Керекинфолықтар тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында жылды қорытындылады...

Кворум

Баскенттің сол жағалауындағы «Керуеннің» үшінші қабаты «Керекинфоның» бастыжайына айналып келеді. Бүгінгі айтулы мәслихаттың кворумын Атыраудан Алмас (sigma), Қостанайдан Талғат (talgatjez), Алматыдан Һісеһ (qisyq), Бекжан, Қызылордадан Ләйлә (lyaila), Ақтөбеден Алдан (Aldeken), Әйгерім (AKY), Аршат (asaubota), Шымкенттен Жансая (Zhan) және мен құрадық. Abilakim Айсұлтанның шұғыл шаруалары шығып қалуы оның келмеуінің себебін түзді.

Жиналудағы мақсат

Әлбетте, «Виртуалдан — реалға» бет түзегендер төрт көз түгелдігін білісуді, қуаныштармен бөліспекті мақсат тұта келген шығар «Керуенге». Сәті түссе әлі де кездесеміз. Қандай болмайық, өзара жанашырлық сезімі бір-бірімізді шарқ ұра іздеуіміздің ұйытқысы деп ұқтым. Бүгінгі басқосуды пайдаланып, Аршат екеуміз ойластырып жасақтаған www.alempress.kz сайтының тұсауын кестік. Бұл ресурс әлемдік прессада жарияланған Қазақстан туралы мақалаларды қазақ тіліне аударып, оны интернеттің қазақтілді сегментіндегілерге ұсынуды көздейді. «Сайт туралы» айдарда мынаны оқисыз: «www.alempress.kz – Қазақстан туралы шет елдік басылымдарда жарияланған өзекті материалдарды тіке қазақ тіліне аударып, ол ақпардың бұқараға төте жол тартуына дәнекер болуға талпынған ресурс. Ақпараттық кеңістікте көп ретте жергілікті қайнаркөзден ары аса бермейтін талғамшыл интернет-аудиторияға сайтты ойластырып жасақтаушылар баламалы ақпаркөз ұсынуды көздейді».
Сайтымызға қызығушылық, қолдау танытқан бүкіл керекшілерге алғысымыз шексіз! Бәріңізді www.alempress.kz сайтын тамашалауға, посттарға өз пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз.

Не талқыладық?

Сенбисттердің тыныс-тіршілігін, «өздігінен берілген мән» (по умолчанию) санатындағы оның мүшелерін, Сатыбалды пәлсәпасы мен ілімнің қилызаманология тармағын, «керекинфо» «арқасында» қолданыс аясынан бірқатар сөздің түсіп қалу қаупін, Алматыда бастау алған блогкемп дәстүрінің жалғассыз қалмау керектігін, Югославияда қазақ газетінің өкілдігін ашу идеясын, астаналықтардың (оның ішінде sammita’ның) әсіре жұмысбастылығын, ғаламарт пен Патьты, Атыраудағы бастапқы екі әрпі түсіп қалған «Қонақ үйді»…

Суреттер сөйлейді

Жансая беріліп отыр. Ойға.



Аршат www.alempress.kz таныстырылымын жасап жатыр.





Һисеһтың жон арқасы терлеп, делебесі еміс-еміс қозғалы жатқан интимді сәт:


Һисеһтең сатебалде тұйралі пүдіболкәсена жазелһан һаріптере де һисеһ болеб хеһте.
Бөлісу:

178 пікір

Nurgisa
Мархабат! :)
19852407
Ақпарат айдынындағы игерілмеген, қажетті сегмент қой. Бәрекелді, аударар мен жариялар көбейсін! :)
KILYZAMAN
КеРРРек нәрсе… Құтты болсын!
meirzhan
Сайттың ашылуымен! Басқан қадамдарыңыз құтты болсын! Өте өзекті.
meirzhan
Сюрприз болды бұл сайт. )
meirzhan
Керекинфода бұған дейін айтылғанын көз көрмепті.
omarbirat
Сайт құтты болсын! Отырыстың салауатты да салиқалы әңгімелерге арналған бөлігі осымен тәмам болды ма? :)
patick
Сайтқа базар жоқ! Қазақ журиктері ушівөлсін. Сәттілік!
Qojeke
Айтпа шешессс
Егеменалашайнаңдыабайкзмасакзіңдісссс
omarbirat
Сайттың идеясы жақсы екен. ӘоемПресс — әлемді престейміз әлі :))
Qojeke
Керекшілердің қалааралық кездесуі.
Qojeke
Әлемпресс әлем болсын!
FaraOn1
Сайт та Айт та кутты бослын!!!
Altygradus
Сайт идеясы жақсы екен шынымен. Өміршең болсын.

Жақсы кездесу боған екен, тек немен сюретке түсіргенсіңдер.Іші буланып, содан сол беті линзаларынан тұман кетпей қойған нәрсемен түсіргенбісіңдер??
Zilola
қалтапонмен түсірілсе керек, дала суық, ал ғимараттың іші жылы, буланып кеткен шығар.
Zilola
Құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін!
AKY
Сигма, Әбіләкім, Бекжан, үшеуміз үшем бе едік?))))) деп жазылып тұр ілмектерде))
bazuka
Жаңа сайт құтты болсын! Ағалар еңбектеріңіз шыңдала беруіңе тілектеспін!
e_zhalgas
керемет, өте өзекті сайт! кездесу де көңілді өткенге ұқсайды :)
айтпақшы, сайтқа қатысты, валюта бағамы мен ауа райы туралы сол жақтағы колонка артық сияқты көрінеді, оны жойып, не басқа жаққа көлемін кішірейтіп тастауға болмай ма?
balzaminka
Ляйля бойжеткенді АКҮдің қасында отырған деп топшылып отырмын, ұқсайды екенсіңдер. Керуенде шулы болған шығар, ия?

Іске сәт, жігіттер!!!
Nurgisa
Ләйләні саған, Жансаяны саммитаға ұқсатумен болды. Шынымен ұқсайсыңдар…
Zhan
О баста «Керектік» болатын қыздар ғой ақыры деп, құдекең внешныйымызға дейін ұқсастарды жинап қосқан шығар бәлкім… ))))))
rauka
ооо жерлесті бірден таныдым гой
balzaminka
Jax adamdar 1-1ne uksai beredi go dep Satekenin emge konbeitn sozn jeleu etein))
Dinara
Жаңа сайт Қазақстан туралы жағымды жаңалықтарға толы болсын!
Қандай күшті, кездесіп тұратын мүмкіндіктерің бар :)
balzaminka
Динара, біз де кездеселік те :), бар шетелдіктер жиналып, неге жиналмасқа, а? Өзге бір елді таңдалық та, кездеселік :)
Dinara
Шынымен болады, күшті идея :) Лондонға баратын кезіңде айт онда жарай ма, менің де мектеп кезден арманым сол өзі..:) Жаннаға, Симонаға айтамыз. Тағы кім бар?
Zilola
ақпанға ұйымдастырыңдаршы, мен барамын иншалла
balzaminka
naurzga Germany desek kalai bolady? :-)
Zilola
сәуіргееее, мен наурызда бос емеспін :(
Dinara
Түркия десеңдер де болады ;)
Zilola
Сингапурға қалай қарайсыңдар?
Zhanylai
Қатты күштііі, басқа елде кездесу
Erlan
Кездесіп коріппа едініз, менше оз еліннен артык емес кой
Zhanylai
Ел көріп, жер көріп дегендей… Соңғы кездері шетелге шыққым келіп жүр, жәй емес кішкене тәжірибе алмасып
Zhanylai
Қызығып кеткенім сонша пікірді қате жазып жіберіппін
AKY
Дабайте, наурызда Үндияда?)) Немесе маусымда Сингапурда:)))
Zilola
Наурыз бос емеспін дедім ғо :(
balzaminka
сол наурыз дұрыс қо дим :)
izbasar
Жаңа сайт құтты болсын! Ғұмыры ұзақ болсын!
Serik
Салем, достар! жаңа ашылған сайтқа кіре алмай отырмын. мүмкін кейбір шектеулер бар ма?
FaraOn1
MYRZA, timurrr және сіздікі аваларыңыз бірдей болып кетіпті
meirzhan
хаха. Бірдей болғанда не ғой, өз аватарын жүктемегендердің бәрінде шаблонды аватар болады.
FaraOn1
ааа ма… ал калай айтсам екен? операда бірнеше вкладка ашқан кезде сайттардың суреті тұрады ғо, соны не дит біздің тілде?
FaraOn1
Аперадағы айқарма десе бола ма екен?
konvict
Жақсы кездесу болыпты. Ал, сайт күшТ кен. Сәттілік!
konvict
Айтпақшы, басқа сайттар көшіре алмай зар илейтін болыпты ғой.
asaubota
жақсы отырыс болды. жаңа қолданушылармен таныстық. тек бір өкініштісі онлайн трансляция жасай алмадық. интернет жылдамдығы жеткіліксіз болды. негізі Керуенде жақсы еді жылдамдық, кеше сайттың өзі жәй ашылды. обшым, ойлағанымыздай онлайн жасай алмадық, кешірерсіздер.
Zhan
Мәссаған, Нұрғиса не деген шапшаң репортерсің))) Журик ретінде ішім күйіп тұрғаны (қалжың) Айтпақшы, сайттың дизайны күшті. Енді оны дамыту ғана тұр.
Aldeken
бәсе-бәсе, басқосудан шыққанда қоштасуы тез боп еді, Нұрекенің… ))))))))))
19852407
енді Нұрекеңнің журналистерге «туысқандығы» бар ғой, Жансая-ау:)
Aikona
Қисық ағам үндемей астанаға барып апты ғой :). Күшті, жаңа сайтқа сәттілік тілеймін!!!
Jacqabaies_Chirac
alarm! alarm! alarm!
Nurgisa
Рақмет, Жақабайдың Ширағы. Шұқылап қарайтын екен.
Zere
Өздеріңді суреттен болсын көргеніме қуаныштымын! Сайтқа сәттілік тілеймін! )
AKA
Құтты болсын, ұнады! Оқырмандарды түрлі әлемдік қызықты ақпараттармен сусындата беріңіздер. Істеріңізге сәттілік тілеймін!
Nurgisa
Суреттердің сапасы үшін кешірім сұраймын. Қалтафонымның «линзасындағы» плеенка қабы алып тасталынбаған екен. Соның «кесірі» тисе керек.

Астанамыз Астанаға sigma, qisyq келіп, алдын көрмеген Ләйлә мен Zhan келіп орта толды. AKY бауырымыз да келгені жақсы болды. Алдекен әзілкештің кәнігісі екен.
meirzhan қолданушымызды да еске алдық. Кеше бәрі «Не, неге күліп жатсыңдар сигама, Алдекен үшеуің» дегенде ертең деп едік…
Опшым, Алдекен күніге жұмыстан қайтарда сол жағалаудағы «Европа+Азия мейрамханасы» деген жердің маңынан өтеді екен. Қоғамдық көлікпен. Бірде маңдайшадағы жазбадан «мейр» қаріптьері түсіп қап, ұят бопты. Әр өткенінде ұялады екен Алдекен. Жерге кірерге тесік таппай. Сонда шырамытып ем, «мейр» жоғалса оған «meirzhan» кінәлі шығар деп.
Фатмагүлдің кінәсі жоқ.
Zhan
Патенттеп алып барып айтып отырғаның ба? Алдекен от души күледі екен )))))
Nurgisa
Иә, иә, сосын «Алдекең — мужик, и в дУше, и в душЕ!» деп қосып қой тағы :)
Zhan
Ммм, адамның ойын бұзбай отырсай… Душасын емес, душтағысын көреміз деп қыздар бәле шығарып жатса не істейсің?
AKY
Ужс…
Nurgisa
VKM болғанда «уа-ча!!!» дер ме еді…
Aldeken
Алдекең — мужик, и в дУше, и в душЕ!
негізі со бір жылдары "Қырғи" деген атыңнан сезіктенетін едім, енді душқа кіруге де қорқатын болдық-ау… Үйдегі санузелдің совмещенный екені есіме түссе… ох…
AKY
Сигма ағатайдың да күлкісі жаман емес:)))
Nurgisa
Аға, аға дейсің… ;)
19852407
Aldeken Бекжан Толыбайдың жанында отырған (2-ші суретте) сұқ саусағында кәлешкесі бар ағай ма?
Aldeken
Оһһһ, неке жүзіктің қазығы болған безымянный саусағымның обалы қалтафоныңның линзасынан пленкасын алмаған Нұрғиса саған болсын!!! )))))))))))))))
19852407
ия кешірерсіз, аты жоқ саусақ))))
Aldeken
Патенттейтінді айтпай отыр ғой, патенті мен контенті дайын болмағасын… )))))
Алдекен от души күледі екен )))))
сіздің күлкіңіз де шынайы көрініп еді… )))))))))))
Nurgisa
Қисықтың «Сатбалду» деген жейдесіне неғып ешкім ешнәрсе демей жатыр? Таңданысымда шек болсайшы… :)
talgatjez
Һісеһтің путболкасындағы жазуды енді байқадым суреттен)
Кешегі әзілдерді еске түсіріп шегім қатып отыр :)
omarbirat
Сайттың ашылуы барлық қызықтарды көлеңкелеп кетіпті. Енді назар аударып жатырмыз, құрдас :))
AKY
Жейдесі де, өзі де керемет.
qisyq
Оппа. AKY, мен әлі осындамын, ертең кешке қайтамын.
Nurgisa
:) Бірақ бүгін кешке сағат 23.00-дерге қарай ғана босай алатыныңды ескеру керек :)
qisyq
Не ғо, ол проблема емес, ерте босай аламын:). Әбіләкім жақсы тамада.
Nurgisa
Біз отырған жерден он метрдей әріректе табын Айжан отырды ма екен деген күдік те жоқ емес.

Aizhantabyn
хехе, менің Қонжығым андай емес же))))))))))))))))))))))
ErNur
Керемет отырыс! Қызығып кеттік :) Жаңа сайт құтты болсын жігіттер!
Nurgisa
Бұдан былайғы Алматы, Астанадағы басқосуларда онлайн трансляция мәселесін ойластыратындай екен. Мүмкіндік болса, соны есте ұстай, мүмкіндікті қарастыра жүрейік.
Алдекең салмақты адам.
asaubota
қой, қыздар бір біріне түк ұқсамайды. қалай ұқсатасыңдар, түсінбеймін.

Қисықтың футболкасы күшті екен Сатвалду деп португал мәнерімен жазылған :)

кетерде Алдекен, Бекжан, Алмас төртеуіміз бір таксиге міндік. sгин, таксидің іші КВН болып кетті, бірінен соң бірі бомбалар жарылып жатты :)))

p.s мейрі түсіп қалған мейрамхана енді жетті :))))))
Nurgisa
бірінен соң бірі бомбалар жарылып жатты :)))

«Керуенде» тұқым, фасоль жемеген сияқты едіңдер… Бір жағынан күн де салқындап қалды, терезе ашайын десең суық тиіп қала ма деп абыржисың.
19852407
satibaldi-Сатекеңе брендыбый атын пайдаланғаны үшін qisyqтың футболкасын тікккен бішкектік не турциялық фабриканың атына сотқа талап-арыз түсіруі керек )))
qisyq
Қорладың-ау бішкектік не түркиялық деп, қорладың-ау… Қытайда тігілген ол, Қытайда! Сапасыз кооперативінде емес, сапалы фабрикасында! Күйдірдің-ау, күйдім-ау, күйдіргі-ау!!!
19852407
Інім-ау, сол қысықкөз қисық қолдыларға сенің футболкаңды қиғым келмеген ізгі ниетім еді, не де болса түрік ағайынның, не қырғыз бауырымыздың тігінші қыздары пішкен шығар депп… :)
qisyq
тігінші қыздары пішкен
ужс…
19852407
ойың qisyq па, қазақтың сөздері қисық па?:)
Daniar-Alan
 өмір қалай өзгеред… кеше ғана еД, мына сөздерге няғып отыратының
qisyq
qisyqтың футболкасын тікккен
ужс
asaubota
айтпақшы, иә тігу етістігі де жақында қолданыстан шығатын сөздер қатарында екен ғой :)
19852407
возмущатттцсааа ете берме, інішек, жаман әдет :)
Aldeken
Иәәәә, кеше ғана Аршат осы керекшілердің қазақтың қарапайым сөздерін анайыландыру үрдісі туралы айтып отыр еді… ))))))))))))
19852407
ияяяяя, qisyq-тан бастап түзету керек шығар
serjan
кілең етті женді жігіттер жиналыпты, мен де барсамшы.
asaubota
иә, қазір сондаймыз ғой :) бұрын болғанда ғой ана Ләйла сияқты сұлу қарындастардың қасынан шықпас едім, Талғат, Бекжан сияқты бойдақтардың құлағына алтын сырға ;)
serjan
Екі қызда саған жақын отыр ғой бәрібір де.
AKY
Талғатты білмейм де, но Бекжан ағатаймен қосып жіберуге қарсы емеспін :)))
Zilola
хе-хе жеңгетай, Бекжан ағай қарсы емес шығар :)
Zhan
Если что Бекжан маған да ұнады деп отқа май құя түсейін ))))
Bekzhan
Сіздің кеше келіп, жақсы отырыстың куәгері болғаныңыз үшін мен де қуаныштымын. Ұнап жатсам, демек кешегі басқосуға менің де тектен-текке бармағаным ғой, уооооттт… :)
Zilola
Ооой, ағай!
Лейлі ва Бекжан болады деп қуанып отырсам :))
Zhan
Бір қараған кезде адамға өте жылыұшырайтын ерекше қасиетіңіз бар екен.
Bekzhan
Рахмет Zhan. Біраз келген бойда админшырақтың қасына отырып алдыңыз ғой. Біз де дәмелі едік. Жарайды, мойымайық, алда да кездесулер болар деп үміт етемін.
Zhan
Шамалы шустрый болмасақ сізді Ләйла ма АКҮ ма қағып әкетіп жүрсе,… ))))))
Bekzhan
Енді жүрекке әмір жүрмейді ғой. Пешенеге нәсіп болғанынан байқармыз енді. Маңдайға жазылмаса, көндігеміз дағы. Амал нешік. Қазір заман қиын, біреуге ишарат қылсаң, харрассмент деп сотқа береді. Қой, айналайын…
Zhan
Ешкім ешкімді сотқа берейін деп тұрған жоқ )))))))
Bekzhan
Иә, бермей-ақ қойыңызшы.
Aldeken
Иә, бермей-ақ қойыңызшы.
Ужс, деп Қисықтың кампаниясына қосылып қояйын… )))))))))))
Aldeken
Аршат, Нұрғиса, Алмас, сүйінші!!!
Кеше Бекжанның аузынан «тұрақтылық» пен "үйлену" сөздерінің шығуына мәз болып малданып жүрсек… дастарханның қарама-қарсы бетінде орналасқан керекшілердің арасында кәдімгіде телепатиялық деңгейдегі симпатия орын алған ба, қалай өзі…

Пы.сы. Айттым ғо, саған, Аршат, ана сауалнамасы бар тақырыпты қайта көтеретін күн туады деп, бір адамның пікірі үшін… )))))))))))))))))))))))))
Nurgisa
Иә, сүйініп отырмыз, сүйініп :)
AKY
Екі жас бақытты болсын! :)))
19852407
Бекеңді «Жар-жарға» барғызбай-ақ, тост айтқаның ба бұл, @AKY?
Bekzhan
Қойыңыздар е. Ешқандай движение жоқ. Бәріңізге құрметім шексіз. Себебі бәріміз керекинфо атты бәрімізге ортақ ұяның балапанындаймыз. Ал менің жеке персонамды талқылауды доғарсаңыздар екен деген өтініш айтқым келеді. Түсіністік танытқандарыңызға Аллаһ разы болсын!
Zilola
Ағатай еш жаман ой жоқ, кешірім өтінемін.
Бағанағы пікірлерімді қарындасыңыздың еркелігі деп қабылдаңыз, оның үстіне жерлеспіз ғо, сізге шолжаңдамай кімге шолжаңдаймын? :)
AKY
телепатиялық деңгейдегі
Қайдағы телепатия, кеше бәріміздің көзімізше түскі асқа шақырып отырды ғо.
Aldeken
еееее, айтпақыш онда да бір гәп бар екен-ау, жерлес...)))))))))
Aldeken
Беке, ренжімеш, а? )))))))))
Nurgisa
Бәкең нар адам ғой. Дегенмен, құрмет көрсетейік. Аршатпен бірге керекинфоны құрушылардың бірі, қанша дегенмен. Ол кім, біз кім :)
Aldeken
Не ғо, Бекжанмен интернаттың қара нанын бөліп жегенімді алға тартып, өзімсінгенім ғо, Нұреке, айыпқа бұйырмассыз. Жалпы нар тұлғалы болмағанымен нардың жүгін көтерерлік азаматқа қолдау көрсеткеніңіз сәлемденеді… )))))))))
19852407
бірыңғай эмоциялар)))))
AKY
Ибай, я мен нестеп қойдым? :)))
ЗЫ: Шустрыйлығыңда шек жоқ екен :*)
AKY
Өши, ашықтан ашық движение басталыв кетіпті ғо:))))
Nurgisa
Бәкең сақа жігіт қой, ееее…
AKY
Жан да жаман емес :))
balzaminka
Татьяна Ларина осында екен ғо :)

Шустрить етпесең де болмайды бұл заманда, Бекеңді қыздар жақтаған, онымен қоса ел мақтаған :)

Беке, ренжімеңіз, реті келгенде айтылмаған сөз мәкүрік деген екен, содан да айтуға тура келіп отыр :)
Zilola
Татьяна? «Я к вам пишу чего же боле»
«Хат жаздым қалам алып сізге енді ...»
balzaminka
Анна Каренина емес :)
Zhan
Ай, Бальзам өстіп айтып салатының бар да… ))))
19852407
«Жар-жар» бағдарламасындағы жеңгетай ханым Данагүлдің де құлағына алтын сырға таға салсақ қайтеді, а?.. :)
19852407
Сосын AKY&asaubotaны пікір айтушы қонақтар ретінде жібереміз :)
Ар жағында той болып жатса, «жахсе тамадамыз» дайын, бет ашатын домбырашы ағамыз да бар…
Gulistan
Суппер! Кездесулерің салиқалы жиын болыпты! Аршат, Нұрғиса, сайттарың құтты болсын!
Алдекеңді танып қалдым, бұрында КВНда кездескен екенбіз ғой.
Алдекен, танымасаңыз, мен «Жарықбайдан» едім.
asaubota
Керекшілердің жиынында не салиқа болсын? сол баяғы пошлый әңгімелер ғой :)
KILYZAMAN
сол баяғы пошлый әңгімелер ғой :)
— есесіне, астары қалың деп ойлаймын :-)
Aldeken
Айыпқа бұйырмассыз, гүлдеріңізден басқа суреттерді көрмеппін. өзіңізді көрсем тануым бек мүмкін, ал командаларыңыз әрине есімде… Керемет кездер еді…
Gulistan
Әрине! Сол кезде сіз бастаған топ бір ерекше феномен болған.Бір сурет бар еді, тапсам, өзіңізге жібермін. Разминка
Aldeken
Рахмет! табуыңызды шын көңілмен тілеп отырмын деп есетпеңіз.
Erkekyz
О, осы екен ғой жаңа сайт. Құтты болсын! Сайт дами түссін. Суреттер күште. Малика мен Айжан неге бармадыңдар?
Gulistan
Байқағаным, біздің Керектің отырысына стол шақ келмейді екен. Қайда қарасам да, екі-үш столдың басы біріктірулі.
Орта толсын!
Zilola
өйткені майда-шүйде кафелерде жиналамыз :(
Қымбат мейрамхананың ВИП залында кездескенше дейін :)
a63a1
Жақсы отырыс болыпты, Әлемпірес жақсы сайт екен, біраз ақпарат іліпсіңдер. мен сілтеме лақтырып адамдар назарына салып жатырмын.
asaubota
осы посттың тақырыбы аздап күмілжітті. қандай қортынды? :)
Nurgisa
Түһ, ақыры байқады ғой біреу де болса :) Әдейі солай атап ем, ешкім мән бермепті осыған дейін. Пипл хавает :)
Кешегісі жаман емес, жиналғымыз келсе жиналады екенбіз ғой.
Қалада уайфайы бар нүктелердің реестрін жасақтап алатындай екен.
asaubota
жоқ, мен кеше темекі тарту, туалетке бару, кола алып келу, таба алмай тұрғанды алып келу сияқты процесстер кезінде естімей қалдым ба дегенім ғой.
Gulistan
Тым қатты, әрине! Бірақ мәртебелеріңді өздерің көтергеннің еш сөлекеттігі жоқ.
asaubota
не зат қатты?
Gulistan
Тақырыбы қатты, шыңғырып тұр дегенім ғой.
KILYZAMAN
Керекинфо сияқты береі(болашағы) мол, ауқымы кең (Далиған далам дерсің) сайттың бетіндегі жусанды қармай отырып, ыңғайы келгентақырыпты әй шыңғыртқысы келген шығар Нұрекеңнің
Тақырыбы қатты, шыңғырып
:-)
rauka
Осылай бастарың қосылып, құнды дүниелер туыла берсін!!!
balzaminka
Ереке неге көрінбейді соңғы уақытта? Аман ба ол кісі? Құрылтайда көрем ғой деп ойлаған едім, келмеді. Кездесулерге де бармайды :(
Lyaila
"Әлем-пресс" сайтының алғашқы куәгерлерінің бірі болғаныма және Айгерімнің шақыруымен керекшілермен қауышқаныма бек қуаныштымын)))
Қажетті сайт боларына сенім мол! Тек сәттілік!!!
Lyaila
ал, басқосуға келер болсам… енді жоғарыда біраз жайтты талқылап та тастапсыздар… орта толған «керек» кездесу болды деп есептеймін…
VKM
Ал менің мамам келді.Интернетке шықпадым.
Marat
Жігіттердің күйі жаман емес секілді ғой.

Біздер Атырауда сақалды керекші Лоламен кездестік. Алматы-Астрахань сапарында жарты күнге Атырауда аялдаған екен. Жақын уақыттарда Астанаға да барамын деді.
KILYZAMAN
Жігіттердің күйі жаман емес секілді ғой.
-… :-)
TOTY
Жалпы жаман отырыс болмаған сияқты. Сонда, Талғат пен Қисық Астанаға көшіп кеткен ба???
asaubota
Талғат ИПКда оқуда Назарбаев Университетінде. Димаш жұмыс бабымен келген. кеше Әбіләкіммен де кездестік Алдан, Алмас төртеуіміз.
sammita
бөлтіріктер папасын жоғалтып алған жоқ па:)
asaubota
әр нәрсенің өз реті бар ғой, күні бойы жоғалып кеткен жоқпын әрине.
Erlan
Колеса кз сиякты, адам органдарын сататын сайт ашса?
Adiletshu
1-ші суретте сол жақтан үшінші бұрын КВН-шик болды ма