Астана сапары һәм Сигманы іздеу

Астанада болып қайттым. «Шабыт» фестивалі аясында. Оған кеңінен тоқталып қайтейін, жіберген прозалық шығармаларым жүлделі болмады.Оған бола жасыған мен жоқ. Қазылар құрамына:
-Бұл шығармаларым әлдеқашан тиісті жерлердінен, үлкен адамдардан өз бағасын алып қойған-дедім.
-Ол қандай жер,қандай адамдар?-деп Фариза Оңғарсынова бастаған әділқазылар елең ете қалды.
-Ол «Керекинфо» және керекинфолықтар!-дедім.
Не керек біраз керекші жиналып жаңа сайттың тұсауын кескен күні кезек күттірмес мәселелерге алданып бара алмай қалдым. Ертесіне Аршаттың айтуы бойынша белгіленген жерге ертерек баруға тырыстым. Баратын жеріміз Сигма жатқан қонақ үйден алыс болмағандықтан Аршат қонақ үйдегі бөлмесінің нөмірін берді. Ішімнен «жиырма алтыншы нөмір, жиырма алтыншы нөмір» деп қайталап барған мен, қонақ үйге кіре бере сүрініп нөмір шатыстырып алдым. Бардым да «27» нөмірдің есігін қақтым. Қылжақбастығым ұстап кетіп «Кто там?»деген еркек дауысына «Шампанское заказывали?» деп жауап бердім. Өзімше Сигма брат есікті ашып«Да, заказывал» дейтін шығар деп ойлап тұрм. Ананың есікті ашатын ниеті жоқ.«Заказ бергенім жоқ» дейді. «Заказ бермесең де ашсайшы» деп мен де қоймаймын.Есікті ашты да «Сен біреумен шатыстырдың-ау деймін» деп жаба салды.«Ну, братан! Приколға приколмен жауап беріп қоясың ә!» деп есігін тоқылдатқанның үстіне тоқылдата түстім. Іштегіде үн жоқ. Бір кезде ресепшін келіншек келіп, «Жұртты неге мазалайсыз» деді. Сонда барып өзімнің есік шатыстырғанымды ұғып, келіншектен кешірім сұрап Сигма жатқан нөмірдің есігін тауып алдым. Барсам Сигма братан отырақ жайма жамылған қыз жоқ…
Сөйтіп, келісілген уақытта Аршатта келді, Алдекенмен де реалда танысып бір кәукілдесіп қалдық.
Бөлісу:

22 пікір

satibaldi
-Бұл шығармаларым әлдеқашан тиісті жерлердінен, үлкен адамдардан өз бағасын алып қойған-дедім.
e_zhalgas
бұл кездесуден кіріспе ме? :) яки, жалғасын студияға…
Erkekyz
-Бұл шығармаларым әлдеқашан тиісті жерлердінен, үлкен адамдардан өз бағасын алып қойған-дедім.
-Ол қандай жер,қандай адамдар?-деп Фариза Оңғарсынова бастаған әділқазылар елең ете қалды.
-Ол «Керекинфо» және керекинфолықтар!-дедім.
Шынымен осылай дедіңіз бе?:)
asaubota
әңгіме тақырыптары мен пар күшті болды :)
sigma
Кейбір адамдардың оперативкасы мен процессорын ауыстыру қажеттігі болмаса
Nurgisa
Тормоз кім болды екен…
sigma
Любопытный болып жүре беріңдер
Nurgisa
Меніңше, бесеуің де күдікті болғаннан ешқайсыңа келіп-кетер пайда жоқ па деп қобалжығаным болмаса…
sigma
Әңгіме сол бесіншіде болып тұр.
monti
Әбіл, расыменде шатасып кетіп біреудің есігінің алдында?))))
aza
Әбіләкім проза жазатын ба еді…
Nurgisa
Бас жазатыны да бар…
aza
Бұра тартпаса «керекшілердің» бас ауырады ғой…
asaubota
ондайы жоқ :)
Nurgisa
Қойына сендерді іздеді? Үшеулерің үшем бе едіңдер? :(((
aza
Әбекеңнің ондайы болса, таяқтың бір ұшы өз маңдайын жағалап кету ықтималдығының алдын алып жатыр мен бірдене білсем, осы Арчи, сіздік пікір қалай, Аудармашы ағке?
sammita
биыл «Шабыт»қа поэзия қатыспапты. Проза ғана.
Мен алғашқы 2000 жылдары арнайы бірге жүріп барып көретінмін қатысушылармен. Қалқаман Сарин, Алмат Исаділ, Қанағат Әбілқайыр, Бақыт Беделхан, Танакөз Ілиясова, Айгүл Сейілова, марқұм Рүстем Есдәулет т.б. қатысқанда. Естелік фото да бар. Соңында кафелетіп жүретін. Қызық кездер.
Қазір аздап қадірі қашқандай.
Nurgisa
Қадір Мырза Әлимен біраз нәрсенің қадірі біржола қашпаса де…
Abilakim
Үш жылда бір ұйымдастыру керек шыным сол. Қызық түк жоқ
sammita
жалпы жүлдесіз қалғандар ешқашан «байқау әділ өтті» демейді. Заңдылық ол. Бәрі бір үмітті ат қып мініп келеді, өкпелейді өтпесе. «Дұрыс болмады, анау-мынау деп6 Дегенмен бірінші рет емес өтіп тұрғаны, 10 жылдан асты.
Мүмкін өзгертуді қажет ететін талаптары да бар шығар. Кім білсін.
Айгүл С. 2005 ж. (шатыспасам) орын алмадым деп ынталандыру дипломын жыртып кеткені есімде. Кейінгі жылдары орын алды ма білмедім.
Abilakim
Әділ өтпеді деп айта алмаймын.Себебі, ешкімнің шығармасын оқып талқылаған жоқпын. Негізі былай да ойлап қю керек аңда-саңда. «Менің орын алғаным әділ ме?» деп.
Мынандай қызықты айтайын. Қонақ үйге орналасып бола бергенім сол еді, нөмірдегі бос орынға Алматыдан келген бір домбырашы баланы жіберіпті. Содан танысып болған соң«Тәттімбет атындағы күйшілер конкурсынан сендердің мектептеріңнен(К.Байсейітова ат.мектеп) келген жігіт екінші орын алып кеткен,қалай болды деп барды?» деп сұрадым. "Қарағандыда байқау әділ өтпейді екен, негізі бірінші орын алуым керек еді" деп барыпты анау
sammita
өзіңе қабылдама, жалпы өз ойым осы да.