Alempress.kz - Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы



www.alempress.kz

Әлемпресс сайты шет ел БАҚтарының Қазақстан туралы не жазып жатқандарын жеткізіп отыратын сайт.

Егер түпнұсқасын оқимын десеңіз әр мақаланың астынан сілтемесін таба аласыз.

Мүмкіндігінше бізге жетпеген эксклюзив мақалаларды, жаңалықтарды беруге тырысамыз.

Әзірше Қоғам, Саясат, Мәдениет, Экономика, Спорт, Бизнес, Статистика тақырыптары қамтылған.

Аударма жасай алатын керекшілерден де қолдау күтеміз. Мақсат Максты өлтіру емес пайдалы сайт, ақпаратпен бөлісу сияқты энтузиазмның жемістері ғана емес мақсаттардың бірі де тиын істеу екенін де айтып қояйын.
Бөлісу:

24 пікір

asaubota
сайттағы мақалаларды Бөлісу арқылы Фейсбук, мойирлерге бөлісіп отырыңдар
Nurgisa
Мәтіндерде қандай да бір жазу, синтаксис қатесін байқап жатсаңыздар маған не Аршатқа білдіріп отырғандарыңыз да сәлемденеді.
Economist
Құттықтаймын! Көпшілік көп қарайтын, жиі бас сұғатын сайтқа айналсын!
muza
azdap kriterya jazsam renjimessizder :)
1.Saittin en astingi jagindagi Sitemap,Archives linkteri jumistamaidi.Baskasi jumistamasada Sitemap jumistasa jaksi bolar edi.Izdeu ortaliktari ushin en kerekti narselerdin birigoi.
2.Logodagi ALEMPRESS.KZ jazbasin Әлемпресс.kz-ke auistirsaniz.

kutti bolsin:)
asaubota
рахмет, төменгі жағын ұмытып кетіппін асығып жүріп :) істеп қоямын.
Nurgisa
Әлемпресс.kz деп ауыстырған іздеп келетіндерді біраз әуре-cарсаңға салуы мүмкін бе деймін. Дегенмен, сұрыптап қарап, ортаға ой салып отырғаныңыз тәнті еткізбей қоймады!
muza
Әлемпресс.kz jai gana logo ushin turadigoi.AL astindagi korinbeitin a href linkin sol baiagi alempress.kz bolip tura bersin.@asaubota jaksi bir sitemap kutemiz endi :)
muza


keywords,description bolimderi bos tur eken.Menin aitkandarimnin barligi da negizinde google yandex siyakti izdeu motorlarinin kozine iligu ushin jasalatin areketter bolsa kerek :)
vebred
Нұрғиса, Аршат, Құттықтаймын!!! Қазақтың менмін деген журналистері бұл сайтты көрген соң, өздерін жайсыздау сезініп қалар деп… үміттенем!!! Шын айтам, іздену жоқтың қасы, білімі аздау, тіпті 2 тілден өзге тіл білмейтін қазақ журналистері сендерден үйренсін!!! Тек аудармаларың сәтті болса екен деген тілегім бар!!!
asaubota
рахмет, осындай журналистер арасынан пікір келгенде қуанып қаламыз :)
KILYZAMAN
энтузиазмның жемістері ғана емес мақсаттардың бірі де тиын істеу екенін де айтып қояйын.
— «Анда шаптың көкшолақ...»- демекші, қызықтырыу да(стимул) Керек!
Lyaila
Тың сайттың дүниеге келуі құтты болсын! Қазақстандық БАҚ өкілдерін қызықтырып, басып озар құндылықтарымен ерекшеленсе алға жоспарлаған мақсаттарыңыздың орындаларына сенімдімін!
Dinara
Қолдан келгенше уақыт тауып аудармада көмектесуге дайынмын. Қуана қуана :) Егер комиссия саралап қабылдаса әрине, аударманың сапасы жағынан :)
rauan97
Осы Alempress.Kz сайтын жаналық қоссам деп едім АРшат, Нұрғиса агенттегі логиндеріңді беріңдерші
rauan97
модератор немесе админ көмекшісі болғым келеді
saken
бардым, көрдім, сауалнамаға қатыстым.
:)
Іске сәт!!!
Zilola
Оң жақтағы дос сайттардың қасына қосса қалай болады екен
timurrr
Жарайсыздар, жігіттер! Орыстарда инопресса деген бар ед, сол бірден есіме түсті. Істеріңізге табыс тілеймін! Не ғо, Аршат, граватарыңды ауыстырмайсың ба? Нұрекең сияқты жарқырап тұрғаның жақсы сияқты. :)
asaubota
мақала қосқыларың келсе сайтта авторлар деген жерде біздің адрестеріміз бар, соларға жазсаңдар болады.
serjan
Жалпы осындай керемет сайттардың керекинфо, әлемпрес, баспа нұсқасын журнал етіп шығарсаңдар нұр үстіне нұр болар еді. Онда ешкім авторлық құқықтарыңды бұза алмас еді.
Marat
Тың бастама. Сұраныс болатынына сенімдімін. Сәттіліктер тілеймін.

Аршат, осы вордпресстің seo-ға икемділігі қалай? Керекинфода тұрған LiveStreet іздеу моторлары үшін мейлінше бейімделген секілді. Кілттік сөздерді лезде индекстеп тастайды.

Әрі LiveStreet жақын уақыттарда wordpress жиынтығын шығарамыз дейді ме. Олай болса, осы движокты әлгіндей жаңалықтар сайтына да пайдалануға болады ғо, а?
asaubota
лайвстрит вордпреске жету қайда әлі? :) ол тек осындай блог форматына жақсы.

ал вордпрессте сео плагиндер бар ғой, әлемпресске әлі орнатқан жоқпын.