріп оқиды ау, әдейілеп пікір жазады ау деген ой келеді кейде.
Gastarbaiter
Понтий Пилатынсссс кімге сөйлеп жатырсың?
dark_nazgul
Ұрының арты қуыс деп, өзіңе арналғанын сезбесең келмес едің ғой.
Gastarbaiter
Майн Фюғер, Фон Деғ Нацголь ұғының ағты қайда мен қайда? «Сезікті секіред» дегіңіз келген болағ?
dark_nazgul
ыршып түсеніңді мойындап отырсың ба?
Gastarbaiter
Обшагамызда бір сантехник болатын, сол жақсы шебер кісі ед. Тек ішіп жүріп инструменттерін ұмытып кете беретін. Бірде 17-19 кілтін ұмытып кетіп, винтті балғамен бұрауға тырысып жатқанын көріп, білә*ә-ә дегем. Ойлаш балғамен болтты бұраймын дейд, алқаш нақ
satibaldi
М. Мағауин: «Эстрадалық әуесқой ақын М.Ш. сахнаға шығарда, конферансье айтпақшы, қабыл алыңыздар!» (184).
Лібәә, мыналарды тролльдің авасына пайдалануға болады екен нақ, жынД мем болад
ken
Ешкі жетектеген екеу интернетте жоқ екен. Кімде электрон нұсқасы бар? Мына адреске жіберсе екен: kendebayy@gmail.com