Қанша Қазақстан мен қанша Интернет бар?
Көптен бері өзім айтып та, туиттерде жазып та жүрген, бірақ ешкімнің назарын аударта алмай, түзетуге деген үмітім үзіліп бара жатқан, қазіргі жұрттың қазақ тіліндегі көп кездесетін қателердің бірі туралы толығырақ жазғым келіп отыр.
Бағана кешке бір жарнамадан естідім. Есімде жоқ, қандай жарнама екенін. Бұл менің жадымның ерекшелігі. Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетім жақсырақ дамыған.
Енді жаңа мындағы www.voxpopuli.kz/kz/post/view/id/401 фоторепортажды қарап отырып, мына сөйлемді:
Жылжымалы нысандардың қозғалысы мен айшықты суретін дөп алу үшін S (жарықты ұстау басымдылығы) режимінде түсірген жөн. Камера бұл міндетті тамаша атқаратынын көрсетті, сурет жүріп келе жатқан автокөліктен түсірілгеніне қарамастан (оның өзі түсіруді күрделендіріп жіберді) барлық серия анық шықты.
оқыдым да, жазуға бел будым.
түрткі болған сол сөйлемдегі қарамен боялған екі сөз.
Бұған дейін Кселл мен активтің жарнамасында естіп жүруші едім.
«Барлық Қазақстан бойынша қоңыраулар» және «барлық Интернет сенікі» дейді.
Барлық Қазақстан мен барлық интернет болатындай олар қанша еді?
«барлық» деп саны көп нәрсеге айтылады. Ал біртұтас, бірақ бәрін қамтиды дегенді «бүкіл» деп айтады.
Онсыз да, балалардың тілі шұбарланып барады. Дұрыс сөйлейікші, а?
8 пікір