Көз көріп, құлақ естіді
Өз әкесінің қарғысын алған, тыныш жасқан империяда бүлік шығарып, өз халқының қанын суша төккен адамды кейбір концерт қойғыштардың таза ғылым иесі деп айтқанын көз көріп, құлақ естіді. Осыдан кейін-ақ елімізде етегін жайып таралып жатқан қатерлі идеологияның қайден келіп, кімнің мұрындық болуымен жайылып жатқандығы белгілі болды. Қанішерді жақтаған адамның әрине өзі де қанішер болад.
Жалпы бұл идеологияның, жалпы осы бүліктің, бәленің елімізге келіп таралуы 1-2 жылдың көлемінде болған нәрсе емес. Бұл сонау еліміз тәуелсіздік алып, ұлдарымызды шет елге діни білім алуға жіберу тенденциясы басталғалы бері басталған басқыншылық. Жат пиғылмен келген адам, әлбетте: “мен сендердің кәпір мемлекеттеріңді құртуға келдім” – деп айтпайды.
Көзі қарақты, байқағыш азамат осы жазбаны оқып отырған болса, бар бәленің елімізге “таухид” деп аталатын түсініктің келгенінен басталғандығын түйсікпен түсініп біледі. Олар қазақ елін бағындыру үшін әуелі идеологиялық платформасын нықтап орнықтырып алды. Яғни өздері Таухид деп атайтын “ілімді” таратты. Таухидтарының мағынасы сол – “бір Құдайдан басқаға құлшылық қылу ауыр күнә” дей келе, бізді салт-дәстүрімізден, ғасырлар бойы данышпан ата-бабааларымыз еңбекпен орнықтырып кеткен түсініктерді қирату. Бара бара сол түсінікке уланған азамат қазақ халқының қанына сіңген дүниетанымнан бас тартып, солардың ықпалында кете барад. Басы әбден догмаға байланған бұндай азамат уақыттың өтуімен, тек қазақы дүниетаным емес, тіпті өз елінің үкіметін, заңын мойындамайтын адамға айналып шыға келеді.
Олардың топас түсінікпен өмір сүретіндігінің дәлелі сол, аяғын аттап басса болды, бұл туралы Құран мен сүннет не деген деп соған жүгінеді. Оны да шатақ түсінбей, дұрыс түсінсе игі. Осыған қарап-ақ бұндай жігіттердің ақыл ойлары маталғандығын, өз логикасына сүйеніп іс істемейтіндігі белгілі болды.
Қазір жастардың басым бөлігі осы Таухидпен қатты уланған. Оларды сәл обработкадан өткізіп жіберіп, саяси мақсатта пайдалану қиын шаруа емес. Тіпті жастар арасында жүріп, баларымыздан келе жатқан дүниетаным осы екен ау деп қала жаздайсың. Бұл елімізде жүргізілген жүйелі жұмыстардың сапалылығынан. 20 жылдың ішінде-ақ, қазақ жастарының санасын осылай бір түсінікке байлап қою оңай шаруа емес екені белгілі. Бастарына түскен бұндай құрықтан сілкініп босап шығу, әлбетте, ердің ерінің ісі.
Тіпті оқырманым, өзің де сайттардан оқып жүрсің ау. Жақсы сайт екен деп ашып қалсаң, іші толған жамандық. Сондай “жақсы” сайттардың бірінен үзінді мынау:
“И для разрешения этой проблемы, продолжает исследователь, нужна профилактическая работа, нужно работать с мусульманской общиной, чтобы знать и, самое главное, – уметь отличать радикальных салафитов от умеренных, радикальных ваххабитов от умеренных ваххабитов.”
Бұл жерде автор, астыртын түрде вахабизм мен салафизмнің түсініктерін насихаттап отыр. Қалыпты салафизм немесе қалыпты вахаббизмнің болмайтындығын тек біз емес, елге белгілі теологтар мен саясаттанушылар қақсап айтып жүр. Елді осы бәледен сақтандырып жүр. Мәселен саясаттанушы Бақытжан Ғайыпназар бұл туралы өз пікіріп былай білдіреді:
“Бұлай бөлу – үлкен қателік, өйткені ваххабиттердің негізгі идеологиялық платформасы мен теориялық негіздемесі теологиялық ілімге жатады. «Радикалдардың» биографиясына қарасақ, радикал болу үшін олар алдымен фундаментализмнің «теологиялық» (бір қарағанда зияны жоқ) концепциялары арқылы сананың күрделі трансформациясынан өткенін көреміз……
….Қияға қалықтап кеткен радикалдарға қарағанда «қалыпты салафиттер» онша қауіп төндірмейді-міс. Мұндай мәлімдемелердің құйтұрқы астары туралы таяуда ғана белгілі өзбекстандық исламтанушы Бақтияр Бабажанов айтқан болатын. Оның көрсетуінше: «Кез келген «Исламды тазарту», оны «түзеу», «біріктіру» және т.с.с. мәселесіне байланысты жаңа тартыс тарихы бір сценарий мен бір нәтижеге жеткізеді – мазхабқа қарсы, сопылыққа қарсы, «мұсылмандардың алуандығына» қарсы күресушілер міндетті түрде белгілі бір топқа, қозғалыстар мен партияларға біріге отырып, мұндай «партиялардың» санын көбейтеді, сол арқылы ішкі жіктелісті одан әрі ушықтырады. Осылайша, олар жіктелуге қарсымыз дей отырып, бөлінушілікті одан әрі асқындырады. Ал, жаңадан құрылған партиялар мен топтар өз кезегінде тағы да басқа топтарға бөлінеді, олардың «қалыпты» және «радикалды» және т.б. қанаттары пайда болады, жік көбейеді, мұның ақыры міндетті түрде саяси және әлеуметтік қақтығыс тудырады. Міне, мәселе қайда жатыр!”
Бұған көңіліңіз толмаса, әлгі автордың сол жақсы сайтта елдегі ахуалды шешуге тырысқан сыңай танытып сөйлеген мына сөзіне назар аударып көріңіз:
“Мысал ретінде Эльмир Кулиевтің Астанаға сапары кезіндегі бір сұраққа жауабын келтірейік. Оған шариғат нормаларын мойындай тұра зайырлы заң нормаларын орындауға мәжбүр мұсылман қалай әрекет етуі керек деген сұрақ қойылған еді. Эльмир Ибн Аббас сөздерінің негізінде мұсылманға белгілі бір жағдайда зайырлы нормаларға бағыну қажеттігін, және ол шариғат нормаларын орындамағаны үшін кешірілетінін айтады.”
Бұған не дейміз? Ол қандай белгілі жағдай? Бұны неге ашықтап түсіндірмеген? Сергек жігіт бұл жерде басқа гәптің, басқа мәселенің жатқандығын түсінеді.
Міне осындай мағынасы екіұшты мақалаларды талдап отырып ақ, исламды саясаттандыру жұмысының әлі де тоқтамағандығын ақылмен байқап білуге болады, аса құрметтім.
Олай болса екіжүзді мұнафықтардың бұндай арам пиғылдарынан сақтанатын жол қайсы? Төтеп берудің жолы не?
Салафизмнің қазақ дүниетанымына, қазақ халқының сан ғасырлардан бері ұстап келе жатқан ата дініне үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығы бес енеден белгілі. Болмаса бұл идеологияның түсініктері елде осыншама пікір алуандығын тудырмас та еді.
Бабаларымыз мұра қылып қалдырған өз іліміміз болса да, соның қадірін біліп, бағасына жетіп, сол ілімнен үлес алып, адамгершілік қасиеттерін көркейтем деп тырысып жатқан адам аз.
Әлбетте, қазақтың өз жолы бар. Ол Ясауи жолы, Ясауи бабамыздың хал ілімі. Пайғамбарымыздан қалған ішкі әлемнің, жүректің ілімінен осы бабамыз арқылы түсінік алғандықтан, шартты түрде Ясауи ілімі деп айтылып кеткен. Бұл туралы тек біз емес, Президентіміз де қайта-қайта айтып жүр.
Мәселен, ол «Тарих толқынында» еңбегінде: «Нақ осы Ясауи ілімі арқылы ислам қазақтардың рухани өмір салтына айналды да, кейінгі сегіз ғасырдың өн бойында соларды жебеп келді. Қазақ хандығы мен қазақ халқы құрылғанда, солардың бастау бұлағында осы ілім тұрды», – десе, «Сындарлы он жылда»: «Йасауидің тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана қазақ тайпаларының ұлттық ортасында Ислам канондары мен далалық дәстүр үйлесім тапты, қазақ халқының арасында күні бүгінге дейін оның есімін кие тұтып, көптеген түркі тілдес мұсылмандар үшін «Екінші Мекке» болған оның кесенесіне тауап етеді» – деді. Ал биылғы жылдың наурыз айында Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Біздің өз жолымыз бар. Өз жолымызға түсу үшін біз Қожа Ахмет Ясауидің іліміне табан тіреуіміз керек», – деді.
Филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы Болат Қорғанбек болса: “Шындығында да, Ясауи ілімі халқымыздың ең абзал қасиеттерін қалыптастырды. Адамсүйгіштік, бауырмалдық, кеңпейілділік, кішіпейілділік, қонақжайлық, дархандық, отансүйгіштік, ержүректілік сияқты ұлттық қасиеттеріміздің қайнар көзі – Ясауи ілімі болды. Ясауи ілімі – барлық пайғамбарлар насихаттаған хал ілімі еді. Ол «батини ілім» («ішкі»), «ладуни ілім» («рухани») деп те аталады.” – депті.
Расында да, құрметті оқырманым, Ясауи бабамыз қалдырған бұл ілім, бір мақаланың, бір жазбаның ішіне әлбетте симайды. Адам болудың бұл ғылымына қызығып, білгісі келген адам өз өзін танып, бойындағы таңғажайып сырларға қанық болып, бақытты күйге түсер еді. Сондықтан әр азамат өз бойындағы қазыналарды ашуға тырысып, жарқырап жайнап тұрар болса, елдегі қауіпті миссионерлердің қаруы адыра қалып, еліміз қоғам болып өмір сүрудың асқан үлгісін көрсетіп, қазақтың абыройын асқақтататынымызға сенімім мол. Ойтазада амандықта жолығаайық….)))
oitaza

П.С Ағатайдың мына мақаласы құсық екенін айтсам өкпелеп қалмас
Мына жерден ешқандай обьективтілік көріп тұрғаным жоқ. уахаббы қаралау, зікіршілерді жақтау. Ал, сол біз уаххаб дейтіндердің бүткіл Сауд Арабиясында жайылғанын қайда қоямыз?
Аяжан, болашақ журналистсің ғой, әлі талай мәселе табасыз жазатын. Бірақ діннен сақ болш, м. өтініш