Тағдыр сыйы...

Шешесіне баласының бұл түрін көру қиын тиді. Әкесіне тартқан атжақтылау ұлының жағы сәл суалғандай ма, көзінің нұры тайып, иығы қушиып кетіпті. Ұлы жұдырығымен аузын баса жөтеліп, сол қолымен бас киімін умаждай ұстап қарсы алдына отырды. Шешесі көзіне келген жасты көрсетпеуге тырысып жанарын терезеге аударды. Әріректе қара киім киген адамдар алаңға түскен жапырақтарды қараған сыпырғышпен сыпырып жүр.
-Жоғарғы сотқа арыздандым, жақында сот болып шешім өзгеріп қалар…
-Бекер әуре болғансыз… Бекерге өз уақытыңызды кетіресіз. Мында да келмей-ақ қойғаныңызды айтып ем ғой. Сегіз жыл шыдасаңыз өзімде барамын ғой.
-Балам-ау,«жыламаған балаға емшек бермейді» ғой. Сенің жазығың жоқ екенін айтып шырылдап ара түспесем АНА деген атты не үшін арқалап жүрмін?
-Рахмет, бірақ мен енді ешқандай әділдік дегенге сенбеймін. Әкемнің өлімі әділ ме? Әкемді өлтірген жанның тайраңдап жүруі әділдік пе? Аңға өзі алып шығып, байқамай әкемді атып алдым деп алдымызға келгенде кешірген өзіңіз едіңіз. Енді сізді қорламақ болғанда жігіттік намысым жібермей жұрт алдында жағынан бір ұрғанымды көтере алмай мені мында тоғытты. Шеше, әуре болмаңыз.Тірі болсам өзім іздеп келермін.Мені уайымдамаңыз.Қалған ғұмырыңызды жалғыз қарындасыма арнаңыз.
Жиырмаға толмаған бала жігітті тікенек сымдар қоршаған мына әлем алты айдың ішінде қатты өзгертіп жібергендей. Әкесі ауданға сыйлы полиция полковнигі еді. ешкімді жазықсыз жылатпауға тырысатын. Қарамағындағылардың да ешкімге тіс батырмауын қадағалап отырушы еді. Өзімен бірге аңға шыққан майор үш сағаттан соң қанға бөккен денесін үйге алып келерін білді ме екен ол сол кезде? Өзіне оқ атқан адамның қазір өз орнында отырғанын, жалғыз ұлын темір тордың әр жағына жазықсыз жауып жібергенін мүмкін төбеден бақылап тұрғанда болар…
Күйеуі қаза болған соң, жұмыс тауып беруін өтініп әлгі майордың алдына барды.Басқа жұмыстың ыңғайы келгенше деп аудандық ІІБ еденін жуушылыққа қабылдады. Оған да көнді. Күндер өтіп жатты. Облыстан комиссия келді. ІІБ бастығы бұны өз кабинетіне шақырды. Содан соң полковник шеніндегі бұжыр бет дәу қараға қарап:
-Мынау, баяғы сізге көнбеген полковник Айбатовтың жесірі, қазір біздің еден жуушымыз — деп қарқ, қарқ күліп кеп бұның етегін түріп жіберді. Қорлыққа шыдай алмай кабинеттен жылап шыққан беті үйге жылап кірді. Колледждің соңғы курсында оқып жүрген ұлының сұрақтарына да жауап бермеді. Ұлы үндемей киімін киіп сыртқа шығып кеткен. Оған айтпағаны дұрыс болмапты. Баласын Ана ретінде алдын ала қорғай алмапты бұл бейбақ. Жұмыстас келіншектен мән-жайды естіген ұлы кабинетінде комиссиямен қоса ішімдік ішіп отырған майордың жағасына жармасыпты…

Суретке сілтеме
Бөлісу:

8 пікір

a63a1
немен аяқталды сонымен?
ferdaus
немен аякталганы жазылып тур гой
a63a1
мені бұлай аяқталғаны қанағаттандырмайды
Abilakim
солай әлі
Gulistan
Өмірден алынған оқиға ма?
Өмірде әділетсіздіктің дәмін татып жүргендер қаншама?!
Armanjan
Бүгінгі қоғамның ащы шындығы, міне 20 жылда жеткен жетістігіміз. Қаншама жазықсыз жандар қуғын көруде, ал заңды белшесінен басып жеңұшынан сыбайласқандар тайраңдар жүр.
Gulzhanat

Ауылда, көшенің басында тұратын бір жігітті тәуелсіздіктің 20 жылдығының құрметіне амнистировать етіп еді. Босағанына екі апта өтпестен дүкен тонап, адам өлтірді.Соны босатпағанда ғой, екі кішкентай әкесіз қалмас еді.