Құрбан шалу

Бұрындары, мен кішкентай, әлем үлкен болған кезде, апаларым қарызы бар адам құрбан шалмайды дейтін еді.
Қазір ғой, миллиондаған кредиті, автокредиті, ипотекасы барлар құрбан шалып тыраштанып жатады.
Әлде банктен алған ақша қарызға жатпай ма?
Бөлісу:

21 пікір

satibaldi
Апаларыңнан тағы сұрай салуға болмай ма?
dark_nazgul
Апаларым баяғыда о дүниелік болып кеткен. Бүкіл отбасымыз сондай ұстанымда. Құрбан айтқа дейін мойнында бір тиын қарыз қалдырмауға тырысады.
Сосын, «еркек тоқты құрбандық» деуші еді, қазір ұрғашы мал да ктете беретін болыпты ғой.
Zilola
Құрбан деген жаныңнан шын ниетпен бөліп беру. Бірақ сойылған малдың 1/3 бөлігі өзіңде қалуы керек.

Алдымен өзіңді жарылқа, одан қалса ағайын туысыңды жарылқа, одан қалса жақыныңды жарылқа, одан артылса жетім-жесірлерге тарат
satibaldi
Өзің қомағай болсаң ше?
Altygradus
барлығын үлестірсең де өзің білесің. 1/3 бөлігі қалсын десең ол да болады.
Zilola
ощм елді жарылқап өзің аш қалма деген мағынада жазғаным ғо
dark_nazgul
ол түсінікті ғой. Бірақ, мойнында қарызы бар, өзіне жетпей жатқан адам өзгені қалай жарылқамақ?
Zilola
соны айтып тұрмын ғо, өзің көмекке мұқтаж болып тұрсаң онда ол құрбандығың саналмайды
dark_nazgul
онда неге тыраштанамыз? Алланы алдауға тырысқанымыз ба?
сосын, қарызданып қажыға баратындар да кездеседі.
Қажылық деген бала шағаң түгел құтты орнына қонып, мамыражай тірлікке көшкенде орындалатын парыз емес пе?
Бір рет пойызда бір кісі қоймай уағыз айтты.
сонда айтқаны: ата анасын қажыға жібермеген перзент о дүниеде соның азабын тартып, ата анасының жағасына жармасады екен «неге айтпадыңдар маған, қажығ, а жібер деп» деп…
сол рас па?
Zilola
Әркім өзі үшін ғана есеп береді, сондықтан сенікі дұрыс емес деп оған түсіндіремін деп мойныңа артық күнә артқанша, ақыл есі түзу, құран оқи алатын сауаты бар адамға ештеңе айтпаған да дұрыс.
araika
әлем үлкен болған кезде
меніңше, әлем әлі де үлкен, кішірейген жоқ болмаса өз орнында:)
Ең бастысы НИЕТ. «Ойбай менің қарызым бар екен» деп ниетінен бас тартатын адамдар аз шығар…
e_zhalgas
метафораны түсінбейтін жан екенсің :)
araika
кей кездері тікелей қабылдап кетуге болатынын дәлелдегем ғой :)
chimaq
oibai ne deidi?!ondaidy estimeptik…
jazzgyw
men ozi jalpy kurban walyp kormeppin..a tak kurban walyp jatkan talpaga baryp baikap kaitu kerek sekildi)
Erlan
Курбандыкка шалынган мал, мойынсунып, тіпті аягында серіппейді екен бір байкаганым!
Dinara
Құрбандық шалынып жатқанда оған жаның ашып мейіріммен қарауға болмайды екен дейді сосын.
Erlan
Ондай аяушылық жоқ ))