Бүгін, сағат он жарым да...

Бүгін, сағат таңғы он жарымда, нөмірі үшінші кіреберістен шыға бергенімде, бір келіншек/қыз көрдім.
Сонша ұнады маған.
Ойлайм: түрі былай, тұрақты қарым-қатынасқа (атап айтқанда — жыныстық) келісетін адам сияқты. Көздер болады ғой анадай, сондай байсалды, бірақ мейірімді, дегенмен кез-келгенмен құлай бермейтін.
Шатыр кетті очм, исажар болғыр жама'ат.
Бөлісу:

9 пікір

madlen
Сонымен?
satibaldi
Жәй, этюд қой бүгінгі күннен.
Кез-келген нәрседе пролог-сюжет-эпилог болуы міндет емес қой нақ.
madlen
Кечирип қойыңыз онда. Кульминация болады ма деп ойлап қаптым да…
satibaldi
Мынадай романтикалық ойдың болғаны рас: қазір ол ауладағы дүкенге барса, мен де еріп барсам; ол алып жатқан жүгеріні мен алып, «мен жақсы көретін жүгеріні дүкеннен кім алып кете беред деп жүрсем...» десем. Ол жымиса, мен де ыржисам… Әңгімеден әңгіме, сосын төсек дегендей. Әңгіме, төсек, әңгіме, төсек… Төсек… Төс… Төсек…
asaubota
ұмыт Сатеке. давай одан да саған бір анекдот айтып берейін:

бір күні бір бойдақ жігіт манты жегісі келіпті. содан үйіне ет алып келіпті. бірақ еттартқышы жоқ екен. төмендегі бойдақ қыздан сұрап келейін депті. содан бір этаж төменге түсіп келе жатып ойланыпты: мен қазір еттартқыш сұраймын, сосын ол кел одан да осында бірге жасайық дейді, сосын сол үйде бірге жасап жейміз, мүмкін аздап шарап ішерміз, сосын сол үйде қала салам, жатамыз, ертеңіне тағы барам, жатамыз, сөйтіп жүріп бір күні үйленеміз, сосын ол менің бар ақшамды тартып алатын болады, миымды жейтін болады, ешқайда жібермейтін болады…

дәл сол кезде есікті қағып қалып, әр жағынан ана қыз есікті ашып қалған кезде бойдақ жігіт:

КЕТ ҚҰРЫ НАҚ ЕРТТАРТҚЫШЫҢМЕН!!! депті.
Gastarbaiter
Жүз рет жазса, жүз рет өтетін әзіл ғой мынау)))
salta
опааа наа, мынау крик души ғой…