Ажырасу статистикасы
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40 982-сі ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен.
Сананы тұрмыс билейді!
Қалай дегенмен де, фиктивный брак дегеніңіз де бұлыңғыр түсінік пе қалай?
Содан соң осы қазақты, әсіресе, қазақ тілді қазақты бөлуді қояйықшы а…
Елдің қай жағында болмасын ауылдың қазағының түсінігі, мәдениеті әдет-ғұрпы бір, мен бұл мәселеде ауыл-қала деп қарастыратын едім, екіншіден, заманның ағымы деген бар.
Кім бөліп жатқан? Ауыл дейсіз, солтүстіктің ауылына келін боп түскен қыздардың әңгімесін тыңдасаң мүлдем ужас, оңтүстіктіктер «курят в сторонке».
Фиктивный брак неге көп? Өйткені, жас отбасы бағдарламасымен үй алғысы келетіндер көп. Аларын алып болған соң, еркін ажыраса салады.
Оңтүстік ажырасу туралы статистикаға ілінбейді, өйткені онда екінің бірі заңды түрде некесін тіркетпейді. кімнің байы үйінен кетіп жатыр, келіп жатыр, АХАЖ да, сот та білмейді.
Содан кейін оңтүстіктің әйелдері шынымен көнбіс келеді ғой. Күйеуі тоқал алып, сонымен рахатттанып өмір сүріп жатса да, сол үйдің сиырын сауып, күлін шығарып жүре береді, тірі жесір болып. Бірақ ажыраспайды.