Ұлыңызды әскерге жібересіз бе?
Қазіргі кезде "өлім оқиғасы" әскерде жиі орын алып барады. Соның салдарынан бір отбасы жалғызынан, бірі тұңғышынан, енді бірі кенжесінен айырылуда.Темірдей тәртібі бар "мекен"-ге қаншалықты көңіліңіз толады?
Сіз болашақ ата-ана ретінде (немесе ата-анасыз), не айтар едіңіз?
Жеке өзім баламнан бұрын інілерімнің де әскерге барғанын қалаймын. Бауыр етім бауырларым баламнан да жақын. Бауырым барып келді әскерге, Алматыдағы 70 разъездтегі (бригада) әскери бөлімде борышын өтеді. Қапшағай жақтағы полигонда болды, барлығын барып өз көзіммен көрдім. Басында әрине қиналды, кейін үйреніп кетті.
Барлық жағдайы жасалған ортада өскен бала, әскердің жағдайына қиналды.
Тқбелеспеді емес, төбелесті жасыратын несі бар, бірақ өлім жайлы естімедім оның ротасында болған.
Бауырым деп топ баланың, жиенім деп тағы солай жіберген суреттеріңіз "өзің танып ал!" деп тұрғандай :)))))
Аман есен ауылға оралып, қазір ел қатарлы жұмыс істеп жүр.