"Хабарғада" шектеулік қойыла ма?)

Жаңа Тимур ағамыздың Туиттерде жарнамалаған «Сонымен солай дейік» бағдарламасын көрейін деп «Хабардың» онлайын трансяциясын ашқан болатынмын. Бұрындары осы жерден еш қиындықсыз футбол көріп жүрген едім. Осы жолы «Хабарымыз» былай деп хабарлады


Сонда «Хабар» СҚО-ны қара тізіміне енгізген бе? Әлде СҚО «Хабарды» қара тізіміне енгізіп жұртқа көрсеткісі келмей ме?

Ғаламторда жолым болмағаннан кейін көгілдір экранды қосып, өлеңі заңды түрде мойындалған Қалқаман ағамыз туралы бағдарламаны көріп шықтым. Поэзия әлемі тағы бір алпауыттың жыр кітабымен толығыпты. Кешке концерт береміз деп жатыр. Уже басталып та кеткен болар. Әттең, әттең! кешіне барып көрермен боп қайтсам ба деген арманым қиылып түсті…

пысы: бір қуанғаным жүргізуші ханым қолына бұрынғыдай А4 қағазын емес, атақты тістелген алманың iPad-ын ұстап жүр екен. «Наконесто» қазақ тілін ғана емес техника тілін де меңгере бастаппыз)
Бөлісу:

28 пікір

meirzhan
«Наконесто» қазақ тілін ғана емес техника тілін де меңгере бастаппыз)
Сонымен солай дейік және солай болатынына сенейік )

Қытайда бір жас бала өз мүшесін айпадқа алмастырып еді, Меруерт екінші жүргізуші Даниярда iPad-қа ауыстырып жібергенге ұқсайды.
FaraOn1
олар екеу ма ед)))эранда сюжет жібергенде артында сойлеп турган сол болганы гой онда. негізі Даниярдын планшеті болмай кап қағазбен эфирге шығуға ұялған секілді)))
FaraOn1
Маке керекинфошниктардын кездесуіне бармадыныз ба?
meirzhan
www.kerekinfo.kz/blog/astanalyk/5730.html#comment121059
Мынаны оқып барып келгендей болдым.
meirzhan
Ұялған жоқ, ренжіп А4-терді жыртып тастапты дейді көргендер :)
FaraOn1
Кордин ба Турсынбек эфир бойы Айпадтан козин алмай отырды)))
meirzhan
Жоқ, бұл эфирды көрмеппін. Қалта телефонмен кіріп отырсың ба? Акцентің ұрып тұр ғой
FaraOn1
жоқ) агентоманияның ауруы ғой.
FaraOn1
әмбесе «с» әрпі түсіп қалған ноутымда, енді саусақтарым шайтан арбаның педалі сиақты прокрутка бола беріп тұр
balzaminka
ал, Мереке, іске сәт :)
meirzhan
Бүгін былай да минус көп қойылған күн ғой. Война войной, обед обедом. :) Күнді бейбітшілікпен аяқтайық. :)
balzaminka
әділетті болған адам әрқашан да әділетті болуы керек. Айтам ғо, әділетсізсіңдер деп, қатты айтты деп ренжіме. Көңілім болып тұрса көз жұма салам, ашуым келгенде жойып жіберем болып тұр ғой. Олай болса, Айгүлге мораль оқуға еш моральді құқықтарың жоқ. Мереке, жалғыз саған айтқаным емес, еш ренжімегін, мақұл ма?
TERISKEY
Меруерт деген кім, Меке? Мейрамгүл Мәделі?
AKA
Меруерт деп шатасып кеткен болуы керек, Мейрамгүл Мәдәлі ғой негізі
meirzhan
Иә, Мейрамгүл Мәдәлі. Шатасып кеттіппін :)
FaraOn1
Дегенмен онлайында неге хабарды коре алмадым? мұндай тек бізде ғана ма?
balzaminka
Индияда көрсетіп тұрған жоқ, Сіз үшін әдейі тексердім ;)
FaraOn1
ооо мына тұрған СҚОға шамасы жетпей жатса, Индияға иісі де бармайтын шығар)))
FaraOn1
шляпамды шештім мейірімділігіңіз үшін)
balzaminka
қойыңыз енді, салқындап қалып жүрсеңіз тағы, тез киіп алғайсыз ;)

Сіз үшін дегенім, менің байланыс операторым жәй қозғалады да, оның үстіне ол сайтты қарамайтын едім, бар болғаны сол :)
FaraOn1
мен де тек футбол ушин фристайл жасап кетем болд
bazuka
менде қарағам жоғарыда сіз көрсеткендей жазылып тұр. еларна көрсетіп тұр бірақ
FaraOn1
Еларнаға сменасын берген екен ғой. Бұған дейін менде еларна корсейтпейтін)
asaubota
Хабарды тек Қазақстан территориясында қарауға болады. шетелдерде көрсетпейді деп білемін. және трафикті көп жейді деп жұмыс орындарында админдер жауып тастауы мүмкін. кеше ғана sigma екеуіміз осы тақырыпты сөйлескенбіз, жұмысында видеостримді қалай жабу керегі туралы айтқам оған.
FaraOn1
мен ойлағам ғо СҚО «богом забытое место» болғасын сөйтіп жатқан шығар деп)))
balzaminka
jok, burn korsetetn. Negizi kz kanaldar online korsete beretn, ort go korsetpeitn
FaraOn1
Догарыда Аршаттың айтқаны рас сияқты)))